200
№7 Тақырып. Гидроцефалия
Гидроцефалия немесе ми сусіңделінуі деп - бассүйек
қуысындағы ликвор немесе ми
сұйықтығының мөлшерінің
көбеюімен сипатталатын патологиялық жағдайды атайды. Оның
төмендегідей түрлерін ажыратады:
А) Ми қарыншалары мен субарахноидтық кеңістіктегі
сұйықтық мөлшерінің өзгеруімен байланысты жалпы гидро-
цефалия;
Б) Қарыншалар қуысындағы
сұйықтықтың мөлшерінің
артуымен сипатталатын ішкі немесе қарыншалық гидроцефалия;
В) Ми семуі (атрофиясы) кезінде дамитын, қарыншаларда
сұйықтық мөлшері қалыпты сақталуымен
бірге субарахнойдаль-
дық кеңістіктегі сұйықтықтың артықтығымен сипатталатын және
сирек байқалатын сыртқы гидроцефалия. Қалыпты жағдайда
қарыншалар мен ми мен
жұлынның субарахниодальдық
кеңістіктегі айналымға түсетін жалпы сұйықтық мөлшері орта
шамамен 150 мл-ге тең. Оның 1/2 бөлігі ми қарыншалары мен
субарахниодальдық кеңістікке
теңбе-тең таралса, қалған мөлшері
жұлынның субарахниодальдық кеңістігіне таралады.
Негізінен ликвор мидың бүйір, III және IV қарыншаларының
тамыр өрімдері арқылы IV қарыншаға,
әрі қарай Мажанди және
Люшка тесіктері арқылы субарахноидальдық кеңістікке ағып
шығады. Ликвордың негізгі бөлігі үлкен ми сыңарларының сыртқы
беткейінде сорылады.
Нейрохирургия тұрғысынан алғанда гидроцефалияның келесі
негізгі түрлерін бөліп айтуға болады:
1. Ми сұйықтығының өндірілуінің жоғарылауы (гипер-
секрециялық түрі) салдарынан болған немесе ликвордың
сорылуының төмендеуінен болатын (арезорбтивті түрі),
немесе
осы 2 себептің қосарлануымен байланысты ашық түрі. Бұл кезде
ми сұйықтығының қарыншалар жүйесі мен субарахноидальдық
кеңістіктегі аралығындағы айналымы бұзылмаған;
2. Қабыну, ісік немесе басқа
себептерден дамыған ми
сұйықтығының қарыншалардан базальді цистерналар мен
субарахноидальдық кеңістікке өту жолында кедергісі бар жабық
(окклюзиялық) түрі.
201
Жабық гидроцефалияның
байланысқан тар жерлерінде
орналасқан бітелу үрдістеріне қарай келесі түрлерін ажыратуға
болады: а) Монро тесігі маңындағы окклюзия деңгейі; б) Сильвий
су құбырындағы; в) Мажанди және Люшка тесіктері маңындағы.
[33]
Даму уақытына байланысты гидроцефалияның туа және жүре
пайда болған (симптомдық) түрлерін ажыратады.
Олардың
әрқайсысының қатысты да, жабық та болып келетін түрлері бар.
Достарыңызбен бөлісу: