Казахская академия труда и социальных отношений


№3 дәрістің тақырыбы: Психологиядағы эмпирикалық әдістер



Pdf көрінісі
бет15/50
Дата02.01.2022
өлшемі0.98 Mb.
#452297
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   50
Экспериментальная психол. каз.

№3 дәрістің тақырыбы: Психологиядағы эмпирикалық әдістер. 

Қазіргі заманғы ғылымның әдістері теориялық және эмпирикалық әдістерге бӛлінеді. 

Ӛзіндік  жеке  әдіс  ретінде  модельдеу  әдісін  атауға  болады,  сонымен  қатар 

интерпретациялық әдісті осылардан бӛлек  қарастыруға болады. Эмпирикалық зерттеулер 

теориялық  құрылымның  дұрыстығын  тексеру  үшін  жүргізіледі.  Зерттеуші  эмпирикалық 

зерттеудің  мәліметтерін  ӛңдеу  және  жалпылауда  график,  таблица,  формулаларды 

қолданады. Теориялық зерттеулерде зерттеу объектісіне логикалық талдау жасалады. 

Жалпы ғылыми эмпирикалық әдістің түрлері: 

1.  Бақылау. 

2.  Эксперимент. 

3.  Ӛлшеу. 

Бақылау  –  кейбір  ғылым  саласында  эмпирикалық  әдіс  болып  саналады.  Бақылау 

жүргізілетін  ғылым  ретінде  астрономия  ғылымын  атауға  болады.  Бақылау  әдісінің 

этология (жануарлардың қылығы туралы ғылым), физика, химия, биология ғылымдарында 

ролі  ерекше.  Бақылаудың  идиографиялық  тәсілі  тарих  және  психология  ғылымдарында 

кең қолданылады. Осы тәсілге қарама-қарсы – номотетикалық тәсілді атауға болады, бұл 

объектілердің  ӛмір  сүруі,  ӛзара  іс-әрекеті  және  дамуының  жалпы  заңдарын  анықтайтын 

зерттеу әдісі болып табылады. 

Бақылау  –  зерттелетін  объектіні  мақсатты  ұйымдастырылған  және  реттелген  түрде 

қабылдау.  Бақылау  техникалық  құралдарды  қолдану  арқылы  жүргізіледі.  Оның  кӛмегі 



 

703-2015 форма. УМКД бакалавриат ПОӘК. Үшінші басылым

 

 

арқылы  жай,  қалыпты  жағдайда  кездесетін    құбылыстарды  анықтауға  болады.  Бақылау 



кезінде зерттеуші объектіге тікелей әсер ете алмайды, оның қабылдауынан тыс  әрекетін 

анықтай алмайды. 

Бақылау әдісінің негізгі ерекшеліктері: 

1.  бақылаушы мен бақыланатын объектінің тікелей байланысы; 

2.  бақылаудың эмоционалды жағдайы; 

3.  қайта бақылаудың қиындығы. 

Жаратылыстану ғылымында бақылаушы зерттелетін құбылыс немесе процеске әсер 

ете алмайды. Психологияда бақылаушы мен бақылауға алынушы арасында ӛзара іс-әрекет 

жүзеге асады. Бақылау мен ӛлшеу  әдістерімен салыстырғанда, эксперимент сыртқы орта 

ерекшеліктері мен құбылыстар арасындағы тәуелділікті  анықтауға және арнайы жасалған 

жағдайда шынайы ӛмір құбылыстарын қайта жаңғыртуға мүмкіндік береді. 

Ӛлшеу  –  табиғи  және  арнайы  жағдайда  жүргізіледі.  Ӛлшеудің  эксперименттен 

айырмашылығы,  зерттеуші  объектіге  әсер  етуге  ұмтылмайды,  бірақ  оның  сипаттамасын 

объективті  түрде  анықтайды.  Ӛлшеу  объекті  мен  ӛлшеу  құралының  ӛзара  іс-әрекет 

барысында жүргізіледі. Ӛлшеу әдісі  корреляциялық зерттеуде қолданылады. Ӛлшеуді кей 

кезде операция ретінде қарастырады. 

Әдістемелік тұрғыда ӛлшеу – құралдың ӛзгерісін тіркеу негізінде объектінің қалпын 

тіркеу  болып  саналады.  Объектіге  сандық  ӛлшеу  жасауда  шкаладағы  сандар  құралдың 

кӛрсеткіші  емес,  объектінің  сандық  сипаттамасы  болып  табылады.  Ӛлшеу  әдісін 

объектінің  ӛлшеу  құралымен  ӛзара  іс-әрекетін  ұйымдастыру  жолымен  оның  жағдайын 

немесе қасиеттерін анықтауға бағытталған эмпирикалық әдіс ретінде қарастыруға болады. 

Құрал  ретінде  ұзындықты  ӛлшейтін  сызғыш,  зерттеушінің  ӛзі  бола  алады.  Бірақ  

инструменталды  ӛлшеуде  психолог  зерттеуші  ӛлшеу  әдістемесін,    мысалы  интеллектіні 

анықтауға арналған тестіні қолданады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет