Казахстан



Pdf көрінісі
бет8/80
Дата06.12.2023
өлшемі3.42 Mb.
#485609
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   80
дек. Нейрохирургия

Миелография. Кейбір жағдайларда клиникалық, рентгено- 
логиялық және тағы басқа да арнайы зерттеу әдістерінің 
мәліметтері бойынша мидың немесе жұлын ауруларының нақты 
диагнозын қою мүмкін емес. Сол кезде рентгенологиялық 
контрасты зерттеу әдістepi (миелография, ангиография, пневмогра- 


13 
фия) қолданылады. Олар нақты диагноз қоюда (әcipece ісіктерде, 
ми мен жұлын қан тамырларының ауруларында) қолданылады, 
бipaқ науқастар оларды нашар көтереді, кей жағдайларда 
асқынулар болуы мүмкін. 
Миелографияны, позитивті контраст зат – липиодолды, 
жұлынның торлы қабықша асты кеңістігіне жiберу түpін 1921 
жылы Сикар мен Форестье ұсынды [8]. 
Миелографияның, келесі түpлеpi бар: 1) төмен бағытталған, 
салыстырмалы тығыздығы 1-ден жоғары (яғни ликвордың 
салыстырмалы тығыздығынан жоғары), науқасты отырғызып 
үлкен цистернаға енгізу арқылы жұлын компрессияның жоғарғы 
деңгейін аныктау; 2) салыстырмалы тығыздығы l-ден жоғары 
позитивті контраст заттарды жұлын компрессиясы деңгейінен 
төмен жерден енгізіп, науқасты мынадай жағдайға ауыстырады: 
оның омыртқа жотасының жоғарғы 6өлігi горизанталь 
жазықтықтан төмен орналасады. Бұл кезде контраст зат жоғары 
қарай жылжып жұлын компрессиясының төменгі деңгейін 
анықтайды; 3) ауа немесе оттегіні енгізу арқылы жасалатын 
пневмомиелография; 4) изотопты миелография. 
Миелография үшін йод ерітінділерінің әр түрлі майлардағы 
және этил эфирлі қышқылдарының қоспаларындағы позитивті 
контрастты препараттар қолданылады. Олар әр түpлi тұтқырлықта 
болады. Төмендеген миелографияда контраст заттарды мидың 
үлкен цистернасына енгізу кезінде науқасты отырғызып жасаған 
дұрыс болады. 1-2 мл ликвор алынатын цистерналық пункцияны, 
алдын-ала дайындалынған, ішінде 1-6 мл контраст заты бар, 
шприцпен үлкен цистернаға енгізеді. Инені алып болғаннан кeйін, 
науқасқа басын жайлап бүгyi, оңға-солға қисайту керек екенін 
айтады. 
Рентген cуpеттерін (жалпы және нысаналы) алдыңғы, артқы 
және бүйір проекцияларында науқасты тұрғызып немесе 
отырғызып жасайды. Миелографиядан 15-20 мин. өткен соң 
науқасты отырғызып, контраст заттардың тұрып қалуына 
күдіктенген аймаққа рентгенография жасалынады: 1 және 24 
сағаттан кейін (керек болған жағдайда 48 сағаттан кейін тежегіш 
болатын және оған жақын жатқан аймақтардың бақылау суретін 


14 
жасайды). Бұл кезде науқас алғашқы тәуліктерде, төсекте денесінің 
бас жақ бөлімін жоғары көтеріп жатуы қажет. 
Торлы қабықша асты кеңістігінің толық тежегіші кезінде ең 
ақпаратты миелограмма алынады. Интрамедуллалық iciктеp үшін 
контраст заттардың тicтi жолақ ретінде омыртқа бойымен icік
деңгейінде орналасуы тән. Бұл сурет, жұлынның өзгерген бөлігінің 
бейнесі болып саналады. Интрамедуллалық ісіктерде жұлын 
ұршық тәрізді толып, ликвор жолдарын қысып, жіңішке 
саңылаулар түзеді. 
Экстрамедуллалық iciктep миелограммада төмен қараған 
конус болып сипатталады. Түзілген бағана күмбез тәрізді болып 
көpiнеді. 
Созылмалы арахноидиттер немесе тамырлы мальформация- 
лар кезінде, толық тежегіш болмаған жағдайда, контраст заттар iciк 
үстінде, негізінен төмен қараған конус ретінде жинақталады. 
Түзілген бағана күмбез тәрізді болып көрінеді [5]. 
Омыртқалық дискiлерінің жарығын диагностикалау үшін бел 
белөмінде L2-L1 деңгейі арасын пункция жасап, 5-6 мл контраст 
зат енгізіліп, ал алдын - ала 4-6 мл жұлын сұйықтығын шығарып 
алады. Дискілердің жарығы болған кезде контраст заттың бағаналы 
толуы шеткі ойықтар түзе толады. 
Миелографияның контраст заттарын тежегіш деңгейінен төмен 
люмбалды пункция арқылы 6-9 мл мөлшерде енгізеді. Науқас бас 
жағы төмен түсетін арнайы рентген устелінде жатады, рентген 
экранының бақылауымен контраст заттар науқастың бас жағын 
төмен түсіргенде зерттеу орнына әкеледі. Зерттеу соңында 
люмбалды пункция арқылы контраст заттарды қайта алып тастайды. 
Пневмомиелография ауаны немесе оттегіні жұлынның торлы 
қабықша асты кеңістігіне люмбалды немесе сирек қолданылатын 
субокципиталды жолмен енгізу, кейіннен рентгенография 
жасаудан тұрады. Газды аздаған мөлшермен (5-10 мл) 60-90 мл-гe 
дейін кішкене жұлын-ми сұйықтығын қосып енгізеді. Зерттеу 
деңгейіне байланысты рентген үстеліне әр түpлi қалыпта қойып 
қарау арқылы, науқастағы газдың қозғалысын байқайды. 
Пневмомиелографияның кемшілігi, жасалған миелограммада 
газдың айқын шекарасы болмайды, сондықтан да диагноз 


15 
қойылмайды. Томографиялық әдісті пайдаланғанда зерттеу 
нәтижелері жақсарады. Патология бар кезінінде үрдістің сипатын 
жұлынның торлы қабықша асты кеңесістігінің пішінінің өзгеруіне 
байланысты бағалайды. Сондықтан да ажыратпалы диагностиканы 
позитивті контраст заттармен жасалатын милографиядағыдай 
жасауға мумкіндік туады [6]. 
Изотоптық миелографняны жұлынның торлы қабықша асты 
кеңістігінің әр түрлі дәрежедегі блокадасы кезінде патологиялық 
үрдістің орналасуын анықтау үшін қолданады. Люмбалды 
пункциядан және жұлын-ми сарысулы динамикалық сынауларды 
жасағаннан кейін науқастың торлы қабықша асты кеңістігіне 2 мл 
радиоактивті газ қоспасын (5-10 мКн) ауамен қосып береді. 
Люмбалды пункция орнынан жоғары iciк барына күмән болса, 
науқас жағдайына қарай, мүмкін болса, отырғаны жөн. 
Жоғары сезгіш сцинтилляциялық eceптегіш пен радиометрлік 
зерттеу радиоактивті заттардың торлы қабықша асты кеңістігіне 
және толық немесе жартылай тежегіш аймағына таралуын 
керсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет