2.1. Деректердің немесе қайнар көздерінің анықтамасы.
2.2. Рум құқықығының құрастыру түрлері (формалары).
2.3. Ежелгі Румның белгілі заңгерлері.
2.4. Рум құқығының кодификациясы (заң жинақтарының құрылуы).
2.1. Деректер немесе қайнар көздерінің анықтамасы.
Әрбір ғалым тарауларының ішінде дерек не шығу көздері деген ұғымдар болады. Ал, ғылыми дерек деген ұғым үш анықтамадан тұрады. Осы анықтамалардың бәрін біз өзімізге түсіндіруіміз керек.
Біріншісі. Не болса да бір жерден шығу керек. Мәселен, өсімдіктер тұқымнан, балапан жұмыртқадан шығады. Румдықтар Ab Оvo деген. Осында тұқым, жұмыртқа өсімдікке, балапанға дерек болады. Ал, құқық деген неден шығады? Мемлекет пен құқық теориясы бойынша құқықтың дерегі, тамыры десек те болады, әрбір мемлекеттің экономикалық жағдайынан шығады. Дәлірек айтсақ, экономикалық қатынастардың тарихпен айналысуынан пайда болады. Ал, Рум құқығы өзінің негізін, қайнар бұлағын Рум құл иелену мемлекеттік экономикалық қатынастарынан табады. Бұл бірінші анықтамасы.
Екіншісі. Тағы да мемлекет пен құқықтың теориясы бойынша құқық өзінің формасына (құрастыру түріне) ие болады. Мәселен, заң, шешім, шарт, қаулы десек, бұлардың бәрінің формалары, құрастыру түрлері болады. Рум мемлекетінің тарихы бойынша құқықтың ерекше құрастыру түрлері болған. (Республиканың заңдары, сенатусконсульттер, преторлық эдиктер, тағы басқалар). Бұл деректің екінші анықтамасы болады.
Үшіншісі. Үшіншіден, тарихта қандай жағдайлар, қандай соғыстар, патшалар, батырлар болғанын біз қайдан білеміз? Оны біз кітаптардан, археологиялық мәліметтерден не болмаса басқа да деректерден табамыз. Қзіргі заманның кітаптарында Рум құқығы туралы көптеген тарихи деректер бар. Бұл деректің үшінші анықтамасы болып шығады. Мәселен, осы деректердің ішінде нумизматика, папирология, тағыда басқа ерекше ғылымдар бар. Нумизматика ескі ақшаларды зерттейді. Рум мемлекетінде асс, сестерций, динарий деген ақшалар тараған. Сол ақшалармен румдықтар мүліктік қатынастарды шешкен. Оны біз нумизматикадан білеміз. Ал, папирология Мысыр (Египет) көне жазбаларды қарайды. Өйткені, Мысыр бір тарихи заманда Рум мемлекетіне қараған. Папирустер (сондай өсімдіктен істеген қағаз) ішінде заң, құқық туралы мағлұматтарды сақтаған. Құқық туралы мағлұматтар антик авторлардың театр пьесаларынан (оны драматургия дейміз), көркем шығармаларынан да табуға болады. Бұның бәрін де үшінші түрдегі, үшінші анықтамасындағы құқықтың деректері деп есептеуге болады.
Ал құқықтың қайнар көздері, бұлақтары, деректер, тамырлар бәрі де синонимдер (тең ұғымдар). Бізше бастаулар десек, бұл ең ыңғайлы және дұрыс сөз болып шығады.
2.2. Рум құқығының құрастыру түрлері (формалары).
Алдымен келіскендей құрастыру түрлері рум құқығының деректерінің екінші түрі (анықтамасы) деп есептейміз. Сол деректер, құрастыру түрлері рум құқығының тарихы бойынша алты түрге бөлінеді. Оларды әдет құқығы (1), республиканың заңдары (2), сенатусконсульттер (3), преторлардың эдикттері (4), императорлардың конституциялары (5), заңгерлердің жауаптары (6) деп санаймыз.
Біріншісі (әдет құқығы).
Әдет құқығы халықтың әдеттерінен шықты. Бірақ, жай әдеттерді құқықтық әдеттер деп есептеуге болмайды. Тек қана халық әдеттеріне патшалар немесе республиканың сенаты қорғау жасаса (заңмен, заңсыз болса да) сол әдеттерге келісім берсе, олар құқықтық әдеттер болады.
Мысалы, бұрынғы заманда екі кісі некемен қосылса, ол жай халық әдеті болған. Одан кейін некені мемлекет заң ғұрпына қосты. Бүны құқықтық әдет деп есептейміз.
Екінші мысал мейрамдардан. Наурыз мейрамы бұрын тек
қана халық ішінде аталған. Ал қазір Наурыз мейрамы
мемлекеттік мейрам болып шықты. Енді оны құқықтық әдет деп
есептеуге болады. Айтпақшы, тарих бізге тағы бір қуанышты ескерткішті қалдырды. Білмесеңіз – біз бәріміз әрбір аптада бір мейрамды тойлаймыз. Бұл мейрам - жексенбі, орысша воскресение (қайта тірілу). Осы мейрам да рум құқығынан шықты, өйткені Рум императоры Константин Иса пайғамбардың тіріліуін әр жұма сайын тойлап демалыңыз деп заң шығарған. Осы заң ұмытылса да, біз оны білмей де орындаймыз.
Әрбір халықтың тарихында өзінің әдет құқығы болатын. Орыс әдет құқығы, қазақ әдет құқығы. Сонымен Рум халқының да өз әдет құқығы болған. Мемлекет нығайып, күшін көбейткен заманда әдет құқығының орнына заң құқығы келеді. Ал, тарихта сол әдеттерден құқықтық ескерткіштер қалады. Рум әдет құқығының ең белгілі ескерткіші «Он екі тақтадағы заңдары» қалған. Мәселен, қазақ халқында сондай-ақ ескерткіш - «Жеті жарғы» деген әдет-ғұрып жинағы.
Румдықтар әдет құқығын mores majorum (ата-ағалардың мұрасы) деп атаған Commentarii pontificum (абыздар жариясы), commentarii magistratum (бастықтар жариясы) деген ескерткіштер де әдет құқығына жатады.
-
Екіншісі - (республиканың заңдары).
Алдымен заңдар патшаның қолынан шығатын. Ал, Румда республика мемлекет құрылғанда, сол мемлекеттің ең жоғарғы билігі сенат деген халық кеңесінің қолыңда болатын. Сенат қолынан шыққан заңдар lege деп аталған (Заңдар — leges әлде lех деген). Осы атақтан легитимді, легистратура деген заңдық атақтар шықты. Легетимді — заңға сәйкес, заң негізінде деген мағынада, легистратура — заң жинайтын кеңсе орны.
Рум сенаты (біздің тарихта оған ұқсайтын құрылтай деген халық кеңесі болған) заңдарды үш сатымен шығарған. Алдымен сенат мүшелері заң жобасын шығаратын (1 саты). Одан кейін сол жобаны халық талқылауына жіберетін (2 саты). Талқылау біткенде дайын заң бүкіл сенат сайлауы арқылы бекітілетін (3 саты).
Республика заңдары үш бөлімнен тұратын. Олардың латын тіліндегі атаулары: а) praescriptio, Ь) rogatio, с) sanctio. Оларды қазақшаласақ: а) алдыңғы сөзі, b) мазмұны, с) жазасы деп айтуға болады. Praescriptio мен rogatio басқа тілдерде аса тараған жоқ; sanctio (санкция) өте белгілі сөз.
Тарихта қалған ең белгілі заңдар: Lex Poetelia (Пателийдің заңы) — қарыздарды жоюға немесе құлдыққа сатуға тыйым салған б.ж.д. IV ғ.; Lех Аguilia (Аквилийдің заңы) б.ж.д. III ғ. — басқа кісінің нәрсесін жою немесе бұзу үшін жаза жарияланған; Lех Falcidia (Фальцидийдің заңы) — мұрагерлік құқығын, бірнеше ережелерді орнатқан. Бұл заң бойынша мұрагерге қайтқан кісі мұрасы міндеттелген. Б.ж.д. I ғ.
Үшіншісі (Сенатусконсульттер). – Қазақша айтсақ, сенат келісімдері деп айтуға болады. Латынша senatus consultes дейді, (senatus — кеңес, consuliere — ақылдасу). Бұлар принципат кезінде сенат атынан шыққан заңдар. Бірақ сенат оларды өзі шешкен жоқ, халықтың оған ешбір қатынасы болмаған. Қысқаша айтсақ, осы түрлі заңдарды принцепстердің жеке ережесі деуге болады. Сенат тек қана оған атағын беретін. (Принцепс деген әлі император емес, бірақ сенатты өз білейтін сенаттың бірінші мүшесі). Сенатусконсульттердің көбі тарихта сақталған. Мысалы, Senatus consultum Macedonium (Македонийдің сенатусконсульты) — бағынышты үлдарға қарыз алуға тыйым салған. I ғ. Senatus consultum Vellelianum (Веллелианның сенатусконсульты) - әйелдерге де қарызға ақша алуға тыйым салған.
Төртіншісі (Преторлардың эдикттері). «Эдикт», edictum, «заңды түрде жария», «dісо»-«айтамын» деген сөзден шықты. Осыдан – диктатор, дикция деген халықаралық сөздер пайда болған. Бірақ эдикт заң емес. Өйткені, ол не сенаттан, не патшадан шыққан жоқ. Солай бола тұра преторлардың эдикттері заңның күшін сақтайтын. Әрбір претор сайлағаннан кейін жұмысқа кіріскен соң, осындай эдикттер шығарған. Эдиктте претор қандай арыздарды сот қарауына беретінін, қандай істерді шешімсіз қалдыратынын жариялаған. Әдет бойынша претор бір жылға сайланатын, сондықтан эдикттердің де бір жылдық күші болатың. Бірақ кейбір эдикттердің ішінде болған ережелер жаңадан шыққан эдикттерге кіретін. Император Адриан белгілі заңгер Юлианаға 100 жылға ең жақсы, қолайлы эдикттерді жинап, салыстырып, мәңгілік эдикт шығар деп тапсырма берген. Тарих бойынша оны Ediktum perprtuum деп атаған. Регрtuum — мәңгілік деген сөз. Мысалы, регреtuum mobile — мәңгілік қозғаушы, қозғалтқыш дейміз. Преторлардың эдикттерінен преторлық құқық шыққан.
Бесіншісі (Императорлардың конституциялары). Принципат жойылғасын мемлекет билігін императорлар қолға алған. Император жай патша емес, империяның патшасы. Империя кәдімгі мемлекеттен биік. Өйткені басқа елдерді шапқан, басқа халықтарды бағындырған мемлекетті империя дейміз. Тарихта императорлық заманды доминат деп есептеген. Dominio - ие боламын деген сөз. Сол кезде сенаттың күші басылған. Императорлар заңдарды сенатсыз өздері шығарған. Сол заңдардың атауы конституция болып шықты.
Constituere – құрастыру, орнату, анықтау мағынасында. Сөйтіп, конституция деген сөзді құрастыру заңы деп айтайық. Конституцияның бірнеше түрі болатын. Оларды эдикт, рескрипт, мандат, декрет ( edictum, rescriptum, mandatum, descretum) деп шығарған. Эдиктті алдын ала анықтадық. Бірақ бұл жерде претордан емес, императордан шыққан эдикттер деп санаймыз. Rе - қайта, scriptio - жазамын) — императордың арыздарға берген жауабы Рескрипт (rescriptio - қайтып жазамын, жауап беремін деген мағынада. Мандат деген (mandatum - нұсқау, инструкция) магистраттарға (бастықтарға) берген нұсқау, жарлық деуге де болады. Біздің тарихымызда хандар елшілерге нұсқау берсе, оны жарлық деген. Осыдан орыстарда «ярлык» деген сөз қалған. Бұл атау декретке ең жақын балама болады. Декрет - (decretum - шешім). Императорлар кейде сот орнына кейбір істерді шешкен. Сол шешімдер заң күшін толтырып, басқа сондай істерге мысал болатын, олар декрет деп аталатын.
Алтыншысы (заңгерлердің жауаптары).
Көне Румның тарихырда есімдері сақталған белгілі заңгерлер аз емес. Олар Рум құқығына баға жетпес қазына қалдырған. Мемлекет болмағанда заңгерлердің орнында абыздар болған. Оларды контириктер деп атаған. Сол кезде румдықтар бірнеше құдайларға сенген, пұтқа табынған. Марс, Венера, тағы басқалар құдай орнына болатын. Сол дінді сақтаған абыздар әдеттерге қорғау жасаған. Әдеттер бірте-бірте құқыққа айналған. Христиан діні шарттарға ие болып қалған. Ал көпшілікке цивил құқығын қарайтын магистраттар болып шықты. Соларды ең бірінші азаматтық заңгерлер деп есептеуге болады.
Тарихта есімдері сақталған ертедегі заңгерлер: Марк Манилий, Марк Юний Брут, Публий Муций Сцевола болған. Оларды азаматтық құқық негіздеушілері дейміз. Элий Пет Кат деген заңгер 12 тақтадағы заңдарға ең бірінші толық түсіндірме берген, ал преторлардың эдикттеріне түсіндірме берген Сервий Сульниций Руф. Марк Тулий Цицерон тек қана заңгер емес, белгілі философ, шешен (оратор) болатын. Оның қолынан 50-ден аса заң және саясат туралы шығармалар шыққан. Солардың бәрі б.ж.д. II ғасырдан б.ж. I ғасырға дейін өмір сүрген. Ал, б.ж. I ғасырда Рум құқығының классикалық кезеңі басталған. Сол кезде заңгерлердің екі ғылыми мектебі негізделген. Олардың біреуін Прокулиан мектебі дейміз. Негіздеген заңгердің есімі Марк Антоний Лабион, бірақ мектептің аты Прокул деген оқушының есімімен аталады.Сол мектептің шәкірттері Цельз ата мен баласының есімдері сақталған.
Екінші мектепті Сабин мектебі дейміз. Оны да негіздеген Сабин емес, оның оқытушысы Канитон. Сабин мектебінің ең белгілі мұрагері Юлиан Сальвий б.ж. II ғасырда тұрған. Алдында айтқанда Юлиан мәңгілікті эдикттің авторы болған.
Екінші ғасырда заңгерлер құқықтың тарихын жаза бастады. Сонымен, ең бірінші құқықтың тарихшысы Секст Помпоний болып шықты. Ал Гай есімді заңгер сол ғасырда ең бірінші болып заң оқулығын жаза бастаған. Оқулықты institutiones (институциялар) деп атаған. Institutio — негізделу деген сөз. Сонымен институт негізделген деп айтуға болады.
Жоғарыда айтқандай, Гай мен тағы бір төрт ең белгілі заңгерлердің есімдері — Модестин, Папиниан, Павел, Ульпиан. Олар III ғасырда өмір сүрген. Сол бесеуінен Рум құқығының бес «киттері» деген атақ қалған. Сонда «кит» ең үлкен, ең ұлы деген мағынада:
1. Гай — институцияның авторы.
2. Модестиннің қолынан 345 заң туралы шығармалар шықты. Мысалы, неке туралы құқықтың анықтамасы.
3. Папиниан 595 заң туралы фрагменттер берген.
4. Павелдің тағы да көптеген шығармалары бар.
5. Ульпиан. Алдында айтқандай, оның жеке мен көпшілік туралы айырмашылықты және тағы да одан шыққан шығармалары саналған жоқ. Осы бес заңгерлердің шығарламалары заң күшімен есептелген. Содан соң тек қана осы Рум заңгерлердің жауаптары (шығармалары) құқық деректеріне кіреді. Қазіргі заңгерлердің шығармалары заң күші бар түрде саналмайды.
2.4.. Рум құқығының кодификациясы. Жоғарыда айтқандай, Гай, Папиниан, Ульпиан мен тағы басқалар Рум құқығына бағасыз мұра қалдырған. Тарихта көптеген заңдар, сенатусконсульттер, басқа деректер сақталған. Оларды кім жинаған? Заңдарды алдымен заңгерлердің өздері жинай бастады. Сондай жинақтарға Кодекс деген атау берілген. Соdех деген латынша бірнеше жазылған тақтайды байлап жинағаны дейді. Ең бірінші кодекстерде Грегориан мен Гермогениан (295-300 ж.ж). Грегориан Адриан императорлардың конституцияларынан бастап 19 кітап шығарды. Ал, Гермогениан Адрианнан бастап Константин императорға дейін 120 конституцияларды жинап 69 жинақ қылып жазып қалдырған.
Бесінші ғасырда Византияның императоры Феодисий II императорлардың ішінде ең бірінші болып, заңгерлерге тапсырма беріп, 19 заң туралы кітап шығарған. Оларға Константиннен бастап сол Феодосий II дейінгі барлық конституциялар кірген. Осы кодексті Феодосий Батыс империясының императоры Валентиан ІІІ-ге жіберген. Сол кодекс V ғасыр тағы және бірнеше ғасыр Еуропада ең толық жинақ болған. Германия, Франция және басқа Еуропа мемлекеттері осы кодексті соттарда пайдаланған. V- VІІ ғасырларда Еуропада осы кодекске салыстырма түрде бірнеше жеке жинақтар шықты. Олар: Lex Romana Wisigoratorom, Lex Romana Burgundionum, Fragmentae Vaticana, Collatio legum Romanorum et Mosaisarum. Соңғысының бір қызығы бар. Бұл жинақта сол кездегі заңгерлер Рум заңдарын Мұса пайғамбардың заңдарымен салыстырған.
Ал, ең толық, кең тараған, осы заманға дейін сақталған кодекс тағы да Константинопольде (Ыстамбул) шыққан. 528 жылы Юстиниан деген өте ғылымды, тарихта аса белгілі Византияның императоры кодексті жинау үшін ерекше конституция шығарған. Сол императордың шешімі бойынша бірнеше заңгерлер, олардың ішінде Трибониан (император кеңесінің бастығы), Феофил мен Дорофей (академияның профессорлары) бес жыл бойы көп жұмыс жасап, осы Кодексті құрастырып, 534 жылы жинап бітірген. Кодекске Юстинианның есімі берілген (Codex Iustinianus). Бұл жинақ төрт бөлімге бөлінген. Біріншісін Институциялар (Institutiones) деген. Оның ішінде Гайдың институциялары мен тағы басқа оқулықтар жиналған. Оқырмандарға көмек үшін институцияларға (I) белгісін берген.
Екінші бөлімі Дигестер немесе Пандектер деп аталған (Digesta, Pаndecta) - D белгісімен тіркелді. Дигестердің ішінде баяғы Павел, Ульпиан, Папианин, Модестин, тағы басқа заңгерлердің шығармалары жинақталған.
Үшіншісі, сол жинақ сияқты Кодекс деп аталған. (Codex; С - белгісі). Бұл бұрынғы императорлар конституцияларының жинағы (Юстинианға дейін).
Ал, ең соңғысы, төртіншісі Новеллалар (Novellаe, N — белгісі) деп аталған. Бұған Юстинианның өз аузынан (қолынан) шыққан конституциялар кірген.
Сонымен, Юстинианның Кодексі ең толық және ең кең тараған Рум құқығы заңдарының жинағы болып шықты. Одан кейін орта ғасырларда осы жинақ Corpus juris сіvilis атымен өз өмірін бастады.
Қазіргі заманымызда І,D,N,С белгілері Рум заңдарын немесе заңгерлердің шығармаларын тез табуға көмек береді. Мәселен, D. 12.3.4. деген белгілер осы сөзді немесе анықтаманы Дигестердің ішінде, он екінші кітапта, үшінші бөлімде, төртінше тармақтан табамыз деген сөз.
Quod licet Jovi-non licet bovi - Юпитерге жараса, бұқаға рұқсатталмайды
(Латын мақалы)
3 ТАРАУ. ТҰЛҒА ТУРАЛЫ ҰҒЫМ.
3.1. Тұлға және құқықтық қабілетінің ұғымы.
3.2. Рум азаматтардың құқықтық жағдайы.
3.3. Латиндер және перегриндер.
3.4. Құлдар және либертиндер.
3.5. Колондар.
3.6. Заңды тұлғалар.
3.1. Тұлға және құқықтық қабілетінің ұғымы.
Заңи тіліміздің бойынша жеке адамды біз жеке тұлға деп атаймыз. Өйткені жай адамнан, жай кісіден жеке тұлға деген ұғымның бір айырмашылығы бар. Бұл айрмашылық кісінің құқықтары және міндетіері. Жеке адам осы құқықтары және міндеттеріне не болса, оның жағдайын біз құқықтық қабілеті дейміз. Ежелгі Румда жеке кісілер әлде ұжымдар өзі құқықтарына не болмаса оларды құқықтық субъектер деп атаған. Бірақ әр бірі жеке адамдардың арасында әртүрлі субъектер болған. Өйткені азат кісі, бағынышты кісі, ер әйел, құл, құлиесі, тағы басқалар әртүрлі құқтарына және міндеттеріне не болған. Сондықтан олардың құқықтық жағдайлары да әртүрлі болатын. Ал құқықтық жағдайды румдықтар Status (статус) деп атаған. Сонымен тұлғаның құқықтық статусы деген жеке адамдардың немесе адамдардың ұжымдарының міндеттері және құқытар құрамы.
Әрбір жеке тұлға өзінің құқықтарына не болса, сол кісіні регзопа деп атаған. Құлдар, әрине ешбір құқықтарға ие болған жоқ, сонымен оларды регзопа деп атаған жоқ. Құлдарды нәрселерінің (заттарының) арасында есептеген, латынша res арасында servi деп атаған.
Персоналар өзінің құқықтарына ие болса. сол құқықтарын пайдаланса, бұл жағдайды Сарut Һаbеге деген немесе құқықты қабілет дейміз.
Ал құқықты қабілеті да әртүрлі болған. Бір жақтан толық қабілеті, екінші жақтан толмаған қабілеті болатын. Олардың арасында бірнеше дәрежелер бар.
Құқықты толық қабілет үш статустан, үш жағдайдан құрастырған: Бірінші: бостандық жағдайы (Status libertatis)
Екінші: азамапық жағдайы (Status civitatis)
Үшінші: отбасы жағдайы (Status familiae)
Status libertatis - liberti (бостандық) сөзінен шықты. Бостандық жағдайның бойынша әрбір кісі немесе азат, немесе азат емес, құл болатын. Ал азат кісілердің құлдыққа жығылуға мүмкіндігі болған (соғыс жағдайда, қарыздан құлдыққа сатылса, әлде өте ауыр қылмыс үшін сотталса).
Құлдарға да бостандыққа шығуына мүмкіндігі болатын. (Өз өзін сатып алса, әлде оның иесі босатса).
Status civitatis - civilie (азаматтық). Рум тұрғыны Рум мемлекетінін азаматы болса оның құқықтық жағдайы ең толық болатын. Ал латин, немесе Перегрин болса бірнеше құқықтарға қолы жетпейтін. Немесе конеул болу, румдық әйелге некелену, әскері болу, тағы басқалар Перегрин, латин, колом деген тұлға атақтарға анықтамасын, басқа жерде айтамыз. Не болса да оларды қарасүйектер деп атауға болады. Бірақ, бұлар бәрі де азат тұлғалардың арасында есептелінеді. Олармен бірге шетелдектер де есептелген.
Status familiae - Familia - отбасы деген сөз. Бұл жағдайда екіге бөлінеді. Рум азат азаматы некеленген үйдің иесі болса, бұл кісінің құқықтары ең толық болатын. Отбасының басқа мүшелері (әйелдер, ұлдар, қыздар, тағы басқалар) бұл кісіге бағынышты деп есептелген. Сонымен олар бірнеше құқықтарға иесіз жолаған жоқ. Үйленуге, сайлауға, сайлануға, сатып алу, қарыз алу, сатып беруге де ешбір құқықтары болған жоқ.
Соңдыктан осы үш статус бойынша румдықтар біріншіден не азат не құл, екіншіден не азамат, не азамат емес, үшіншіден не отбасының иесі не оның бағынышы болған.
Достарыңызбен бөлісу: |