16
жасалынады. Мидың қатты қабығы ұзындығы 4-5 мм-дей ұзыннан
немесе айқастыра тілінеді. Ми қыртысының диаметpi 2 мм бөлігін
коагуляциялайды. Ұзындығы 10 см, бүйір
тесіктері бар доғал
арнайы инемен миға пункция жасайды. Қарынша қуысын шамалап
кеңейткенде қарыншалық пункция жасау жеңілдейді. Пункция
барысында, пункция жасалып жатқан қарынша қысылған жағдайда
қиындықтар жиі кездеседі. Пункция көбінесе бүйір қарыншаның
артқы немесе алдыңғы мүйіздеріне
жасалады, ал төменгі мүйізге
сирек жасалады [10].
Бүйір қарыншаның артқы мүйізінің пункциясы.
Фрезалық тесік ұзынынан және көлденеңнен орналасқан
синустардың қиылысу нүктелерне сәйкес келетін, сипағанда жақсы
сезілетін шүйде төмпешігнің 3 см жоғары орналасқан пункциясына
арналған. Қарынша пункциясына арналған сантиметрлік белгілері
бар, ұшы доғал канюляны, аттас жағындағы көз ұясының жоғарғы
сыртқы қырына бағыттай енгізеді. Үлкен
адамдарда, қалыпты
жағдайда 6-7 см тереңдікте артқы мүйізге енеді.
Едәуір
айқындалған гидроцефалияда бұл қашықтық қысқарады.
Достарыңызбен бөлісу: