Казахстан



Pdf көрінісі
бет37/80
Дата06.12.2023
өлшемі3.42 Mb.
#485609
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   80
дек. Нейрохирургия

Жабық түрде дұрыстау. Мойын омыртқаларының ығысуы 
кезінде, жартысынан көбісінде неврологиялық өзгерістер болады. 
Осы кезде жиі түбіршектік ауырсыну болады, сирек оның көлденең 


93 
зақымдануы болады, екіншілік невроз болады. Екінші реттік 
неврологиялық өзгерістер бұл ығысудың қайталануы кезінде 
немесе жарақатты емдеуде болады. Мойын омыртқасының 
жарақатының ығысуы кезінде келесі ем қолданады:
1) Әр уақытта тартып қояды;
2) жабық түрінде дұрыстау;
3) Ашық түрінде отамен дұрыстау. 
Ең кең қолданылатын әдіс тартып дұрыстау әдісі. Атлант пен 
төменгі мықын омыртқасының шығуы кезінде тұрақты тарту мен 
дұрыстау ең тиімді әдіс болын табылады. Мойын омыртқаларының 
ілініп сынуы кезінде бұл әдістің тиімділігі жоқ. Өткен он жыл 
аумағында омыртқаның мойын бөлігінің сынуы мен шығуы кезінде 
жабық бір уақытты дұрыстау қолданылмаған. Авторлардың ойы 
бойынша омыртқаны бұлай дұрыстау жұлынның мойын бөлігін 
қосымша зақымдауы мүмкін. Сондықтан да бұл әдіс кең 
таралмаған. Бірақ кейбір авторлардың айтуы бойынша 
дислокацияны жою немесе азайту үшін мойын бөлігіне абайлап 
қолмен жасалатын манипуляциялар тиімді болып табылған. Бұл 
шаралар тәжірибелі мамандармен жасалуы керек. 
Омыртқаның жылжуы жұлынның зақымдануын күшейтеді 
және тез арада қалпына келтіруді қажет етеді, себебі жарақаттан 
кейінгі алғашқы 24 сағатта жұлынның зақымдануының 
қайталануын анықтау қиынға соғады. Мойын омыртқасының 
шығуы немесе таюы кезінде жабық бір уақытта дұрыстау әдісі 
қолданылады. Бұл кезде жұлынның көлденең зақымдануының 
толық және жартылай белгілері көрінеді. Қылқан тәрізді өсінді мен 
буынды өсіндінің шығуы мен сынуы кезінде, омыртқа денесінің 
компрессиялық сынуы кезінде бір уақытты жабық дұрыстау әдісі 
көрсеткіш болып табылады. 
Мойын омыртқасының шығуы және екі жақтылы СЗ-С7 
сегменттерінде орналасқан сынық кезінде Рише-Гютера әдісі 
қолданады. Оны дұрыстау кезінде «тұтқа» әдісі қолданылады. Ол 3 
кезеңнен тұрады. Омыртқа бағанасы бойынша басын омыртқа 
жотасы бойымен тарту керек. Бас пен мойынды таю жаққа қарай 
ротациялайды. Бұл дұрыстау толық және жартылай таю кезінде 
қолданады. Дұрыстап болған соң краниоторакалды гипстеу 


94 
арқылы иммобилизация жасайды. Бір уақытта жартылай дұрыстау 
әдісімен мойынның төменгі омыртқаларын 90% жөндеуге болады. 
Егер дұрыстау тұрақты болмайтын болса, алдыңғы спондилодез 
жасалады. Кеуде және бел омыртқаларының жартылай салдануы 
мен сынуын емдеу кезінде жабық репозиция әдісін қолданады. Бұл 
әдістің мәні омыртқаны жазып, фиксациялау. Әмбебап ортопедия- 
лық ұстелде наркозбен жасалады. Осының нәтижесінде сынған 
омыртқа дұрысталады. Осыдан кейін сынған бөлікке экстензиялық 
корсет қояды. Егер омыртқаның сынуы плегиямен жалғасса, 
репозицияны тез арада жасау қажет. Ал егер плегия болмаса, онда 
бірнеше күн күтуге болады. Кеуде және бел омыртқасының сынуы 
кезінде жабық дұрыстаудан кейін ешқандай асқынулар болмайды, 
себебі омыртқаның алдынғы бетінде жатқан байламды және 
бұлшық етті аппарат омыртқаны шекген тыс жазылудан, ал 
жұлынды қосымша зақымданудан сақтайды. Егер омыртқа 
денесінің компрессиялық сынуы мен омыртқа доғасының сынуы 
қоса келетін болса, бірден дұрыстау әдісі қарсы көрсеткіш болып 
табылады, себебі сынған доға қозғалып, жұлынды екінші рет 
зақымдауы мүмкін. 
Омыртқалар денесінің доғасы мен буын өсінділерінің 
сынуымен қосылатын болса, бірден жөндеуге ламинэктомияны 
қоса жасайды. Қалыпты анатомиялық құрылымға келтірген соң 
мойынның жарақаты кезінде торакокраниалды гипсті таңу, ал 
омыртқаның төменгі бөлігінің жарақаты кезінде корсет таңады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет