Жол-көлік оқиғасы- көлік құралдарының соғысып қалуынан пайда болған жағдай
-З-
Зарин- түссіз, сарғыш, ауада жақсы буланып ұшатын, қыста қатпайтын сұйық зат.Суда ұзақ уақыт сақталады. Адам терісіне, киіміне тез сіңеді. Оның буы 20 км-ге дейін тарайды. Ойлы жерлерде жазда бірнеше сағатқа, қыста 2 күн сақталады.
Зілзала- кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материялдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын, адамдар мен жануарлардың өлім- жітімі болатын табиғат құбылысы.
Зоман- осы тәрізді. Теріге өтіп, тыныс алу органдарын улайды. Организмге сіңгеннен соң орталық нерв жүйесін зақымдайды. өлтіргіш қуаты бар кезінде адам жүректің сал болып ісінуінен өледі. Қорғану жолдары: противогаз пайдалану (теріні қорғау құралдарын, арнайы баспанаға жасырыну).
Зондирлеу – белгілі бір нәрсені анықтауға арналған зерттеу әдісі.
Достарыңызбен бөлісу: |