Казахстан


Мидың метастаздық ісіктері



Pdf көрінісі
бет60/80
Дата06.12.2023
өлшемі3.42 Mb.
#485609
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   80
дек. Нейрохирургия

Мидың метастаздық ісіктері. Мидағы қатерлі ісіктердің 
метастаздары әртүрлі ағзаларда таралуы мүмкін. Метастаз көбінесе 
өкпеден, сүт безінен, бүйректен және т.б. таралады. Ақырғы 
жылдардағы статистикалық зерттеулер бойынша дүние жүзі 
елдерінде бронхогенді қатерлі ісіктер санының едәуір өсуін 
көрсетті. Бұл кезде басқа ағзалардың ісіктеріне қарағанда өкпе 
қатерлі ісігі миға өкпелік веналар жүйесі бойынша ерте және жиі 
метастаз береді. Әр түрлі авторлардың мәліметтері бойынша 
өкпеден миға метастаз беру жиілігі 11-50% аралығында. Миға 
метастаз берудің ең негізгі жолы гематогенді болып саналады, 
бірақ лимфа және ликвор жолдары бойынша метастаз беру де 
байқалады. Қатерлі ісіктерден қайтыс болғандар арасында 
церебральды метастаз беру жиілігі 10%-дан 38%-ға дейін 


158 
байқалады. Қатерлі ісіктің метастазы мида солитарлы немесе 
көптеген түйін ретінде және оның супратенториумдық орналасуы 
субтенториумдық орналасуына қарағанда 3 есе жиі кездеседі. 
Қатерлі ісік алғашқы ошағының және церебралды метастаздардың 
кезектесіп пайда болуына келетін болса, жарты жағдайында, 
бастапқысында 
бассүйек 
ішілік 
ісіктің 
неврологиялық 
симптоматикасы, ал басқаша милық белгілер ішкі ағзалардағы 
қатерлі ісіктің клиникалық көрінісі түрінде пайда болады. 
Сондықтан жиі миға қатерлі ісіктің метастазы бар жағын 
анықтайтын мәліметтерсіз бассүйек ішілік ісіктердің белгілеріне 
байланысты оталық кірісулер жиі жасалады және ісіктен алынған 
гистологиялық анализ оның сипатын анықтайды. Кахексия жоқ 
болғанда, сонымен қатар алғашқы ошақ орналасуы анық емес 
жалғыз ғана метастаздың клиникалық мәліметтері бар кезде ғана 
ота көрсетіледі. Қатерлі ісіктің миға жалғыз ғана солитарлы 
метастазының салыстырмалы жиілігін айта кеткен жөн. Ішкі 
ағзалардың қатерлі ісігі кезінде бас ішін ашып тексеру мәліметтері 
бойынша миға метастаз 1/3 жағдайында, жалғыз метастаз 1/3 
жағдайда, көптеген метастаз 1/2 жағдайында қатерлі ісік 
жасушаларының 
диффузды 
таралуымен 
қабықтардың 
карциноматозы табылған. Бірақ та мида жалғыз метастаз болса да, 
тағы басқа ағзаларға метастаз берілуі анықталған. [31] 
Ісіктің миға метастаз беруі кезінде нейрохирургтар 
хирургиялық кірісуге ұстамды келеді, ал кейбір нейрохирургтар 
отаға көрсеткішті кеңейтуді қолдауда, өйткені метастазды алып 
тастағаннан соң науқастың өмір ұзақтығы 1-2 жылға ұзарады. 
Ал ісіктің мишықтағы метастазын жойған соң қолайлы 
нәтижелер пайда болады, яғни окклюзиялық гидроцефалия мен 
бағанның қысылу құбылыстары жойылады. Церебральды 
метастазға ота жасалған науқастың өмірі ұзарады. Мидағы немесе 
мишықтағы қыртысты аймақтарында орналасқан солитарлы ісік 
түйінін алып тастау қиындыққа соқпайды. Өйткені бұл түйін 
мишық ұлпасынан ісік зонасы мен некроздың ыдырауымен 
шектеліп тұрады. Бірақ солитарлы түйінге ми мен мишықтағы 
капсуласы жоқ және инфильтрациялық өсудің барлық қасиеттері 
тән болады, олар қоршаган милық ұлпамен еріген демаркациялық 
аймақпен шектеледі. 


159 
Мидағы жалғыз метастаз науқастың ауыр жағдайын 
нашарлатады. Алғашқы үрдістің жасырын кезеңі және науқастың 
бірінші реттік ошағын жою және метастаздың пайда болу аралығы 
қатерлі ісіктің кейбір критерийі болып табылады. 
Гипернефромдық ісіктің биологиялық ерекшеліктері мидан 
метастазды алып тастау кезіндегі қолайлы нәтижелерге негіз бола 
алады, бұл құбылыс ота жасалған науқастарды бақылаған кезде 
анықталады. [33] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет