№2 дәрістің тақырыбы: Ғылыми зерттеулер және ғылым парадигмасы.
Ғылым әдіснамасы - грек тілінен «methodos», яғни зерттеуді тану жолы және
«logos» - ұғым, ілім деген мағынаны білдіреді. Яғни ғылым әдіснамасы деп ғылыми
зерттеуді ұйымдастыру әдістері және құру принциптерінің жүйесі аталады. Тура
мағынасында әдіснама - ғылыми таным әдісі.
Әдіснаманың қҧрылымы:
1. Зерттеудің әдістемесі және техникасы.
2. Нақты-ғылыми әдіснама.
3. Жалпы ғылыми әдіснама.
4. Философиялық әдіснама.
Әдіснама деңгейлерінің мазмҧны:
1. Ғылыми зерттеуді құру және жүргізу принциптері.
2. Нақты ғылымды құру және жүзеге асырудың принциптері.
3. Ғылыми білімді құрудың жалпы принциптері.
4. Жалпы дүниетанымдық позиция ғылымның интерпретациялық негізі ретінде.
Негізгі әдіснамалық проблемалар:
1. Әдіснаманың әртүрлі деңгейлерін жүйелі қарастыру.
2. Ғылымның категориялық-ұғымды аппаратын зерттеу.
3. Ғылыми зерттеудің кезеңдері мен процедурасын талдау.
4. Практикалық іс-әрекеттің әдістерін құру және негіздеу.
Достарыңызбен бөлісу: |