Казахская академия труда и социальных отношений



Pdf көрінісі
бет9/50
Дата02.01.2022
өлшемі0.98 Mb.
#452297
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   50
Экспериментальная психол. каз.

Дәрістер тезистері 

№1 дәрістің тақырыбы: Эксперименталды психологияға кіріспе.  

ХІХ  ғасырдың  аяғында  психикалық  құбылыстарды  зерттеудегі  эксперименталды 

әдістерді  қолдану  психологияның  дербес  ғылым  ретінде  қалыптасуына  және  философия 

ғылымынан  бӛлінуіне  себепкер  болды.  Осы  кездегі  барлық  ғылыми  психология 

эксперименталды болып саналды.  

Эксперименталды  психология  –  психологиялық  экспериментті  жоспарлау,  жүргізу, 

нәтижелерді ӛңдеу және интерпретациялаудың принциптері мен әдістері жүйесін құратын 

психология ғылымының саласы. 

В.Н.Дружинин  эксперименталды  психология  пәнін  түсіндірудегі  негізгі  тәсілдерді 

қарастырды: 

1.  Эксперименталды  психология  –  адамдар  мен  жануарлардың  мінез-құлқы  мен 

қылығын  эксперименталды  зерттеу  негізінде  алынған  білім  жүйесі  ретіндегі  ғылыми  

психология. Аталған ғылым саласы философиялық, интроспективті психологияға қарама-

қарсы  ғылыми  сала  болып  саналды.  Оның  кӛрнекті  ӛкілдері:  В.Вундт,  С.Стивенс, 

П.Фресс, Ж.Пиаже. 

2.  Эксперименталды  психология  –  нақты  зерттеулерде  жүзеге  асырылатын 

эксперименталды  әдістер  мен  әдістемелер  жүйесі.  Оның  кӛрнекті  ӛкілдері:  М.В.Мэтлин, 

Г.И.Челпанов, Ф.Готтсданкер. 

3.  Эксперименталды  психология  –  психологиялық  зерттеу  әдістері  мәселелерін 

біртұтас  зерттейтін  ғылым  саласы.  Оның  кӛрнекті  ӛкілдері:  В.Н.Дружинин,  Д.Мартин, 

Р.Соло, Х.Джонсон, К.Билл, Т.В.Корнилова. 

4.  Эксперименталды  психология  –  эксперименттің  жалпы  ғылыми  теориясына 

негізделген  және  оның  құрамына  мәліметтерді  жоспарлау  және  ӛңдеу  енетін 

психологиялық  эксперименттің  теориясы.  Оның  кӛрнекті  ӛкілдері:  Д.Кэмпбелл, 

Ф.Дж.Мак-Гиган. 

Эксперименталды психологияның негізгі міндеттері: 

психологиядағы  эксперименттің  әдіснамалық  және  теориялық  негіздерін 



құрастыру; 

эксперименталды жоспарлар мен процедураларды құру



психологиялық эксперименттің нәтижелерінің статистикалық мәнін талдау, 

интерпретациялау және тексеру әдістерін таңдау; 

эксперименталды процедуралардың тиімділігін бағалау; 



эксперименталды 

мәліметтер 

мен 


теориялық 

ережелердің 

ӛзара 

байланысын талдау. 



Психология эксперименталды ғылым ретінде 18 ғасырдың ортасы мен 19 ғасырдың 

аяғында қалыптаса бастады. 19 ғасырдың бірінші жартысында неміс философы, педагогы 

және  психологы  И.Ф.Гербарт  (1776-1841)  психологияны  метафизика,  тәжірибе  және 

математикаға  негізделуі  қажет  дербес  ғылым  ретінде  таныды.    Гербарт  негізгі 

психологиялық әдіс ретінде экспериментті емес, бақылауды атады. 

Неміс физиологы, физигі және философы Г.Т.Фехнер (1801-1887) ғылымның барлық 

салаларында  жетістікке  жетті,  бірақ  тарихта  психолог  ретінде  қалды.  Ӛзінің 

зерттеулерінде  Лейпциг  университетінің  физиология  кафедрасындағы  әріптесі 

Э.Г.Вебердің  ашқан  түйсіну  мен  қоздырудың  арасындағы  тәуелділікке  сүйенді. 

Нәтижесінде Фехнер ӛзінің атымен аталған атақты логарифмдік заңды құрастырды және 

жаңа ғылыми пәннің – психофизиканың негізін қалады. Фехнер бірнеше эксперименталды 

әдістерді  құрастырды,  оның  үшеуі  классикалық  әдіс  деп  аталады:  минималды  ӛзгерістер 

әдісі  немесе  шекара  әдісі;  орта  қате  әдісі  немесе  теңестіру  әдісі;  тұрақты  қоздырғыштар 

әдісі  немесе  констант  әдісі.  Фехнердің  негізгі  еңбегі  1860  жылы  жарық  кӛрді  және 

«Психофизиканың  элементтері»  деп  аталды,  бұл  еңбек  эксперименталды  психология 

бойынша алғашқы еңбек болып саналады. 

Психологиялық 

эксперименттің 

дамуына 

үлкен 


үлес 

қосқан 


неміс 

жаратылыстанушысы  Г.Гельмгольц  (1821-1894)  болды.    Ол  физикалық  әдістер  арқылы   




 

703-2015 форма. УМКД бакалавриат ПОӘК. Үшінші басылым

 

 

нерв 



талшығындағы 

қоздырғыштардың 

таралу 

жылдамдығын 

ӛлшеді 

және 


психомоторлық  реакцияларды  зерттеуді  алғаш  бастады.  Оның  атақты  «Физиологическая 

оптика»(1867) және «Учение о слуховых ощущениях как физиологическая основа теории  

музыки»  (1875)  деген  еңбектері  сезім  психофизиологиясы  бойынша  қайтадан  баспадан 

шығарылды.  

В.Вундт (1832-1920) дүниетанымы кең ғалым болды: психолог, физиолог, философ, 

тіл  маманы болды. Психология тарихына ол Лейпциг қаласында 1879 жылы әлемдегі ең 

алғаш психологиялық лаборатория ашқан ұйымдастырушы ретінде енді. Бұл лаборатория 

кейін  эксперименталды  психология  институты  болып  қайта  құрылды.  Осы  лаборатория 

қабырғасынан  атақты  зерттеушілер  Э.Крепелин,  О.Кюльпе,  Э.Мейман  (Германия), 

Г.Холл, Дж.Кеттелл, Г.Мюнстерберг, Э.Титченер, Г.Уоррен (АҚШ), Ч.Спирмен (Англия), 

Б.Бурдон (Франция) шықты. 

В.Вундт  психологияны  дербес  ғылым  ретінде  қарастырып,  онда  екі  бағыттың: 

жаратылыстану-ғылыми  және  мәдени-тарихи  бағыттың  бар  екенін  болжады.  1874  жылы 

шыққан  ӛзінің  «Основы  физиологической  психологии»  деген  еңбегінде  лабораториялық 

экспериментті  пайдалану  қажеттілігін  атап  кӛрсетті.  Эксперименттегі  зерттеудің  пәні 

болып  қарапайым  құбылыстар:  түйсік,  қабылдау,  эмоциялар,  ес  болуы  мүмкін.  Бірақ 

жоғары психикалық функцияларға (ойлау, сӛйлеу, ерік) эксперимент жүргізуге болмайды 

және олар мәдени-тарихи әдістер арқылы (аңыздар, әдет-ғұрыптар, тілді зерттеу арқылы) 

зерттеледі.  Бұл әдісті В.Вундт ӛзінің 10 томдық «Психология народов» (1900-1920) деген 

еңбегінде баяндады. Вундттың пікірі бойынша ғылыми психологияның негізгі әдістемелік 

белгілері ретінде ӛзіндік бақылау және объективті бақылау болып саналады. 

Вундттың бір шәкірті Э.Титченер (1867-1927) психологиялық экспериментті белгілі 

бір  күш  пен  қабілетті  сынау  емес,  психикалық  механизмнің  бір  бӛлігін  талдау  деп  атап 

кӛрсетті.  Кез  келген    тәжірибе  ӛзіндік  бақылау  болып  саналады,  психологияның  негізгі 

міндеті – сананың құрылымын эксперименталды зерттеу болып табылады деді. Осылайша 

психологияда «құрылымдық психология» деп аталған жаңа бағыт пайда болды. 

ХХ  ғасырдың  басында  дербес  бірнеше  бағыттар  пайда  болды:  бихевиоризм, 

гештальтпсихология,  функционализм  т.б.  Гештальт-психологтар  (М.Вертгймер,  В.Келер, 

К.Коффка т.б.) Вундттың сана туралы кӛзқарастарын сынады. Функционалды психология 

Ч.Дарвиннің  эволюциялық  теориясына  сүйеніп,  сана  және  оның  құрылымын  зерттеудің 

орнына  сананы  ортаға  бейімделу  құралы  ретінде  зерттеді.  Аталған  бағыттың  кӛрнекті 

ӛкілдері Т.Рибо (Франция), Э.Клаперед (Швейцария), Р.Вудвортс, Д.Дьюи (АҚШ). 

Эксперименталды  психологияға    зор  үлес  қосқан  неміс  ғалымы  Г.Эббингауз  (1850-

1909) Фехнердің психофизикасының әсерімен психологияның міндеті ретінде психикалық 

құбылыстың  белгілі  фактордан  тәуелділік  факторын  қарастырды.  Оның  негізгі 

жетістіктері  ес  пен  дағдыны  зерттеуде  байқалды  және  ұмыту  процесінің  динамикасын 

кӛрсететін «Эббингауз қисығын» ашты. 

Ресейде  И.М.Сеченов  (1829-1905)  объективті  әдіс  пен  психиканы  дамытудың 

принципіне  сүйенген  жаңа  психология  құру  бағдарламасын  ұсынды.  Ол  физиолог  және 

дәрігер  болғанымен,  оның  еңбектері  мен  идеялары  психологияның әдіснамалық  базасын 

құруға ықпал етті. 

Психологиядағы  тест  әдістемелерінің  ең  алғашқы  ӛкілі  американ  ғалымы 

Дж.Кеттелл 

(1860-1944) 

болды, 

ол 


психикалық 

функцияларды 

(сенсорлық, 

интеллектуалды,  моторлық  т.б.)  зерттеуге  осы  тест  әдістемелерін  қолданды.  Сонымен 

қатар жеке тұлғалық ерекшеліктерді зерттеуге байланысты тест әдістемелерін қолдануды 

ең алғаш ұсынған ағылшын  психологы және антропологы Ф.Гальтон (1822-1911) болды. 

Ол ғылымдағы жаңа бағыттың – дифференциалды психологияның негізін қалады. Ӛзінің 

тұжырымдарын негіздеу үшін ғылыми практикада алғаш рет статистикалық мәліметтерді 

қолданды және 1877 жылы мәліметтерді ӛңдеу үшін корреляция әдісін ұсынды. 

Психологиялық  зерттеулерге  статистикалық-математикалық  әдістерді  енгізу 

нәтижелердің  тиімділігін  жоғарылатты,    Гальтонмен  бірге    математик  және  биолог 

К.Пирсон  (1857-1936)  Ч.Дарвиннің  теориясын  тексеру  үшін  арнайы  статистикалық 




 

703-2015 форма. УМКД бакалавриат ПОӘК. Үшінші басылым

 

 

аппаратты  құрастырды.  Нәтижесінде  Пирсонның  атымен  аталған  коэффицент 



қолданылатын корреляциялық талдау әдісі құрылды.  

Ресейдегі  алғашқы  эксперименталды  психологиялық  лаборатория  1885  жылы  

Харьков университетінің жанындағы нервтік және жан аурулары клиникасында ашылды, 

одан  кейін  Петербургте,  Дерпте  «тәжірибелік  лабораториялар»  ашылды.  1895  жылы 

Мәскеу университетінің психиатриялық клиникасы жанынан психологиялық лаборатория 

ашылды,  оларда  кӛбінесе    зерттеу  жұмыстары  медициналық  практикамен  тығыз 

байланысты  болды.  Одесса  қаласында  профессор  Н.Н.Ланге  тарих-филология 

факультетінде психологиялық лаборатория ашты. 

ХХ ғасырдың  басындағы Ресейдегі  эксперименталды психологияның кӛрнекті ӛкілі 

ретінде  Г.И.Челпановты    (1862-1936)  атауға  болады.  Ол  «эмпирикалық  параллелизм» 

тұжырымдамасын  ұсынды.  Кеңістік  пен  уақытты  қабылдауды  зерттеулері  арқылы  ол 

эксперимент жүргізу техникасын жетілдірді және бай эмпирикалық материал жинақтады. 

Г.И.Челпанов 

психолог-экспериментаторларды 

даярлауда 

эксперименталды-

психологиялық білімді белсенді түрде ендірді. 1909 жылдан бастап ол «Эксперименталды 

психология»  курсы  бойынша  Мәскеу  университетінде  және  Мәскеу  психологиялық 

институты  жанындағы  семинарияда  дәріс  оқыды.  Оның  1915  жылы  «Введение  в 

экспериментальную психологию» деген еңбегі бірнеше рет баспадан жарық кӛрді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет