Казбекова Г. К., Ескалина К. Т., Набока О. М



Pdf көрінісі
бет7/21
Дата03.01.2022
өлшемі491.96 Kb.
#450693
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Қабат физикасы. лабораторлық сабақ

Зертханалық жұмыс №2 

 Тау жыныстарының физикалық қасиеттерін анықтау 

 

Сабақтың мақсаты: Кен орнында мұнай газдың қорын есептеу, мұнай 

және  газ  кен  орындарын  игеруді  жобалау  және  пайдалану  мақсатында  тау 

жыныстарының физикалық қасиеттерін анықтау 



1.1 Тау жыныстарының түйіршікті құрамын анықтау 

Теориялық  мәлімет:  Тау  жыныстарының  түйіршікті  құрамы  деп 

жыныстардағы  әртүрлі  мөлшерлі  түйіршіктердің  сандық  мөлшерін  айтады. 

Мұнайлы  жыныстардың  түйіршікті  құрамы  негізінен  0,5-0,05  мм  диаметрлі 

бөлшектерден  тұрады.  Түйіршіктердің  мөлшеріне  байланысты  жыныстар 

негізгі үш топқа бөлінеді: псаммиттер, алевриттер және пелиттер. 

Бірінші  топ  -  псаммиттер  мөлшері  1-0,1  мм  бөлшектерден  тұрады. 

Екінші  топ-алевриттер,  мөлшері  0,1-0,01  мм  түйіршіктерден  құралса,  ал 

үшінші топ- пелиттер мөлшері 0,01-0,001 мм түйіршіктерден тұрады.  

Тау жыныстарының түйіршікті құрамын анықтау үшін бірнеше әдістер 

қолданылады. Негізінен көп тараған әдіс сүзу және седиментационды әдістері 

болып табылады. Бұл әдістер әлсіз және орташа цементтелген тау жыныстары 

үшін  қолданылса,  ал  микроскоппен  шлифті  қарау  арқылы  зерттеу,  орташа 

және қатты цементтелген жыныстар үшін қолданылады.  

Сүзу арқылы  анализдеу  псаммиттердің құрамын анықтау мақсатында, 

ал  седиментационды  анализ  алевриттер  мен  пелиттердің  құрамын  анықтау 

үшін қолданылады. 

Сүзу  арқылы  анализдеу  әдісіне  қажетті  құрал  жабдықтар:  Агаттан 

жасалған  ұсақтағыш  (ступка),  резиналы  ұшты  құрал  (пестик),  аналитикалық 

әртүрлі салмақты өлшегіш қондырғы, стандартты сүзгіштер жиынтығы және 

кист. 


Сүзгілеу  әдісімен  анализдеуде  матадан  және  жібектен  жасалған 

сүзгіштер  қолданылады.  Бұл  сүзгілердің  мөлшерін  бір  сызықты  дюйм 

мөлшеріне сәйкес келетін тетіктер санымен анықтайды. Стандартты сүзгілер 

жиынтығы  11  сүзгіден  тұрады.  Мына  кестеде  сүзгілер  жиынтығыныа 

сипаттама берілген.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет