Казахстан


Үлкен жарты шарлар ісіктері



Pdf көрінісі
бет48/80
Дата06.12.2023
өлшемі3.42 Mb.
#485609
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   80
дек. Нейрохирургия

Үлкен жарты шарлар ісіктері. Мидың сәйкес бөлімдерінің 
тітіркенуі, қысылуы және бұзылуы себепті жарты шар ісіктерінің 
ошақтық немесе бөліктік белгілері пайда болады. Бұл белгілерге 
жататындар: мидың маңдай бөлімінің ісіктері салдарынан психика 
бұзылуы; тұрған жері, уақыты, оқиғаға байланысты ориентация 
бөлінуіне дейін болатын сыртқы жағдайға қызықтауының 
жоғалуы, мінез-құлқын адам түсінбейтін өзгеруі, аяғынан тұруы 
және жүрудің бұзылуы ( маңдай атаксиясы, астазия-абазия) және 
дәрет алу кезінде тазалықты сақтамау; Джексондық эпилепсия 
ұстамасы, парездермен плегиялар – бұлар орталық қатпарлардың 
ісіктерінен; 
сенсорлық 
эпилепсиялық 
ұстамалар 
және 
сезімталдықтың бұзылуыартқы орталық қатпарлар ісіктерінен
моторлық афазия сол жақтағы төменгі маңдай қатпарларының 
артқы бөлігінің ісіктерінің бас орталығы); сенсорлық афазия сол 
жақтағы самай бөлігінің жоғарғы қатпарларының артқы бөлігінен; 
амнестикалық афазия – сол жақтағы самай бөлігінің орталық 
қатпарының артқы бөлігінің ісіктерінен; квадранттық немесе 
гомонимдық гемианопсия – самай немесе желке бөліктерінің 
ісіктерінен және т.б. 


122 
Қатты ми қабықшасының мидан тыс ісіктері және әрі қарай 
терең өзекке айналатын мида шұңқыр пайда қылатын осы ісіктер 
алдымен ми қабын қоздырып, содан кейін түсіп қалу белгілерін 
туғызады. Менингеомалы ісіктің көп белгілерінен оның ішінде 
парездер мен плегиялардан бірнеше жыл бұрын тітіркену 
кояншықтары ұстауы мүмкін. Ал қапшық асты бөліктерінен пайда 
болған бассүйек іші ісіктерінде, керісінше көп ретте, әуелі түсіп 
қалу белгілері пайда болып, тек әрі қарай ісік ми қабына енсе, 
эпилепсиялық қояншық түрінде тітіркену белгілері пайда болуы 
мүмкін. Бірақ эпилепсиялық көріністерде бассүйек іші ісіктерінің 
алғашқы белгілері көбінесе өте жиі болатынын айта кету керек. 
Үлкен жарты шарлардың ісіктерінде ұялы белгілер бассүйек 
іші қысымының көтерілуінен және ену белгілерінен бұрын пайда 
болады. Бірақ ми компенсациясы қабілеті болатындықтан, кейде 
үлкен ісіктерде ұялы белгілер өте көмескі болады да, аурулар оған 
көңіл бөлмейді, сондықтан олар дәрігерге бассүйек іші қысымы 
артқан кезде бас ауру және көруі нашар болған соң қаралады. 
Ісік ауруы кезінде, бассүйек іші қысымы артқандықтан 
ликвордың қысымының артқанын диагностикалық люмбальды 
пункция кезінде анықтауға болады. Субарахноидальдық кеңістікке 
қатысты мидан тыс менингеомаларда, ликворда белоктың 
көбейгенін анықтауға болады. Керісінше бассүйек ішілік ісіктерінде 
– ликворлық кеңістіктің қатысы болмағандықтан, ликвор құрамы 
қалыпты болады. Егер ми ішіндегі қатерлі ісік қарынша қабырғасын 
немесе мидың бетін тесіп өтсе, онда ликворда белоктың деңгейі 
жоғарылайды және плеоцитоз байқалады. 
Люмбальды пункцияны тағайындауда өте сақ болу керек және 
оны жасауда да бассүйек іші қысымы жоғары болғандықтан сақтық 
керек. Көп жағдайда люмбальды пункциядан дұрысы бас тарту 
керек. 
Көп ретте клиникада қауіпсіз қосымша әдістерді қолдану 
ангиография, пневмоэнцефалография дәлелдейді және хирургия- 
лық зерттеу көп жағдайда операция жасауға керекті диагноз қоюға 
болмайды. Сол себепті диагнозды дәлелдеу және бекіту үшін 
ангиография және пневмография секілді зерттеу үрдістерін 
пайдаланады. 


123 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет