Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет107/202
Дата17.05.2023
өлшемі1.82 Mb.
#473857
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   202
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

ұ, ү, у, о, ө дыбыстарына бір таңба арналуы себеп еді. 
Дыбыстардың еріндік, қысаң интегралауыш белгілерінен 
бөтен, өзара жуан-жіңішкелік (ұ-ү, о-ө) дифференциалды бел-
гісі және еріндік реңкі күшті, әлсіз, орта, орталау белгілері бар. 
Сондықтан олар сөзайырымдық, сөзтанымдық қасиетке ие фо-
нема деңгейінде қарала алатынын айқындаған а.Байтұрсынұлы 
бұл бес фонемаға үш таңба арнайды. Олар жуан-жіңішке белгісі 
арқылы ажырайды: 
<ү> <ө>
/ұ/ /о/ және /у/  графемасы. 
<ұ> <о>
Ғалым: “о мен ұ екеуіне зор ілтипат керек. Бұлардың жазылуы 
ұқсас болғанмен, айтылуы ұқсас емес. Қой (мал) деген сөзбен 
құй (шай құй) деген сөздердің мағыналары қандай басқа болса, 
айтылуы һәм сондай басқа. Ұ көмескі айтылса да, қалдырмай 
жазу керек. Ұ тұр, жұрт, құм деген сөздерде т-ның ж-ның 
қ-ның соңынан қандай дыбыс естіледі, сол дыбыстың белгісі. 
Бұл дыбыстың қарпін о-дан айыру үшін, үстіне () қоямыз. Ұ-
ны оқығанда һәм оқытқанда сол естілген қалыпта айтарға тиіс” 
деген. 
Бірақ сонда да <ұ> мен <у>-дың арасын айыру қиындығы 
болғанға ұқсайды: “у – азу, қару, жабу деген сөздерде з-ның р-
дың, б-ның соңында естілетін дыбыстың белгісі. У-сөздің бас 
буынында қысқа һәм көмескі естіледі. Құрау, құлақ, құрғақ де-
ген сөздер ішіндегідей. Сөздің басқа жерінде ұзын, һәм анық 
айтылады. У-дан ұ-ны айыру керек. Қысқасы сөздің басқы буы-
нында у ұзын һәм анық естілсе, екі әріппен жазарға тұура, 
тұумас, буұн, бұуаз дегендей. (у)-ды (ұ) дан айыру үшін үстіне 
() қоямыз. Себебі, (у) менен (ұ)-ның жазылуы ұқсас болғанмен, 
айтылуы ұқсас емес” деді. 
Бірақ бұған қарсы пікірлер бірден айтылады. мысалы, 
Ш.Жияшев «Ол дыбысын орысша у деп қарайды. Жоқ мырза, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   202




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет