Казахстан


Мидың және оның бүйір қарыншаларының пункциясы



Pdf көрінісі
бет9/80
Дата06.12.2023
өлшемі3.42 Mb.
#485609
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   80
дек. Нейрохирургия

Мидың және оның бүйір қарыншаларының пункциясы. 
Қарыншалық пункциялар диагностикалық және емдік мақсатпен 
қолданылады: 
1. Қарыншалық жұлын-ми сұйықтығын зерттеу; 
2. Вентрикулографияны жүргізу; 
3. Наукастың 
жағдайы 
окклюзиялық 
гидроцефалияға 
байланысты ауыр болғанда қарынша жүйесін босату; 
4. Қарыншалар жүйесін ұзақ уақыт дренаждау және науқасты 
ауыр жағдайдан шығару үшін. 
Бүйір қарыншалардың пуқкциясы. Терінің кесілетін аймағы 
бриллиантты жасылмен немесе йодпен дәлдеп белгіленеді. 
Новокаин ертіндісімен жергілікті анестезия жүргізеді. Пункцияны 
бүйір қарыншаның алдыңғы, артқы немесе төменгі мүйізіне 
жасалуына байланысты белгілі жердегі жұмсақ тіндерді ұзындығы 
3-4 см дейін тіледі. Сүйектің аздаған алаңы распатормен 
жалаңаштандырылады. Жұмсақ тіндер Янсен винті жара 
кеңейткішімен гемостазға жеткілікті күшпенен жылжытылады. 
Үлкен көлемді фрезасы бар бұрғының көмегімен фрезалық тесік 


16 
жасалынады. Мидың қатты қабығы ұзындығы 4-5 мм-дей ұзыннан 
немесе айқастыра тілінеді. Ми қыртысының диаметpi 2 мм бөлігін 
коагуляциялайды. Ұзындығы 10 см, бүйір тесіктері бар доғал 
арнайы инемен миға пункция жасайды. Қарынша қуысын шамалап 
кеңейткенде қарыншалық пункция жасау жеңілдейді. Пункция 
барысында, пункция жасалып жатқан қарынша қысылған жағдайда 
қиындықтар жиі кездеседі. Пункция көбінесе бүйір қарыншаның 
артқы немесе алдыңғы мүйіздеріне жасалады, ал төменгі мүйізге 
сирек жасалады [10]. 
Бүйір қарыншаның артқы мүйізінің пункциясы. 
Фрезалық тесік ұзынынан және көлденеңнен орналасқан 
синустардың қиылысу нүктелерне сәйкес келетін, сипағанда жақсы 
сезілетін шүйде төмпешігнің 3 см жоғары орналасқан пункциясына 
арналған. Қарынша пункциясына арналған сантиметрлік белгілері 
бар, ұшы доғал канюляны, аттас жағындағы көз ұясының жоғарғы 
сыртқы қырына бағыттай енгізеді. Үлкен адамдарда, қалыпты 
жағдайда 6-7 см тереңдікте артқы мүйізге енеді. Едәуір 
айқындалған гидроцефалияда бұл қашықтық қысқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет