Тақырыбы: Пациент оқыту кезеңдері, әдістемесі, деңгейлері және тәсілдері



бет1/5
Дата15.03.2023
өлшемі29.43 Kb.
#470813
  1   2   3   4   5
лекция 2


Тақырыбы: Пациент оқыту кезеңдері, әдістемесі, деңгейлері және тәсілдері
4.1.Пациентті оқыту өрісі
Пациент денсаулығығының төмендегенінің салдарынан кейбір іс-әрекеттерді орындай алмайды, сол қабілеттіліктерін дамыту үшін кәсіби тұрғыда әсер ете алатындай адамды (пациентті) оқыту өрісінде білімдар болуы керек.

  1. 1Танымдық– пациенттердің қоршаған ортадан алған білімін, әсерін талдап және жинақтауына дағдылануына бағыталған өріс.

  2. 2Эмоционалдық– жеке тұлғаның мынадай: әсерлі, аяушылық, қайырымдылық, қатыгездік және т.б. эмоционалдық қасиеттерінен тәуелді болатын көңіл күйін сипаттайтын өріс.

Пациентті бақылау кезінде мейірбике оның анық сыртқы өзгерістерін байқайды:

  • кекті – қатынас жасау қажеттілігінің, эмоционалдық өрісінің бұзылулары, психикалық аурулар, мінездегі және тәрбиесіндегі ақаулар;

  • қорыққан– қорқыныш сезіміне, психикалық жағдайларына (фобия, невроз және т.б.), темпераментіне (меланхол), күмәншілікке, тұрақсыздыққа нұсқайды;

  • енжарлық- темпераменттігі бойынша »флегматик» болып саналады, өрісінің патологиялық өзгерістер (селсоқтық), жігерінің патологиясының (абулия немесе гипобулия) өзгеруі мүмкін, сонымен қатар мінез-құлқының жекелік ерекшеліктері болуы мүмкін.

  • сасқалақтық – жеке басының ерекшелігіне, қорқыныш сезіміне (алдағы тексерістің мәнін, ем алу жоспарын, ауруының болжамын білмеу және т.б.) нұсқайды; Өз-өзіне орын таппауы, психомоторлы қозуымен дәлелденеді, алдағы жасалынатын тексерістерден, операциядан, манипуляциялардан және т.б. қорқу, ауруының батып ауруы, эмоционалдық шок;

  • аффектегі жағдай – эмоционалдық өрісінің қысқа мерзімге қозуы;

салмақты – тұрақты эмоционалдық жағдайының, мінез-құлқының ережесі болып табылады;

  • ұрейленген белгісі – қолын уқалау, дауысындағы эмоционалдық жағдайының және мінезінің ерекшелігінің тұрақсыздықтың байқалуы, алдағы манипуляциялар мен тексерулерден қорқуына нұсқайды.


  1. Психомоторлық өрісі мінезінің, сезімінің, қозғалысының өзгерісінің дамуының өзгеруін сипаттайды, жеке тұлғаның жалпы психомоторлық дамуынан, жүйке-психикалық ауруларынан тәуелді болады.

4.Әлеуметтік – психологиялық өрісі – пациенттің азаматтық жағын, оның жекелік және қызыметтік ерекшеліктерін, яғни қабілеттілігін, ой-өрісін, өз-өзіне баға беруін, бағытын, еңбекке қабілеттілігін, оқып-үйренуіне деген қатынасын бейнелейді.Пациентті оқыту пациенттің немесе оның жанұя мүшелерінің келесі педагогикалық жағдайларда орындайтын қызыметіне байланысты қалыптасады:-сырттан қабылдаған ақпарттарды енжар қабылауынан және ұғынуынан. Бұл жағдайда оқыту негізіне дайын ақпараттарды келесі хабарлау, түсіндіру, көрсету және пациенттің кейбір іс-әрекеттеріне талап ету әдістері жатады.
Ақпаратты қолдану және белсенді түрдегі өзіндік іздену, бұл жағдайда пациент әсердің салдарынан қалыптасып жатқан өз мақсаттары мен назарын субъект ретінде қарастырады. Бағытты іздену және ақпараттарды қолдану арқылы сырттай ұйымдастырылған іс-әрекеттер.Үшінші жағдайдағы оқытудың негізінде мейірбикелік проблемаларды қою, қойылған мақсатарды пациентпен және оның жанұя мүшелерімен бірлесіп талқылау, бірлесіп жоспарлау, нәтижелерді бағалау, қателіктерді талқылау әдістері бойынша жүзеге асырылатын процесстерді басқарып отыру жатады. Пациенттің денсаулығын қалпын келтірудегі дағдысы мен ептілігін қалыптастыру мейірбикенің практикалық іс-әрекеттеріне бағытталуы тиіс.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет