Казбекова Г. К., Ескалина К. Т., Набока О. М



Pdf көрінісі
бет15/21
Дата03.01.2022
өлшемі491.96 Kb.
#450693
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Қабат физикасы. лабораторлық сабақ

Зертханалық жұмыс № 4  

Тау жыныстарының абсолютті өткізгіштігін анықтау. Тау 

жыныстарының коллекторлық қасиеттерін анықтау 

 

Сабақтың  мақсаты:  Тау  жыныстарының  абсолютті  өткізгіштігін 

анықтау  арқылы  кеніштегі  қуысты  ортаның    сұйықтықты  өткізу  қабілетін 

анықтау  



Теориялық мәлімет: Тау жыныстарының абсолютті өткізгіштігі ұңғы 

өніміне әсер ететін негізгі фактордың бірі болып табылады. 



Өткізгіштік  деп  тау  жыныстарының  қысымдары  айырмашылығы 

кезінде өз бойынан сұйықтық пен газды өткізу қабілетін айтады. Қуыстылық 

пен  бірге  өткізгіштік  те  мұнай  коллекторларының  негізгі  көрсеткіштері 

болып саналады. Егер қуыстылық қабаттың сиымдылығын көрсететін болса, 

ал  өткізгіштік  қуысты  ортаның  өткізу  қабілетін  сипаттайды.  Өткізгіштік 

көрсеткіші  мынадай  көптеген  факторлармен  сипатталады:  тау  жыныстарын 

құрайтын 

әртүрлі 


түйіршікті 

материалдың 

іріктелу 

дәрежесі, 

седиментационды  процестермен  тау  жыныстарының  қуысты  кеңістігінің 

құрылымының өзгеру дәрежесі және т.б. 

Қуысты  ортаның  өткізгіштігі  тек  қана  қуысты  кеңістіктің 

құрылымынан  емес,  сонымен  қатар  қабат  флюидінің  түрі  мен  оның  қозғалу 

тәртібіне  де  байланысты  болып  келеді.  Осыған  байланысты,  мұнайлы 

жыныстардың  өткізгіштік  қасиеттерін  сипаттауда  абсолютті,  (физикалық), 

тиімді (фазалық) және тиісті өткізгіштік ұғымдары енгізілген. 

 Абсолютті  өткізгіштік  деп  өткізгіш  қуысты  ортаның    газбен 

физикалық-  химиялық  өзара  әсерлесуі  болмаған,  қуысты  ортаның  газбен 

толық толуы     жағдайындағы газды өткізу қабілетін  айтады. Өткізгіштіктің 

өлшем  бірлігі  ретінде  м

2

  қабылданған.  Тау  жыныстарының  өткізгіштігін 



өлшеу үшін көбіне мкм

(микрометр) қолданылады.   



 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет