Ғылыми зерттеудің қҧрылымы:
1. Әдістеме – зерттеу техникасы.
2. Әдіс – зерттеуді ұйымдастыру әдісі.
3. Әдіснама – зерттеудің принциптер жүйесі.
Ғылыми зерттеудің кезеңдері:
1.
Ғылыми проблема қою – зерттеушінің ғылыми қызығушылық аумағын
қалыптастыру, негізгі мәселелерді анықтау. Зерттеу тактикасын құру, оның жалпы
болжамын құру. Зерттеу объектісі мен пәнін анықтау. Жалпы зерттеу мақсатын құру.
2.
Проблеманы теориялық талдау - әдебиеттерді талдау, зерттелетін
құбылыстардың авторлық моделін құру, проблеманы нақтылау.
3.
Болжам құру – ғылыми ұсыныстар (болжамдар) жүйесін құру, міндеттерде
жалпы мақсаттарды нақтылау.
4.
Зерттеуді жоспарлау және жүргізу – зерттеу бағдарламасын құру, әдістер
мен техниканың процедураларын таңдау. Зерттеуді жүргізу.
5.
Алынған нәтижелерді талдау және интерпретациялау – нәтижелерді сапалық
және сандық талдау, олардың статистикалық мәнін тексеру, зерттелген фактілерді
түсіндіру және зерттелген құбылыстардың белгілі заңдылықтарын құру.
6.
Тұжырым жасау – теория мен эмпириканың арақатынасы. Зерттеудің
нәтижелерін жалпылау және практикалық нұсқаулар жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |