Казбекова Г. К., Ескалина К. Т., Набока О. М


Жұмысты  жүргізу  тәртібі



Pdf көрінісі
бет3/21
Дата03.01.2022
өлшемі491.96 Kb.
#450693
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Қабат физикасы. лабораторлық сабақ

Жұмысты  жүргізу  тәртібі:  Үлгі  тастарды  саңылаусыздандыруды 

мынадай  тәртіппен жүргізеді. Үлгі  тас керн  қабылдағыш құбырдан алынады 

және  бұрғылау  көпіріне  немесе  арнайы  жәшіктерге  орналастырылады.  Үлгі 

тастар бұрғылау ертіндісінен  жанар маймен ылғалданған шүберекпен сүртіп 

тазартылады,  содан  соң  полиэтилен  пакеттерге  оралады.  Үлгі  тастың 

геологиялық сипаттамасы жасалып, нөмірленеді де, әрбір үлгі тасқа екі екіден 

этикетка  дайындалады.  Этикетканың  бірінші  экземпляры  полиэтиленге 

орналастырылады,  үлгі  тас  марліге  оралып,  шпагат  жіппен  байланады.  

Дайындалған  үлгі  тас  пленканың  бірқалыпты  жабуы  үшін  80  -  90  ºС 

температурада  бірнеше  рет  парафинге  батырылады.  Парафин  үстіне  екінші 

этикетка  жапсырылады,  этикеткадағы  жазу  оқылатындай  болуы  тиіс.  Содан 

соң,  үлгі  тастар  жәшікке  солдан  оңға  қарай  ұңғылардың  тереңдігінің  өсу 

тәртібіне қарай орналастырылады. 

Үлгі  тастарды сипаттау мынадай тәртіппен жүргізіледі: жыныс атауы, 

түсі, үлгінің мұнаймен қанығу  дәрежесі, құрамы, жыныстың текстурасы мен 

құрылымы,  жырықтардың  болуы,  олардың  бағытталуы  және  толуы, 

органикалық қалдықтардың көрсеткіштері мен олардың таралуы, жыныстарда 

әртүрлі қалдықтардың болуы, жыныстардың құлау бұрышы көрсетіледі. Үлгі 

тасты  сипаттауда    ұзақ  уақыт  сақталмайтын  белгілеріне,  ылғалдылығына, 

иісіне, мұнаймен қанығуына көңіл бөлу қажет. 




 

Зерттеуге жіберілетін үлгі тастар әрбір зертхана үшін бөлек таңдалады. 



Үлгі  тастарды  алу  жиілігі  комплексті  зертханалық  зерттеулер  үшін 

литологиялық  құрамы,  физикалық  қасиеттерінің  өзгерісі  және  үлгі  тастың 

қанығу көрсеткіштеріне байланысты анықталады. Негізінде үлгі тасты өнімді 

қабаттың  әрбір  0,5  м  сайын  алады.  Комплексті  түрде  зерттеу  жұмысын 

жүргізу  үшін  алынатын  үлгі  тастың  диаметрі  60  мм,  ұзындығы  110-120  мм 

болуы тиіс. 

Тау  жыныстарының  физикалық  қасиеттерін  зерттеу  алдында    үлгі 

тастан  әрбір  зерттеу  әдісіне  жеке  кесек  бөліп  алады.    Осы  мақсатта  алмаз 

коронкалы  станокпен  немесе  тас  кесетін  алмазды  дөңгелек  станокты 

пайдаланады.  Үлгі  тастың  ортаңғы  бөлігінен  цилиндр  формалы  дұрыс 

геометриялы  формалы,  ұзындығы  25  мм,  ал  диаметрі  30  мм  екі  үлгі  кесіліп 

алынады.  Осы  үлгілер  одан  әрі  жыныстың  сумен  қанығуын  және  тау 

жынысының мұнайды ығыстыру коэффициентін анықтауда қолданылады. 

 Зерттеу  жұмыстарының  көпшілігін  жүргізуде  үлгі  тастың  құрғақ 

минералды  скелетін,  мұнайдан,  судан  және  органикалық  заттардан 

тазартылған минералды скелетін қолданған дұрыс. 

Жыныстар  қуысынан  органикалық  заттарды  еріткіштердің  көмегімен 

шығару экстрагирование деп аталады және ол үшін  Сокслет (ОСТ 10075-39)  

аппараты қолданылады.    

Сокслет аппараты үш бөліктен тұрады: 1-түбі жазық әйнек колбадан, 2-

экстрактрдан,  3-шарикті  мұздатқыштан  тұрады.  Аппараттың  үш  бөлігі  бір 

бірімен шлиф арқылы жалғанады. 

Үлгі тастан бөлініп алынған кесек бөлігі экстракторға салынады. Содан 

соң экстракторды колбаға  жалғайды  және  оған еріткіштің сифоннан колбаға 

төгілетіндей  мөлшерін  құяды  және  50  мл  шамасында  еріткіш  мөлшерін 

қосады. Экстракторға мұздатқышты қосады, мұздатқышқа суды қосады және 

колбаны қыздыра бастайды.  

Колба  су  моншасында  немесе  жылытқыш  шкафта  электрлік  плитада   

қыздырылады. Аппараттың негізгі бөлігі болып экстрактор саналады. Ол бір-

бірі  арқылы  өтетін  екі  түтікшеден  тұрады,  еріткіш  буы  жалпақ  түтікше 

арқылы    колбадан  экстракторға  түседі,  ал  басқа  түтікше,  иілмелі  трубка 

немесе сифон арқылы сұйықтық кейін колбаға ағады. Еріткіш ретінде көбіне 

спиртті  бензолды    қоспа,  кейде  хлороформ  немесе    төртхлорлы  көміртек 

қолданылады.  Еріткіш  буы  жанындағы  трубка  арқылы  экстракторға  түседі, 

содан соң мұздатқышқа енеді.      Экстрактор сұйықтықпен толған жағдайда 

заттардың біртіндеп еру процесі басталады және ол еріткішпен бірге колбаға 

түседі.  1- әйнек колба; 2- экстрактор; 3- кері және шарикті клапан. 

 



 

 



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет