Гидродинамикалық апат – гидродинамикалық құралдағы апат.
Гипертермия – ағзаның қызуы. Адам ағзасы температурасының жоғарылауы.
Гипоцентр- алғашқы сеисмикалық толқынның басталуы болған ошақтың негізгі нүктесі.
-Д-
Дауыл- жойқын күші бар және едәуір созылатын, 30м/с жылдамдықпен соғатын жел.
Дегазация- ластанған денелерден улы заттарды жою.
Депрессия– психологиялық белсенділіктің төменділігімен сипатталатын психикалық жағдай. Негізгі сипаттары: төмен көңіл-күй, психомоторлы және интеллектуалды тежелу.
Деструкция– бұзылу, жойылу. Ағзаның қалыпты структурасының бұзылуы.
Диагноз– зертханалық және клиникалық зерттеулер нәтижесінде анықталатын ауру түрі сипатының анықтамасы.
Дизенфекция- адамды қоршаған ортадағы жұқпалы аурулар қоздырғыштарынан жоюға бағытталған арнайы шаралар жиынтығы.
Диоксин – кішкене мөлшерде қатты улайтын уытты зат. Диоксин полимерлі заттардың жануы нәтижесінде түзіледі.
Дискомфорт– белгілі бір факторлардың әсіре нәтижесінде пайда болатын ыңғайсыздық жағдайы.
Достарыңызбен бөлісу: |