Казахстан Республикасы бiлiм жане гылыми министiрлiгi


Суға бату- тыныс жолына сұйықтық толу. Суқойма –



бет101/101
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452659
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   101
umkd tkn

Суға бату- тыныс жолына сұйықтық толу.

Суқойма – жер қыртысындағы тереңдік жерлерде табиғи немесе жасанды түрде судың уақытша не болмаса тұрақты жиналуы.
-Т-

Талықсу- адам миының қансыздануы нәтижесінде естен кенеттен уақытша айырылуы.

Таудың су тасқыны- таудан аққан көп су аз уақыт ішінде дүлей күшке айналып, жолындағы тау тастарын, топырақтарын ала төмен құлайды. Олардың биіктігі 10-20 метрге, кейде 40-50 метрге дейін жетеді. Құлау шапшаңдығы секундына 3-5 метрді құрайды.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар- адамдардың өз қолдарымен жасалып жатқан апаттап мен қирауларды айтады.

Токсикомания (улануға деген үйірсектік)- улануға деген үйірсектікті тудыратын заттар қатарына авиациялық желім, бензин, эфир және тез буланатын аэрозольдар жатады.

Таксономия-құбылыстарды жіктеумен және жүйелеумен айналысатын ғылым

Төзімділік – күнделікті өмірде, спортпен айналысуда және жалпы іс-әрекеті үшін қажет адамның маңызды физиологиялық қасиеті.

Төтенше жағдай- табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай.
-Ү-

Үсу -төменгі төменгі температура әсері нәтижесінде организм ткандерінің зақымдануы үсу деп аталады.

-Ф-

Фосген- тұншықтырғыш улы газ. Түссіз, шіріген шөптің иісі шығады. Адамды уландырады. Тегіс жерде 30-50мин, ойлы жерлерде 3 сағ. сақталады. Тыныс жолдары арқылы уланады. Осылай уланған адамға қолдан тыныс алдыруға болмайды.

-Х-

Халықтың аурушаңдығы – белгілі бір инфекциялы аурудың халық арасында тарау дәрежесін сипаттайтын көрсеткіш.

Химиялық қару- жалпылай улау заттарын қолданатын әскери қару.

Хлор- жасыл, сары түсті, өткір иісті газ. Адамдардың тыныс алу жолын зақымдайды, өкпені ісіндіреді. Мөлшері көп болса 5-25мин ішінде адам өледі.
-Ш-

Шандақ дауыл- бұл күшті жел салдарынан шаңның, құмның, топырақтың, тұздың және көлемі 1мм аз басқа да бөліктердің ауаға көтерілуі.
-Э-

Эвакуация- халықты қорғау әдістері, уақытша көшіру шаралары.

Экологиялық қауіпсіздік – адамның қоршаған ортаға зиянды әсерін алдын алу.

Экстремальдық жағдай- адам өміріне, денсаулығына, дүние-мүлкіне тікелей қатер тудырғанда, өзгенің көмегі болмайтын немесе көмек берудің шектелуін айтамыз.

Эпидемия- белгілі бір елде жұқпалы аурулардың әдеттегі деңгейден едәуір көтеріліп, жаппай ауруға ұшырауы.

-Я-

Ядролық қару- жарылыс кезінде ядролық реакциялардың жүруінің нәтижесінде болатын, ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделген қару.

Смайлова Гульсара Таужановна


Сокова Орынбасар Тургыновна
Қыздарбекова Гульмира Турлыбековна
Шакиржанова Инзира Серіковна
Жумабаева Айгуль Аязбаевна
Маймакова Диана Байзоллаевна

Шарипов Болат Оралбаевич


ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ НЕГІЗДЕРІ

Оқу-әдістемелік кешен


Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің редакциялық-баспа бөлімі

. . ж баспаға қол қойылды. Көлемі 10.93 б.п. Таралымы 100 дана.

Тапсырыс № . Қағаз көшірмелі. Ризография.
Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің баспаханасында басылған

Отпечатано в типографии Кокшетауского государственного университета им.Ш.Ш.Уалиханова

Мекен жайымыз: Қазақстан, Ақмола обл., Көкшетау қ.,

Абай көшесі, 76, Ш. Уәлиханов атындағы КМУ РБҚ.



e-mail: universi@kokshetau.online.kz




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет