Казахская академия труда и социальных отношений


Тәуелді ауыспалының базалық сипаттамалары



Pdf көрінісі
бет22/50
Дата02.01.2022
өлшемі0.98 Mb.
#452297
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50
Экспериментальная психол. каз.

Тәуелді ауыспалының базалық сипаттамалары: 

1. 


Валидтілік  –  ТА-ң  эксперименттің  теориялық  моделіне  және  оны 

ұйымдастыру, жүргізу жағдайларына қатынасы. 

2. 

Беріктілігі  –  ТА-ң  эксперимент  барысында  ӛлшеу  мүмкіндіктерінің 



тұрақтылығы. 

3. 


Сензитивтілік – ТА-ң эксперименталды  манипуляцияларға сезімталдығы. 


 

703-2015 форма. УМКД бакалавриат ПОӘК. Үшінші басылым

 

 

Тәуелсіз  ауыспалы    (фактор)  –  эксперименттегі  тікелей  манипуляция  және 



эксперименталды  әсер.  Эксперименттегі  тәуелсіз  ауыспалы  ретінде  жүзеге  асатын 

міндеттері,  оларды  сипаттамасы,  экспериментке  қатысушының  эмоционалды  жағдайын 

т.б. атауға болады. 

Психологиялық эксперименттегі тәуелсіз ауыспалының типологиясы: 

1. 

Басқарылатын  ТА    -  экспериментатордың  тікелей  басқаратын,  оның 



ӛзгерістерін тексеретін және реттейтін ТА түрі. 

Ситуациялық  ТА  -    қатысушы  орындайтын,  эксперименталды  тапсырма 



құрылымына  енбейтін,  эксперименталды  ситуацияның  ерекшеліктері  (бӛлмедегі 

температура). 

Инструкциялық  ТА    -  тікелей  эксперименталды  тапсырма  және  оны  орындау  



нұсқаулары (сӛздерді жаттау әдісі (механикалық, образды). 

Тұлғалық ТА – зерттеуші ӛзгерте алатын экспериментке қатысушы жағдайының 



ерекшеліктері (жағымсыз эмоциялар немесе бірқалыпты эмоционалды қалып). 

Психологиялық эксперименттегі ТА-ң тҥрлері: 

1. 

Берілу шкаласына қарай 2 түрі бар: 



Сапалық ТА – сапалық сипаттамалар түрінде берілген ТА (атаулар шкаласы). 

Сандық ТА – сандық түрде берілген ТА (рангілік, пропорционалды, интервалды 



шкалалар). 

2. 


Берілу деңгейлерінің санына қарай 2 түрі бар: 

Екі деңгейлі ТА – екі деңгейі бар. 



Кӛп деңгейлі Та – үш немесе одан кӛп деңгейі бар. 

  

 №5 дәрістің тақырыбы:  Эксперименталды қҧрылымдар. 



Қазіргі  кезде  басқа  білім  саласының  мамандарының  психология  деген  ғылым  бар 

екеніне  кӛз  жеткізуге  де  болады,  бірақ  әртүрлі  психологиялық  кітап  немесе  мақала 

оқығаннан  кейін,  басқа  ғылым  саласындағы  мамандарда  осы  туралы  кудіктер  пайда 

болады. Егер психология ғылым болса, онда психологиялық әдіс барлық ғылым әдістеріне 

жатады. 

Ғылым  адамзаттық  әрекет  аймағы.  Бүгінгі  күні  ғылыми  әдіс  пен  ғылым  деген 

терминдер  барлық    білімнің  жиынтығы  екенін  түсінеміз.  Ғылыми  қорытындыны 

эмпирикалық  білім  деген  шкаламен  ӛлшеуге  болады.  Зерттеудің    мӛлшерін  Т.Кун 

қалыпты ғылым түсінігі ретінде  анықтаған. Ол екі ғылымның жағдайын бӛліп кӛрсетті: 1. 

революциялық фаза. 2. қалыпты ғылым. 

Қалыпты  ғылым  –  ол  қайратты  бір  немесе  бірнеше  ӛткен  жетістіктерге  сүйенетін 

зерттеу. Қалыпты ғылыммен парадигма деген ұғым байланысты. Парадигма  – мысалдың 

эталоны, ғылыми зерттеу, заң, теория, оларды практикалық қолдану әдісі. Парадигманың 

болуы  ғылымның  ескі  және  бӛлек  ғылыми  ережелердің  болуын  кӛрсетеді.  Ғылыми 

психологияда  парадигманың  болуы  В.Вундтың  жұмысында  және  оның  ғылыми 

мектебінде кӛрініс тапты. 

Ғылыми әдіснаманың дамуна 20 ғасырдың ортасы мен аяғында К.Поппер, И.Лакатос, 

П.Холтони  және  белгілі  философтар  мен  ғалымдар  үлес  қосты.  Олар  қажетті  білімінің 

талдауына  және  ақиқат  іс-әрекетіне  зерттеушілерді  негіздеді.  Негізгі  ықпал 

жаратылыстанудағы  эволюция,  математика,  физика,  химия,  биология,  психология  және 

т.б. іргелі ғылымдарға деген кӛзқарасты ӛзгертеді. 

Логикада  шындықтың  салдарын  бекітуі    тек  шындық  арқылы  болса  да,  салдар 

арасында  жалған  бекіту  ақиқат  секілді  жалғаны  да  кездеседі.  Әрбір  теорияда  тек  қана 

ұйғарым және эксперименттің теріске шығарылуы мүмкін. Сыни рационализм позициясы  

тұрғысында, эксперимент шындыққа болжамды теріске шығару әдісі. Сыни рационализм 

логикасынан  қазіргі  теориялық  болжамның  статистикалық  тексеруі  мен  экспериментті 

жоспарлау шығады. 

19  ғасырда  деректер  айқындалған  заңдылықты  ғылыми  теория  жасап,  ӛмір  бойы 

ӛзінің  кӛзқарастарын  қорғай  алды.  Осы  жерден  верификация  принципі  деректі  растаған 



 

703-2015 форма. УМКД бакалавриат ПОӘК. Үшінші басылым

 

 

теория пайда болады. (О.Конт). 20 ғасырда бір ұрпақтың ӛмірінің бойында ақиқатқа деген 



ғылыми кӛзқарастар  кей кезде үлкен ӛзгерістерге ұшырады. Ескі теория бақылаушы мен 

экспериментпен ӛзгерді.  

Зерттеу  эмпирикалық  және  теориялық  болып  екіге  бӛлінеді.  Зерттеуді 

фундаменталды,  қолданбалы,  монопәндік  және  пәнаралық,  аналитикалық,  кешенді  деп 

бӛлуге болады. Эксперименталды зерттеудің негізгі белгілері: 

1. 


Зерттеуші  кейбір  жағдайда  ӛзгертеді  және  эксперименталды  әсер  етуді 

жүзеге асырады. 

2. 

Зерттеуші белгілі жағдайды бақылайды және олардың ӛзгерісін реттейді. 



3. 

Зерттеуші жеке факторлардың ӛзгеру нәтижесін тіркейді. 

Психологиялық зерттеу әдістері 3 түрге бӛлінеді: 

1.  жалпы ғылыми әдістер. 

2.  нақты ғылыми әдістер. 

3.  ғылыми әдістер. 

Жалпы  ғылыми  әдістерге  –  индукция,  дедукция,  талдау  және  жалпылау,  біріктіру, 

салыстыру, жіктеу, бақылау және эксперимент жатады. 

Нақты ғылыми әдістер: 

1. 


Шектеу  әдісі  –  В.Вундтан  бері  келе  жатқан  тікелей  сенсорлық 

табалдырықты анықтайтын әдіс болып табылады. 

2. 

Сынақтар 



және 

қателер 


әдісі 

– 

Э.Торндайктың 



докторлық 

диссертациясындағы сыналған ілімнің түрі. 

3. 

Ӛзін-ӛзі  бақылау  әдісі  –  сауалнама,  ӛзіне-ӛзі  есеп  беру  сұрақнамалары 



жатады. 

4. 


Семантикалық  дифференциация  әдісі  –  субъективті  семантикалық  кеңестік 

құру әдістерінің бірі. 

5. 

Психодиагностикалық әдістер – клиникалық әңгіменің түрі. 



Экпериментте қолданылатын әдістер түрі: 

1. 


Интроспекция  әдісі  -  ӛзінің  ішкі  жағдайын  бақылау  немесе  бағалау,  Бұл 

әдістің  негізгі  ойы  Сократтың  «ӛзіңді  таны»  деген  ойынан  бастау  алған.  В.Вундт  және 

оның ізбасарлары ӛздерінің зерттеулерінде осы әдсті қолданды. 

2. 


Экстроспекция әдісі – зерттеушінің, сыналушының реакциясын, мінез-құлық 

жағдайын бақылау. Бұл әдіске бақылау, эксперимент, психологиялық ӛлшеу жатады. 

3. 

Түсіну  немесе  герменевтикалық  әдістер  –  басқа  адамның  психологиялық 



күшін  тікелей  қабылдау  және  түсінуін  зерттеуге  бағытталады.  Герменевтикалық  әдісті 

психологияда қолданған және оның теориялық негізін салған, неміс философы, идеалисі 

В.Дильтей болды. 

Қазіргі  кезде  психологиялық  зерттеу  әдістерін  жіктеуде  кӛптеген  ғалымдар  үлес 

қосты. Болгар психологы Р.Д.Пирьов әдістерді тӛмендегідей жіктеген: 

1. 


Бақылау – объективті және субъективті. 

2. 


Эксперимент – лабораториялық, табиғи, далалық, психологиялық. 

3. 


Модельдеу. 

4. 


Психологиялық мінездеме. 

5. 


Қосалқы әдістер  – математикалық,  физикалық, географиялық,  биологиялық 

және т.б.. 

Б.Г.Ананьев Пирьовтың жіктеуін сынға алып, ӛзінің жасаған жіктеуін ұсынды және 

әрбір әдісіне сипаттама берді. Барлық әдістерді тӛмендегідей жіктеді: 

1. Ұйымдастырушылық әдістер. 

2. 


Эмпирикалық 

әдістер 


– 

бақылау, 

ӛзін-ӛзі 

бақылау, 

эксперимент, 

психодиагностикалық, іс-әрекет нәтижесін талдау, модельдеу, биографиялық әдістер. 

3. Мәліметтерді ӛңдеу әдістер. 

4. Интерпретациялық әдістер. 

М.С.Роговина  және  Р.В.Залевскийдің  еңбектерінде  жоғарыда  келтірілген  жіктеу 

қарастырылады  және  субъект  пен  объектінің  қатынасына  негізделген  ӛзгеше  жіктеуді 




 

703-2015 форма. УМКД бакалавриат ПОӘК. Үшінші басылым

 

 

ұсынады: 



1. Герменевтикалық әдістер. 

2. Биографиялық әдістер. 

3. Бақылау әдістері. 

4. Ӛзін-ӛзі бақылау әдістері. 

5. Клиникалық әдістер. 

6. Эксперимент әдісі. 

Эмпирикалық әдістерден материал алу үшін, оларды белсенді және енжар деп бӛлуге 

болады.  Белсенді  түріне  лабораториялық  экспермент  және  квазиэксперимент  жатады. 

Квазиэксперимент 

– 

зерттеушінің 



жоспары 

әртүрлі 


себептерге 

байланысты 

экспериментатор бақылаудан толық бас тартады. Кез келген рӛлдің экспериментін осылай 

атауға  болады.  Енжар  түріне  бақылау,  клникалық  әдіс,  іс-әрекетті  талдау,  ӛлшеу  және 

түзету, ақпараттар әдісінің жинытғы, архивтік зерттеулер жатады. 

Қазіргі  заманғы  ғылымның  әдістері  теориялық  және  эмпирикалық  болып    екіге 

бӛлінеді. 

Эмпирикалық  зерттеу  –  теориялық  құрылымның  дұрыстығын  тексеру  үшін 

жүргізіледі.  Зерттеуші  оның  мәліметтерін  ӛңдеу  және  жалпылауда  график,  таблица, 

формулаларды қолданады. 

Теориялық  зерттеу  –  зертеу  әдісіне,  объектіге  логикалық  талдау  жасайды.  Бақылау 

әдісі  -    ғылым  саласындағы  эмпирикалық  әдіс  болып  саналады.  Бақылау  –  зерттелетін 

объектіні  мақсатты  ұйымдастырылған  және  реттелген  түрде  қабылдау.  Бақылау 

техникалық құралдарды қолдану арқылы жүргізіледі. Оның кӛмегі арқылы жай, қалыпты 

жағдайда  кездесетін    құбылыстарды  анықтауға  болады.  Бақылау  кезінде  зерттеуші 

объектіге тікелей әсер ете алмайды, оның қабылдауынан тыс  әрекетін анықтай алмайды. 

Бақылау әдісінің негізгі ерекшеліктері: 

4.  бақылаушы мен бақыланатын объектінің тікелей байланысы; 

5.  бақылаудың эмоционалды жағдайы; 

6.  қайта бақылаудың қиындығы. 

Жаратылыстану ғылымында бақылаушы зерттелетін құбылыс немесе процеске әсер 

ете алмайды. Психологияда бақылаушы мен бақылауға алынушы арасында ӛзара іс-әрекет 

жүзеге асады. Бақылау мен ӛлшеу  әдістерімен салыстырғанда, эксперимент сыртқы орта 

ерекшеліктері мен құбылыстар арасындағы тәуелділікті  анықтауға және арнайы жасалған 

жағдайда шынайы ӛмір құбылыстарын қайта жаңғыртуға мүмкіндік береді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет