Казахи Северного Приаралья в XIX начале XX вв. (историко-этнографическое исследование) 07. 00. 07 Этнография, этнология и антропология



бет5/5
Дата29.06.2016
өлшемі0.87 Mb.
#166379
түріАвтореферат
1   2   3   4   5

БЕКНАЗАРОВ РАХЫМ АҒЫБАЙҰЛЫ
XIX ғ. – XX ғ. бас кезіндегі солтүстік Арал аймағы қазақтары

(тарихи-этнографиялық зерттеу)
07.00.07 – Этнография, этнология және антропология
Тарихи-этнографиялық зерттеу болып табылатын диссертациялық жұмыста XIX ғ. ортасы – XX ғ. бас кезіндегі солтүстік Арал аймағы қазақтарының, дәлірек айтқанда, этностың басым бөлігінің көшпелі мал шаруашылығынан жартылай көшпелі шаруашылыққа өту кезеңіндегі, яғни, жартылай отырықшы шаруашылыққа көшу кезеңіндегі тарихы және мәдениеті қарастырылады.

Зерттеу жұмысы этнографиялық және тарихи дереккөздердің, мәдениеттану, архитектура, және археология секілді т.б. салалармен өзара тығыз байланыста қарастырылғандықтан, негізгі қағидалар далалық экспедициялық зерттеулер, мұрағаттық-библиографиялық, тарихнамалық кешенді зерттеулерге негізделген.

Диссертацияда кең-байтақ солтүстік Арал өңірін мекендеген қазақтардың тарихы мен мәдениетіне байланысты сирек кездесетін этнографиялық дереккөздері Қазақстан этнология ғылымында алғаш рет ғылыми айналымға енгізілді.

Диссертациялық зерттеу жұмысының мақсаты көшпенділік мәдениетінің күйреп, қазақтардың жаңа өмір салты, тіршілік бағдарының қалыптасуы, олардың жартылай көшпелі және жартылай отырықшы мәдениетіне бейімделуі жағдайында қазақ мәдениетінің өзгеруінің тарихи ерекшеліктерін анықтау мақсатындағы кең ауқымды дереккөздерді сараптау (анализ).

Зерттеудің әдістемелік негізі дәстүрлі салыстырмалы және теориялық сараптама, далалық этнографиялық экспедициялық зерттеулер мен қатар, тарихи фактілер мен оқиғаларды пәнаралық зерттеу тәсілдерімен тарихи зерттеудің түрлі әдістерін қамтыған кешенді зерттеу болып табылады. Диссертацияда көрсетілген тарихи анализдік және салыстырмалы зерттеулермен қатар, Қазақстанда жаңа қалыптасып келе жатқан этноархеология, тарихи ескерткіштану, этноархитектура, этнолингвистика т.б. ғылыми бағыттарға тән зерттеу тәсілдері пайдаланылды. Этнографиялық деректеме жазба деректер, мұрағат деректерін, шежіре, фольклор, ел арасынан ауызша жиналған деректермен шендестіре зерттелді.

Қорғауға ұсынылған қағидалар

– Солтүстік Арал ауданының тарихи-мәдени ерекшеліктері (айрықша физикалық-географиялық ерекшеліктері аясында) жекелеген тарихи кезеңдерде бұл субаймақ қазақ даласының этносаяси тағдырында, зерттелу аймағын мекен еткен қазақтардың тарихы мен мәдениетінде аса маңызды рөл атқарғаны анықтады.

– мұрағаттық-библиографиялық, далалық этнографиялық ізденулер негізінде XIX ғ. ортасы – XX ғ. бас кезіндегі солтүстік Арал өңірі қазақтарының жартылай отырықшылыққа көшу кезеңіндегі мәдениетінің қалыптасуының аймақтық ерекшеліктері айқындалды.

– жартылай көшпелі және жартылай отырықшылыққа өту, мал басының азаюы тұрғындардың біршама бөлігінің егіншілік, шөп шабу секілді шаруашылықтың басқа түрлерімен шұғылдануына байланысты, таралу аймағы ерекшеліктері және дәстүрлі көшпелі мал шарашылығындағы өзгерістері анықталды.

– этнографиялық дереккөздеріне сараптама солтүстік Арал өңірі қазақтарының тұрақты және уақытша тұрақтарының жаңа жүйесінің пайда болу және қалыптасу себептері, олардың шаруашылық-экономикалық жағдайларға, қоршаған ортадағы өзгерістер, құрылыс материалдары, жаңашылдыққа байланысты өзгерістер секілді алғышарттардың мол шоғырын (спектрін) көрсетті.

– нарықтық қатынастарға, көшпелілік мал шаруашылығынан жартылай көшпелі кейін жартылай отырықшылыққа өту жаңа мәдени-шаруашылық іс-әрекеттерді (аң аулау, балық аулау, ағаш, тас, сүйек өңдеу) қолөнер кәсібі мен кәсіпшілік түрлерін туғызды.

– аймақ қазақтарының мәдени-шаруашылық қызметіндегі кәсіпшіліктің ерекше салаларындағы өзгерістер шөп шабу, үй тұрғызу, кірешілік кәсібінің, делдалдық сауданың қалыптасуының себептері мен салдарының (нәтижесінің) өзгерістерін анықтады.

– солтүстік Арал аймағы қазақтарының дәстүрлі тұрмыс мәдениетін сараптау ұлттық тағам түрлері мен киім кешек үлгілерінде жаңа элементтердің пайда полуы секілді күнделікті тұрмыстағы өзгерістерді ашып көрсетуге мүмкіндік берді.

– этнографиялық, этноархитектуралық экспедициялық зерттеулер тарих ғылымында бүгінге дейін беймәлім болып келген қазақ жерлері аумағындағы архитектуралық ескерткіштер, қазақ халқының XIX – XX ғ. бас кезіндегі күмбездер легін ашып берді.

– солтүстік Арал аймағынан табылған ғұрыптық ескерткіштер жартылай көшпелі ортада ислам мәдениетінің қалыптасуы, XIX – XX ғ. бас кезіндегі солтүстік Арал аймағын мекендеген қазақтар арасында басқа да діни ағымдардың таралуының сырын ашып берді.

Зерттеу нәтижелері:

– мұрағаттық-библиографиялық деректер, далалық этнографиялық ізденулер негізінде XIX ғ.ортасы – XX ғ.бас кезіндегі солтүстік Арал аймағы қазақтарының мәдениетінің қалыптасуының аймақтық ерекшеліктері анықталды;



– жартылай көшпелі және жартылай отырықшылыққа өтуге байланысты солтүстік Арал аймағы қазақтарының таралу аймағы ерекшеліктері және дәстүрлі көшпелі мал шаруашылығындағы өзгерістер анықталды;

– тұрғындардың біршама бөлігінің егіншілікпен, дәнді-дақылдар өсіру мен айналысуына байланысты аймақ қазақтарының шаруашылықтағы өзгерістерінің себеп-салдары анықталды;

– тарихи дереккөздерін сараптау негізінде солтүстік Арал аймағы қазақтарының тұрақты және уақытша тұрақтарының жаңа жүйесінің пайда болу және қалыптасу себептері, қолданыстағы құрылыс материалдары, қоршаған ортадағы өзгерістерге, аймақтық және жалпы экологиялық өзгешеліктеріне байланысты өзгерістер секілді алғышарттардың мол шоғыры (спектрін) көрсетілді.

– жаңа нарықтық қатынастарға көшу, көшпелі мал шаруашылығынан отырықшылыққа өтуге байланысты мәдени өмірдегі өзгерістер аң аулау, балық аулау кәсіпшілігі мен ағаш, тас, сүйек, мүйіз өңдеу секілді қолөнер кәсібін алға қойғаны дәлелденді.

– көшпелі мал шаруашылығынан отырықшылыққа өту себебінен көшпелілер шөп шабу, кірешілік кәсібі, сауда-саттықпен айналысып, мал өнімдерінің азаюынан күнделікті тұрмыста шәй, нан, ұннан жасалған тағамдарды пайдаланды.

- этнографиялық, этноархитектуралық экспедициялық зерттеулер тарих ғылымында бүгінге дейін беймәлім болып келген көптеген архитектуралық ескерткіштерді, қазақ халқының XIX – XX ғғ. бас кезіндегі күмбездер легін ашты.



– солтүстік Арал өңірінен табылған ғұрыптық ескерткіштер жартылай көшпелі ортада ислам мәдениетінің қалыптасуы, XIX – XX ғ. бас кезіндегі солтүстік Арал өңірін мекендеген қазақтар арасында басқа да діни ағымдардың таралуының себебін толық ашып берді.

Жұмыстың құрылымы. Диссертациялық жұмыс екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім кіріспеден, бес тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Диссертацияның екінші бөлімі карталар, құрама кестелер, схемалар, фото-бейнелер және суреттерден тұратын альбом ретінде берілген.




Beknazarov Rakhym Agibayevich
The Kazakhs of Northern Aral Sea in XIX – the beginning of XX centuries (historic-ethnographic research)
07.00.07 – Ethnography, ethnology and anthropology
The research work which is first of all, ethnographic (historic-ethnographic) research, investigates the history and culture of the Kazakhs of Northern Aral Sea the middle XIX – beginnings XХ centuries, exactly at a stage of transition of a considerable part of ethnos from a nomadic economy to seminomadic way, i.e. at a historical stage of transition of semisettled way of life. The research work is constructed on interdisciplinary studying of ethnographic and historical sources, in interrelation with given sources of cultural science, architecture, archeology and other disciplines, its basic conclusions are based on an extensive complex of field ethnographic investigations, archive-bibliographic, history-graphic sources. For the first time in Kazakhstan ethnology introduced the number of unique ethnographic sources in history and culture of the Kazakhs in extensive territory of Northern Aral Sea.

The purpose of the research is the analysis of a wide range of sources for revealing historical features of changes in Kazakhs culture at a stage of destruction traditional nomadic culture, formation of new values of a life, reference points of ability to live of the former nomad, their adaptation to seminomadic and semisettled culture.

Methodological basis of the research, along with such traditional methods as the comparative and theoretical analysis, field ethnographic forwarding researches, acts the complex approach, which unites various methods of historical investigations with techniques of interdisciplinary studying of historic facts and the phenomena. Besides the methods of the historical analysis, comparative investigations in this research work, which were listed above, the procedures of such new disciplines, formed in Kazakhstan, as ethnoarcheology, historical monuments introduction, ethnoarchitecture, ethnolinguistics and other scientific directions were used. In the dissertation work the ethnographic source was studied through the analysis of written, contemporary records, and through verbal and written materials of national history (shezhire), folklore, oral knowledge of informants.

The positions which are taken to the defence:

– the basic historical and cultural features of North Aral area ( the expressed physic-geographical features) have defined, that during the separate historical periods the sub region had rather important role in ethno-political destiny of steppe region, in history and culture of the Kazakhs in investigated territory;

on the basis of archive-bibliographic information, field ethnographic researches, the regional features of formation of the Kazakhs culture of Northern Aral Sea at a transition stage to semisettled way of life in the middle of XIX – beginning XХ centuries are revealed.

– areal features and changes in a traditional nomadic economy of the Kazakhs of Northern Aral Sea with transition to a seminomadic-semisettled way of life, reduction of a cattle livestock, transition of some part of the population to other kinds of an economy as agriculture, mowing are specified.

– the analysis of ethnographic sources the wide spectrum of premises, the reasons of formation and making a new system of temporary and stationary settlements of the Kazakhs of Northern Aral Sea has shown; their variability with the new economic conditions, ecology, building materials, innovations.

– transition to market relations, changes with transition from "pure" nomabism to seminomabism, and then to semisettled way of life, have put a new nonconventional kinds of economic-cultural activity of the population in the sphere of crafts and trades (hunting, fishery, tree handling, a stone, a bone and a horn).

– changes in specific branches of economic-cultural activity, the Kazakhs crafts of region have revealed causes and formation effects of mowing, house building, taxi-driving, intermediary trade;

– the analysis of traditional-household culture of the Kazakhs of North Aral area, has allowed to take into account the changes in a daily life – adoption of a new elements in national kitchen, clothes;

– studying ethnographic, ethnoarchitectural forwarding researches revealed a wide number of architectural monuments, which are still unknown to a historical science, memorial architecture of the Kazakhs XIX – beginnings XХ centuries, as markers of the Kazakhs territory;

– the cult monuments of Northern Aral Sea have allowed to take into account the formation of culture of the Islam in seminomadic environment of the steppe population, spreading of those or other religious currents among the Kazakhs of Northern Aral XIX – beginnings XХ centuries are revealed.



Results of the research:

– on the basis of archive-bibliographic information, field ethnographic researches, the regional features of formation of the Kazakhs culture of Northern Aral Sea XIX - beginning XХ centuries are revealed;

– areal features and changes in a traditional nomadic economy of the Kazakhs –cattle breeding of Northern Aral Sea with transition to a seminomabism -semisettled way of life are specified;

– the reasons of changes in the Kazakhs economy of region with transition of a part of the population to agriculture, manufacture of grain crops are found out;

– on the basis of the analysis of historical sources the wide spectrum of premises, the reasons of formation and making a temporary and stationary settlements of the Kazakhs of Northern Aral Sea has shown, their variability, proceeding from presence of a building material, district features, as a whole ecology and region environment;

– transition to a new market relations, changes in culture with transition from nomabism to other kinds of activity, have put a new nonconventional kinds of activity in such crafts and trades of the Kazakhs, as hunting, fishery, tree handling, a stone, a bone and a horn;



– a removal from nomadic cattle breeding have involved nomads to such nonconventional kinds of activity as mowing, taxi-driving, trade, and as a whole crisis of the Kazakh cattle breeding, reduction of products of cattle breeding activity have included in a daily life such products as tea, bread, flour products;

– the analysis of ethnographic, ethnoarchitectural forwarding researches revealed a wide number of architectural monuments, which are still unknown to a historical science, memorial architecture of the Kazakhs XIX – beginnings XХ centuries;



– the cult monuments of Northern Aral Sea have allowed to take into account the formation of culture of Islam in seminomadic environment of the steppe population, spreading of those or other religious currents among the Kazakhs of Northern Aral Sea XIX - beginnings XХ centuries are revealed.

Dissertation structure. The research work consists of two parts. The first part includes text material of the introduction, five chapters, the conclusion, the list of the used sources and appendices. The second part of the dissertation work represents an album in which cards are included, summary tables, schemes, photo illustrations and drawings.





БЕКНАЗАРОВ РАХЫМ АГИБАЕВИЧ
Казахи Северного Приаралья в XIX – начале XX вв.

(историко-этнографическое исследование)
07.00.07 – Этнография, этнология и антропология
АВТОРЕФЕРАТ
диссертации на соискание ученой степени

доктора исторических наук

Подписано в печать 23.11.2010 г.

Формат 60х84/16. Бумага «Снегурочка».

Печать «RISO». Обложка «Colorit».

Усл.п.л. 3. Тираж 100 экз.

Заказ № 99.
Отпечатано в издательстве «Тарих тағылымы»

тел.: +7 (727) 277 53 49

+7 702 575 95 16









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет