194
195
Байтұрсын әліпбиін көпшілік талқылау барысында мы-
надай пікір бар: “
Бикеш, бауыр деген сөздердегі и, у хәрпін
ильминский бір түрлі жазса керек дейді екі харіпменен. Біздің
фаһамымызша, айтылған
и, у-дың орнына екі хәріп жазу дұрыс
емес”.
ал <
ы>, <і> фонемаларының орфограммасы туралы
ғалымның өз сөзін тыңдағанымыз жөн: “
ы-
жаны, малы,
тары деген сөздерде н-ның,
л-дың,
р-дың соңынан естілетін
дыбыстың белгісі. Сөздің басында,
ортасында ы-ны қысқа
һәм көмескі естіп, бар-жоғы еленбейтін орындарда жазбаймыз.
мысалы
қн, қр, қрн, жлм, жлтр деген сөздердің ішінде <
ы>-
ның барлығы аз сезіледі, хатта сезілмейді деп те айтуға болады.
Бұл сөздерді /
ы/-ны жазғанда да жазбағанда да осылай оқимыз.
Жазбағанда оқылуымызға кемшілігі болмаса,
оны жазуға да
қажет жоқ.
Қаны, жаны, малы деген сөздерді
ы-ны жазбай, со-
лай оқи алмаймыз, сондықтан сөздің
аяғында ы жазу қажет. Сөз
басында
ы-ның өзі жазылмаса да, сүйеніш харпі алиф жазыла-
ды. мысалы:
ықтын,ынтық, ырғақ”.
талқыға салынған мақалаларда, мысалы, Ғ.мусин:“Әпенденің
ы харпін сөздің аяғына ғана жазып, басқа жерде жазбаймыз деуі
де қызық емес пе? /Ы/ аяғында керегі болған сияқты басқа жер-
лерінде де керегі болса керек” деп, қарсы пікір білдірген.
Бірақ ғалым фонемалық мәні болғанмен, жазылған сөзді оқуға
зияны тимесе, үнемдеп жазу принципін осы дауысты таңбасына
қатысты алған деп білеміз.
Жалпы, ғалым дауыстылар жүйесінің таңбалануын былай
бөлген:
1) <
ы> дыбысына қатысты жазу үнемділігін жасаған.
2) <
е> дыбысының таңбасын үнемі бейнелеп отыру керек,
өйткені сөз мағынасына әсер етеді. <
о>, <ө> қысаң еріндіктер
сөз аяғында
е-мен таңбалану.
3)
и дыбысына екі таңба алу.
а.Байтұрсынұлы әліпбиінде <
қ>, <
ғ>, <
к>, <
г>
фонемаларының арнайы таңбалары бар. Ғалым әріптердің
жазылуы туралы: “
қ,
ғ әрдайым жуан айтылады, жіңішке
айтуға көнбейді. <
к> һәм <
г> дәйім жіңішке айтылады, жуан
айтуға келмейді.
қ мен
ғ жазылған сөздердің алдында дәйекші
қойылмайды, оны қойғанмен бұл хәріптер жіңішке айтылмай-
ды.
к мен
г алдында дәйекші қойылмайды, оны қоймаса да ай-
тылатын болған соң” деп нақтылаған.
төте жазу орфографиясының бір өзгешелігі <
ш> орнына
ч
әрпінің қолданылуы. Оның себебін а.Байтұрсынұлы былай аша-
ды: “<ш> дыбысы
дан гөрі <ж>-ға жақын, олай болғанда
ш әріпінің түрі де (ж-ға) жақын болғаны ұнамдырақ көрінеді.
Осы айтылған оймен қазақ тілінде /ш/ хәрпі алынбай /ч/ хар-
пі алынды. мұны алғаннан кемшілік аз, ұнамы көп. мысалы,
екінші, үшінші, бесінші һәм басқа сондай /ш/ келетін сөздерді
екінчі, үшінчі, бесінчі деп жазсақ, бастапқылары ұнамдырақ
көрінеді. Себебі, менің ойымша, мынау боларға: ш араб тілінде
Достарыңызбен бөлісу: