Казахстан Республикасы бiлiм жане гылыми министiрлiгi


Зақымданған ошақтағы құтқару және апатты қайта қалпына келтіру жұмыстары



бет37/101
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452659
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   101
umkd tkn

4.Зақымданған ошақтағы құтқару және апатты қайта қалпына келтіру жұмыстары

Зардап шеккендерге берілетін көмектің негізгі мәні оның тезділігінде және жасалған іс-әрекеттердің тиімділігінде.

Құтқару жұмыстарға төмендегілер жатады: көмекке келер күштердің жүрер жолдарын барлау; жолдағы немес апат орындағы өрттің жайылынуына жол бермеу; апат болған жердегі баспаналардағы адамдарға көмекке бару, оларға ауа баратын жолдар іздеу; құлаған үйлер астындағы қалған адамдарды іздестіру; оларды шығару; зардап шеккендерге дәрігерлік көмек көрсету, ауруханаларға аттандыру; халықты химиялық және радиацияланған аудандардан, су басқан аудандардан көшіру; адамдарды, олардың киімдерін санитарлық тазартудан өткізу; территорияны, құрылыстарды, транспортты басқа техниканы химиялық улы заттардан, радиациядан тазарту.

Құтқару жұмыстарымен қатар, қалпына келтіру жұмыстары да қатар жүргізіледі.

Қалпына келтіру жұмыстарына төмендегі іс-әрекеттер жатады: ластанған аумақтарға баратын жолдарды тазалау; апаттың одан әрі тарауына жол бермеу; бұзылған газ, су құбырларын және басқа да жүйелерді уақытында іске қосу; қираған үйлерді қалпына келтіру немесе оларды жою жұмыстары; көше бойында қауіпсіз қозғалысты және құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету; құтқару жұмыстары үшін тез арада байланыс жүйелерін жүргізу.

Белгіленген жұмыстарға сәйкес зақымданған ошақтарға барлаушы күштер жіберіледі. Олар радиациялық жағдайды, қорғану құрылыстары мен орындарының мән-жәйін, апат орнына барар жолдарды, зардап шеккен адамдарды, оларды құтқару шараларын анықтайды. Зақымданған орынға АҚ күштерін жіберіп, іс-шаралар жүргізіледі. Адамдарды құтқару жұмыстарына АҚ жүйесінің қызметкерлерімен бірге кәсіпорындарда біріктірілген топтарды жұмылдырады. Сонымен қатар құтқару және қалпына келтіру жұмысына арнайы техникаларды да пайдаланады.

Жұмыс жүріп жатқан жерде арнайы аптечкалар, химиялық пакеттер, байлап орау жабдықтары болуы тиіс.

Апаттың зардабын жою бағытында жүргізілетін негізгі жұмыс – ол адамдарды құтқару, оларды ауруханаға жөнелту, қажет болған жағдайда ол жерден көшіру болып табылады. Көшірілетін адамдар қайда апаратылатындығы алдын ала белгілі болуы тиіс.

ғимараттағы радиация дозасының қуатын, сондай-ақ, азық-түлікті улы затпен ластануын анықтау үшін «Мастер-1», «Сосна», «Белла» тұрмыстық дозиметрлері пайдаланады.

Теріні қорғайтын құралдар- қорғау және қорғауға икемднлген күнделікті пайдаланатын киімдерден тұрады. Қорғау киімдері изоляциялық (жалпы әскелік қорғаныс комплекті, жеңіл бөлуші костюм Л-1 және т.б.) және фильтрлік (қорғаныс фильтрлі киім ЗФО-52 және т.б.) болып бөлінеді.Егер қарапайым киімдерге сабындымайлы эмульсияны сіңірсе, оны қорғаныс құралдары ретінде пайдалануға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет