Казахстан



Pdf көрінісі
бет74/80
Дата06.12.2023
өлшемі3.42 Mb.
#485609
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   80
дек. Нейрохирургия

Тума гидроцефалия. Бұл түрінде бассүйек ішілік 
сусіңділенудің, іште даму және туылу кезеңдерінде немесе өмірінің 
алғашқы жылдарындағы миға әсер етуші себептерінің әсерінен 
күшейе түсуі байқалады. Бүл себептерге жататындар: 
а) Анасының мерез, токсоплазмоз және басқа да 
жұқпалы-қабыну аурулары ұрық миы дамуын төмендететін, 
ликвордың сорылуына әкеліп, ұрықта менингоэнцефалитті 
дамытатын сыртқы және ішкі уланулар; 
б) Бассүйек ішілік қан құйылуларға әкеліп соқтыратын 
босану кезіндегі бассүйек жарақаттары. [42] 
Кейбір жағдайларда тума гидроцефалия мидың даму 
кемістігін керсетеді. Ол мида және ми жүйкелеріндегі сему және 
дегенерациялық үрдістерді дамытатын бассүйек ішілік қысымның 
көтерілуі нәтижесі болып табылады. 


202 
Сурет 44. Туа біткен баланың су миы тура проекция 
Сурет 45. Туа біткен баланың су миы, бүйір проекция 


203 
Бассүйек ішілік қысымның тұрақты жоғарылауы ми 
капиллярларының қысылуына және жүйке ұлпасының семуіне 
әкеліп соғады. Ми жүйкелерінің зақымдалуы бірінші кезекте көру 
функциясының 
бұзылуымен, 
көру 
жүйкелерінің 
әртүрлі 
дәрежедегі семуімен сипатталады. Қозғалыс сферасындағы 
бұзылыстар балалардың кеш отыруы мен жүруі, басын нашар 
ұстауымен айқындалады. Аяқ-қолдарының парездері мен 
плегиялары, мишықтық бұзылулар әртүрлі дәрежеде көрініс 
береді. Балалардың ақыл-есі дамуының тежелуі кең шектерге 
жетеді. Кейде ақыл кемістігі және идиотизм байқалады. [13] 
Жедел окклюзиялық ұстаманың туындауымен жүретін 
гидроцефалды синдромның өршуі жедел айқындалған бас 
ауруымен, бас айналуымен, брадикардиямен, кейде тахикардия- 
мен, тониялық дірілдермен, ес-түссіз жағдайларға әкелуімен 
көрініс береді. 
Емі. Анасының анамнезінен мерез немесе улану белгілері 
(токсикоз) анықталған кезде жүйелі және тұрақты арнайы ем 
жүргізу қажет. Гипертензия синдромы табылған кезде 
дегидратациялайтын және қабынуға қарсы ем қолданылады. Кейде 
мидың тамыр өрімдерінің секрециясын төмендету мақсатымен 
рентгенотерапия тағайындалады. 
Гидроцефалияның тума түрінде дамитын ауруларды 
кез-келген сатысында тоқтатуға болады. Жеңіл өтетін түрлерінде 
толық жазылуы байқалады. Ал ауыр өршу ағымында дер кезінде 
хирургиялық көмек көрсетілмеген жағдайда болжамы қолайсыз 
болады. Мидың даму кемістігінің басқа да кемтарлықтарымен 
(менингоцеле, Мажанди және Люшка тесіктерінің атрезиясына) 
байланысты болуын айқындай түседі. 
Тума гидроцефалияның негізгі екі: байланысып жататын және 
окклюзиялық түрін ажыратады. Соңғысы құрсақта дамудың ІІІ-ІV 
айларында Мажанди және Люшка тесіктерінің түзілуі болмағанда 
немесе ұрық миындағы қабыну үрдістеріне байланысты бұл 
тесіктердің едәуір кеш жабылуына байланысты дамиды. Соңғы 
жағдайда бітелу жоғарыда аталған тесіктер деңгейімен қатар 
сильвий су құбырында да болуы мүмкін. Қатынасты түрлерінің 
саны окклюзиялық түрінен шамалы арта түседі. Тума 


204 
гидроцефалияның асқынуы болып энцефаломаляция, көбінесе ақ 
зат бөлімінің ыдырауы болады. Бұның нәтижесінде мидың семуі, 
кейде айқындығы жоғары дәрежеге жететін, мидың үлкен ми 
сыңарлары орнында жұқа қабырғалы, ликвормен толған 
көпіршіктер пайда болады. [33] 
Тума гидроцефалияның клиникалық бейнесі бассүйек 
пішінінің өзгеруімен және үлкеюімен, кейде шамалы түрде, 
көптеген жағдайларда бірден туа салысымен анықталатын 
бассүйек өзгеруімен, улкеюімен сипатталады. Кейінде ми 
сұйықтығы қысымының артуы әсерінен бассүйек үлкеюі тез өршіп, 
бассүйек жұқаруы, тігістердің ажырауы жүреді. Еңбектерінің 
соғысы жоғалған. Бұл кезде бет қаңқасы үлкеймейді, беті 
үшбұрышты пішінге еніп үлкен шар тәрізді баспен салыстырғанда 
кішірек болып көрінеді, түсі бозғылт, әжімді және қартайған 
тәрізді. 
Неврологиялық симптоматика көп бейнелі. Балалардың 
көпшілігі өмірінің алғашқы айында немесе алғашқы жылдарында 
әртүрлі интеркурентті аурулар мен асқынулардан (ойылу, 
дистрофиялар және т.б.) қайтыс болады, тек аздағандары ғана ұзақ 
жасайды. [22] 
Балалардағы тума гидроцефалия жағдайларында ота жасалу 
көрсеткіштерін шешу кезінде 2 негізгі сұрақты есте ұстаған жөн: 1) 
бастың көлемінің ұлғаюы өрши ме, жоқ па, қатынасты 
гидроцефалия кезінде патологиялық үрдістің тұрақтылығына 
байланысты хирургиялық әрекеттің қажеті болмайды; 2) ашық 
немесе жабық гидроцефалияның болуы, окклюзиялық жабық 
түрінде барлық жағдайлары кезінде ота міндетті түрде көзделеді 
(егер кері көрсеткіштері болмаса). Бірінші сұрағы баланың 
басының әр мөлшерін өлшеу арқылы бақылау жүргізілумен 
шешілсе, екіншісі клиникалық мәлімет пен пневмография 
нәтижесінің негізінде жүргізіледі. Егер пневмоэнцефалография 
кезінде ауа қарыншалар жүйесіне өтетіні байқалса, онда 
қатынысты ашық гидроцефалия, ал ауа қарыншыларға өтпесе, 
окклюзиялық жабық гидроцефалия болуы мүмкін. Күдіктенген 
жағдайларда кішкентай балаларда еңбегі арқылы тесіп – 
вентрикулография көмегімен диагнозды нақтылауға болады. 


205 
Оталық әрекетті мида және организмде қайтымсыз өзгерістер 
болмай тұрғанда, 6 айлығында немесе 1 жасында, қажетінше 
ертерек жүргізген жөн. Сильвий су құбырының жабылуы босанған 
кездегі жарақатқа байланысты болғандықтан, баланың өмірінің 
алғашқы апталарында-ақ оталық хирургиялық әрекет жасау қажет. 
Себебі, консервативті емнің әсері болмайды. Хирургиялық емнің 
мидың шамадан тыс зақымдалғанда, ми ұлпасы семгенде, 
интеллекттің қайтымсыз өзгерістерге ұшыраған кезінде, соқырлық 
анықталғанда қажеті жоқ. [24] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет