Казахстан



Pdf көрінісі
бет50/80
Дата06.12.2023
өлшемі3.42 Mb.
#485609
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   80
дек. Нейрохирургия

Интрацеребралды ісіктер. Үлкен жарты шар ішіндегі 
ісіктерді алу қиын болатын себебі, онда көбінесе терең, үлкен және 
жиекті ісік болады. Ми іші ісігін ми сыртын көргеннен кейін 
анықтай алады. Кейде ми ісігі ми қабына еніп кетеді, ол ми қабы 
ісік жанында сұр "өлі" секілді болады. Миды пальпация жасағанда 
тереңірек тығыздық бар секілді болады немесе ісік іші ұрасы 
былқылдайды. Бірталай физиологиялық әдістер экстра және 
интрацеребральді ісікті табуға (әсіресе көргенде, пальпация немесе 
пункцияда анықталмаса) оның аумағын және тереңдігін анықтауда 
көп көмек береді. Оған жататындар электрокортикография және 
электросубкортикография электродтардың көмегімен ми қыртысы 
құрылымдарының электрлік активтігін зергтейтін әдістер. Ота 
кезінде электродтарды ми қабықшасы асты құрылыстарына тақап 
сырттан көрінбейтін интрацеребральды ісікті анықтайды. 


128 
Ашылған мидың биоэлектрлік активтігіне ЭЭГ қандай бағамен 
анықтаса, сондай критериймен береді. Ашылған қатты қабықтың 
және ми беті эхоэнцефалографиясы ісік болса қалыпты 
эхоэлектрлік феномендерден бөлек сигналдарды тіркеуге 
мүмкіндік береді. Ісіктің эхо-кешендер бір-бірімен қосылып пик 
секілді импульстер болады. Ісік локализациясын анықтауда 
радиометриялық әдіс пайдалы. 
Ашылған мида алынған электрокортикография, электро- 
субкортикография, радиометрия және эхоэнцефалографиялық 
бағалау. Ми іші ісіктерін дәлелдеуге, ми қабы және қап асты 
функциялық маңызды бөліктерін білдірмеуге, операцияны 
радикалды және функциялық жақсы қорытындымен көмектеседі. 
Егер ми іші ісікті анықтау қиындаса, онда шпательмен ми 
қабын және ақ затты итереді, сонан кейін ми ұлпасының кәдімгі 
суретінің өзгеруіне және оның қатаюына қарап ісік ұлпасын 
анықтайды. Қан тамырларын коагуляциялағаннан немесе қысып 
бекітілгеннен кейін ми ұлпасын кеседі. Ми тамырлары және 
қапшығы мен қоса кесетін жердегі сызықта ми қабықшасын 
коагуляциялайды, содан кейін ми қапшығын электрлік пышақпен, 
скальпелмен немесе қайшымен кеседі және шпательмен итереді. 
Шпатель астында ми қабын сулаған мақталы кең қиындымен 
жабады. Ми ақ заты арқылы құрал жабдықтарды өткізгенде 
көбінесе қан шықпайды. Кейде венадан қан ақса, онда шпательді 
тереңірек кіргізгенде венаны қысса, қан ағуы тоқтайды. Кейде ми 
ұлпасын айырғанда қан тамырларын коагуляциялайды немесе 
клипсалайды. Қан ағуы уақытша жұмсақ тампондардан тоқтауы 
мүмкін. Миды ашуда қан ақпау жағын қарастыру керек. Сонда 
қалыпты ми ұлпасының фонында патология жеңіл анықталады 
және топографиясын білуге болады. Егер ми айыру жарақатпен 
жүрсе, онда шпательдің қанмен араласқан және езілген ми 
ұлпасының немесе патологиялық өзгерген немесе ісік ұлпасының 
айырылғанын анықтау қиындайды. Мұндай жағдайда қалыпты ми 
ұлпасы мен ісік ұлпасының шектеуі ерекше қиындайды. Көп 
жағдайда ми ұлпасын қан шығармай кесу күрделі емес. Ота 
жасауға кәдімгі әдістемеліктен шықпау керек. 
 


129 
Тереңде орналасқан ісіктерге жету үлкен жарты шарға 
рационалды "физиологиялық" кесуді дұрыстап қарастыру 
функциялардың минималды бұзылуы үшін принципті маңызды 
орын алады. Кейде терең жатқан ісіктерге жетуде мидың мылқау 
бөліктеріндегі деп аталатын әлдеқайда ұзын ми іші каналы арқылы 
жүргізу функциялық маңызды бөліктері орналасқан қысқа жолмен 
жасаудан өте тиімді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет