Казахстан


Сурет 6. Бас қаңқасының көптеген сынықтары



Pdf көрінісі
бет24/80
Дата06.12.2023
өлшемі3.42 Mb.
#485609
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   80
дек. Нейрохирургия

 
Сурет 6. Бас қаңқасының көптеген сынықтары 


48 
Мидың қысылуы мен шайқалуының емі. 
Бассүйек жарақатының жеңіл және орта дәрежесі кезінде 
келесі емдік жүйе қолданады: 
1. Аурудың ағымына байланысты тыныштық күйі 10-20 күн. 
2. Бас ауырсынуының симптоматикалық емі (анальгетиктерді 
тағайындау) бас айналу, жүрек ану кезінде (платифиллин, 
белласпон тағайындау), құсу кезінде (аминазин, пипольфен, 
атропин). 
3. Қозғалу және психомоторлы қозу кезінде депрессиялық 
әсері жоқ, тыныштандыратын нейролептиктер қолданылады. 
Олардың ішінде (люминал, барбамил, амитал-натрий, хлор- 
алгидрат, аминазин). 
Терең қозу болған жағдайда қысқа уақытқа әсер ететін 
барбитурат қышқылының туындыларын тағайындайды (эвипан- 
натрий, гексенал, пентотал). 
Ұйықтатқыш, наркотиктік, нейролептикалық препараттарға 
гематомалар қарсы көрсеткіш болып табылады. 
4. Дегидратациялық терапия гипертониялық ерітінділер, 
глюкоза, магний сульфаты және диуретиктік препараттар – 
новурит-глюкоза 7-10 күн аралығында күніне 2 рет тағайындалады. 
Дегидратациялық терапия гипотензия кезінде қолданылмайды. 
5. Диагностикалық люмбалды пункция бассүйек ішінің 
қысымы жоғарылағанда, мидың дислокациясына болжам болғанда 
қолданылмайды. "Жеңілдететін" жолын пункциялары субарах- 
ноидальды қан құйылу кезінде жасалынады. 2-3 жеңілдететін 
люмбалды пункциядан кейін жұлын сұйықтығының құрамы 
қалпына келе бастайды және жедел асептикалық менингиттің 
көрінісін азайтады. 
6. Мидың шайқалуы кезінде мойынның вагосимпатикалық 
және белдік новокаинды блокадасын қолданады. 
7. Бассүйегі сынған жағдайда хирургиялық ота тікелей 
қолданылады. 
Соққының әсерінен болған қысылу, яғни мидың мыжылуы, 
мидың ісінуінің негізгі факторларының бірі. Бұл жағдайда 
декомпрессиялық трепанация жасалынады. Қатты соққының 
әсерінен басыла сынған бассүйегінің операциялық жолмен сынған 


49 
сүйекшелерді алып тастайды. Соңғы 10 жыл ішінде хирургтар 
самай және маңдай бөліктерінде өлі еттеніп шіріген аймақтарды 
алып тастау керектігін көрсетеді. Мидың жұмсарған контузиялық 
ошақтарын ерте бастан алып тастау шараларын қолдану бағана 
дислокациясы мен мидың ісінуінің жеделденуінін алдын алады. 
Соңғы жылдар бірқатар хирургтар отаны ерте жасау керектігіне 
көп көңіл бөліп жүр. 
Операцияның мәні: тіршілікке қабілеті жоқ ұлпалармен 
контузиялық ошақтарды алып және сұйық ағымымен шаю және 
қажет болғанда мидың кейбір бөліктерін резекциялау сипатталады. 
Қажет жағдайда декомпрессия жасалынады. Қан айналымының 
ауыр өзгерістерін тудыратын өлі еттенген ошақтардан дер кезінде 
хирургиялық жолмен алып тастау мидың қан айналымының 
қалпына келуіне жағдай жасайды. 
Соққының әсерінен болған мидың соғылуының соңғы 
сатылары кезінде парез, плегия болғанда, емдік гимнастика
физиотерапиялық әдістер қолданылады. 
Консервативті емнің тырысуға қарсы терапиясы кеш 
жараққатың эпилепсиясында қолданылады. Бұл терапияда 
қолданылған дегидратациялық заттардың қуаттандыратын және 
мидың ісінуінің азайтатын қасиеттері болады. 
Ауыр сипмтоматикалық эпилепсияны консервативті емдеу 
нәтижесіз болғанда, оталық шараларға көшеді. 
Бассүйегі мен мидың ауыр жарақаттардың емдеуінде 
толығырақ тоқталған жөн. Бассүйегі мен ми жарақатының аса ауыр 
түріне тән белгілер: естің қысқа және ұзақ уақытқа бұзылуы, 
организмнің виталды қызметтерінің өршіген бұзылыстарымен 
қатар жүретін сопордан комаға дейінгі бұзылыстар, олар 
"нейровегативті синдром" терминімен біріктіріледі. Аса ауыр 
бассүйек ми жарақаттары кезінде ми бағанасындағы патологиялық 
өзгерітердің маңызына көңіл бөлген жөн. 
Тіліп жару деректерін аурудың клиникалық көрінісі мен 
сәйкестендіру аса ауыр бассүйегі, ми жарақаты кезіндегі виталды 
қызметтердің бұзылуына алып келетін негізгі 2 себептерін бөлуге 
көмек береді. 


50 
1. Диэнцефалды аймақтық және тығыз байланысқан қыртыс 
асты құрылымының бағаналық бірінші реттік зақымдануы, оның 
морфологиялық 
субстраты, 
қан 
тамырларының 
кеңеюі, 
периваскуляры геморрагиялар, ісіну хроматолиз, жасушалық 
ядролық басқа да өзгерістері жұмсару бөліктері болып табылады. 
2. Бассүйек ішілік гипертензия өршуі, ми ісінуінің 
дислокациясы, мидың қан айналымының бұзылуы кезіндегі 
бағананың 2-ші реттік зақымдануы көбінесе бассүйек ішілік 
гематомалардың ұлғаюы және мидың контузиялық ошақтары 
кезінде жиі кездеседі. 
Ауыр бассүйек-ми жарақаттары кезінде нейровегетативті 
синдромның негізгі компоненттері. 
а) жалпы гипоксия және мидың ошақты гипоксия дамуы 
тектес орталық және шеткері тыныс алудың бұзылуы; 
б) жүрек-қан 
тамыр 
бұзылыстары 
(гемодинамикалық 
бұзылу); 
в) терморегуляциялық бұзылу; 
г) алмасу гуморалды эндокриндік ( зат алмасудың бұзылуы). 
Бассүйек-ми жарақатының ауыр түрі кезінде реанимациялық 
шаралары жедел көмек көрсету машинасында басталып, жолда 
және ауруханаларда жалғастырылады. Кешенді емдеу бір жағынан 
организмдегі 
көптеген 
бұзылыстарды 
қалыпқа 
келтіруге 
бағытталған болса, екінші жағынан бассүйегі ішіндегі дамыған 
үрдістерге әсер етеді. Олардың ішіне келесі шаралар кіреді: 
1. Қажетті жағдайда интубация және трахеостемия қолданып 
тыныс алу жолдарының еркін өткізгіштігін қамтамасыз ету. 
2. Гипоксия және гиперкапниямен (немесе гипокапниямен) 
күресу, еркін тыныс алуды қамтамасыз ету, ал қажет болған 
жағдайда тыныс алу қызметін толығымен алмастыру (жасанды 
аппаратпен тыныс алғызу). 
3. Қатар жүрген шокпен және қан кетумен күресу, қалыпты 
гемодинамиканы қамтамасыз ету үшін айналымдағы қан мөлшерін 
толықтыру. 
Бассүйек-ми жарақатынан кейін 14% жағдайда өлімнің негізгі 
себебі қан және құсықпен аспирацияның болуы және 26% жағдайда 
бұл факторлар аурудың соңында маңызды рөл атқарады. 


51 
Гемодинамикалық бұзылу жүрек бұлшық етінің жиырылуы- 
ның әр түрлі жиілігі мен ырғағының қалыптан түрлі ауытқулармен 
көрінеді. Сонымен қатар, артериялық қан қысымы және шеткері 
қан айналымының ауытқулары. Ми оргалықтарының зақымдалуы- 
нан басқа гемодинамикалық бұзылу себептерінде жарақаттың шоқ 
және қан жоғалту жатады. Егер бассүйек-ми жарақатынан кейін 
20-30 
минут ішінде ауруханаларға жеткізілген науқаста 
артериялық қан қысымының күрт төмендеуі мен көрінетін шоктың 
клиникалық көрінісі айқындалса, бұл мидың және қабықтарының 
жарақаты және 
келесі 
зақымдалуымен 
қатар 
екендігін 
айқындайды: 
1. Бас сүйегінің төбесі мен негізі сүйектерінің көлемді сынуы. 
2. Дененің ауыр соққысы. 
3. Қабырғалардың сынуымен қатар кей жағдайларда өкпенің 
жыртылуынан болатын гемоторакстан көкірек жасушасының 
қысылуы. 
4. Аяқ-қол, жамбас сынуы, омырқаның сынуы сирек 
кездеседі. 
5. Құрсақ ішіне қан кетумен ішкі ағзалардың зақымдалуы. 
Балаларда шок кей жағдайларда шектелген, бассүйегі мен ми 
жарақаты кезінде, көлемі апоневроздық немесе эпидуралық 
гематома болуымен дамиды. Мұндай қосымша зақымданулар 
новокаин блокадасы және сынықтардың иммобилизациясы немесе 
көкірек және құрсақ қуысына ота жасау түріндегі жедел шараларды 
талап етеді. 
Егер бірнеше сағатқа созылған шоктың себебі белгісіз болса, 
онда ішкі ағзалардың зақымдануын нақтылау мақсатымен 
хирургтың мұқият тексеруі қажет. Себептеріне қарамастан шок 
және коллапс бассүйек-ми жарақатының ауыр ағымын күрт 
нашарлатады, бағаналық зақымдану симптоматикалық тығыз еніп 
жедел емдеу шараларын талап етеді. 
Қан айналымының жедел бұзылыстарын қалыпқа келтіру 
үшін және шок белгілерін жою үшін айналымдағы қан мөлшерін 
көбейту қажет, ол үшін көктамырға қан жоғары молекулярлы 
ерітінділердің плазмасы (полиглюкин) және басқа да қан 
алмастырушы сұйықтарды құяды. Кей кездері артерия ішілік 


52 
гемотранфузия көрсеткіштері пайда болады. Шок коллапс кезінде, 
аналептикалық препараттар (кордамин және т.б.), орталық жүйке 
жүйесін қуаттандыратын және тежелуден шығаратын препараттар, 
сонымен қатар адренореактивті жүйені қоздырып, қан қысымын 
тез көтеретін адреномиметикалық препараттар (адреналин, 
мезатон, эфедрин) колданылуы қажет. Бұл препараттарды 
организмге сұйықтық енгізбей тұрып қолдануға болмайды, себебі 
артерия қысымының жылдам көтерілуінен кейін әдетте оның қүрт 
төмендеуі дамиды, көбінесе қайтымсыз. 
Терморегуляцияның 
бұзылыстары 
ауыр 
бассүйек-ми 
жарақаты кезінде орталық гипертермия түрінде жиі кездеседі. 
Көбінесе гипертермия себептері қабыну асқынулары (пневмония, 
менингит) және зат алмасудың бұзылуы. 
Зат алмасудың ауыр бұзылыстары ұзақ уақыт кома 
жағдайында болған науқастардың барлығында кездеседі. Олар су, 
электролит, ақуыз, май және көмірсулар алмасудың бұзылуымен 
көрінеді және мидың гипоталамус және бағана бөліктерінде 
орналасқан жоғарғы вегетативті орталықтардың жарақатының 
зақымдалуы, шоктың, қан айналымының жетіспеушілігі немесе өте 
төмен қан қысымының, гипоксия нәтижесінде болатын 
бүйректердің сүзу қасиетінің бұзылу салдарынан болады. Зат 
алмасу және энергетикалық байланыстың бұзылыстарын ретке 
келтіру жолмен жүзеге асырылады. 
1. Қышқыл-сілтілі жағдайдың бұзылыстарын емдеу, бұл 
бұзылыстың тыныштық жағдайда сыртқы тыныс алуды, өкпенің 
қалыпты вентиляциясын, ацидоз кезінде натрий бикорбонатын, 
алкалоз кезінде хлорсыз натрийді енгізуді қамтамасыз ету. 
2. Май және белок байланыстық бұзылыстарын емдеу (құрғақ 
нативті плазма енгізу, калий мен кальций хлоридінің ерітінділерін 
енгізу және т.б.). 
3. Гормондық терапия. 
4. Энергетикалық байланысты реттеу (парентералды және 
зонд көмегімен енгізу). 
5. Тәулігіне 2-3 литр сұйықтық енгізу, себебі организмде зат 
алмасудың бұзылыстары тереңдеп, сұйықтықтың ұлпаларда қалып 
қоюына алып келеді. 


53 
6. Ми ісінуі мен және бассүйек ішілік гипертензияға 
ерітінділерді енгізу (манитол немесе мочевина). 
7. Мидың гипоксияға резистенттілігін көтеруге бағытталған 
шаралар (ұзақ жалпы баяу гипертермия, краниоцеребральды 
гипотермия, гипербариялық оксигенация). Инфекциялық және 
трофикалық асқынулармен (пневмония, жауыр, тромбофлебит 
және т.б.) күресуге көңіл бөлу қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет