Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет22/202
Дата17.05.2023
өлшемі1.82 Mb.
#473857
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   202
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

И.Е.Гельбтің ойынша, жазудың о бастағы болмысы тілден 
өзгеше еді. адамзат өз ойын жазба түрде берудің алдыңғыларға 
қарағанда жетілген түрін ойлап тапқанда ғана, сол кезеңде жазу 
өзінің дербес жүйелік сипатынан айрылып, ауызша тілдің жазба 
орынбасары болып қалды. Сондықтан “жазуды ауызша тілдің 
эквиваленті деп, көрінетін таңбалар арқылы сөйлеуді түсіретін 
тәсіл деп танитын лингвистер жазудың тарихи дамуын дұрыс 
бағаламай отыр, олар бұл анықтамаларының жазудың алғашқы 
сатысына сәйкес емес екенін біле алмайды. Ол кездегі жазу тілдің 
ауызша формасын берген жоқ” дейді. Ғалым жазу алғашында 
сөйленген сөзбен әлсіз байланысты дейді. 
Бір суретті әркім әртүрлі оқыды, ауызша тіл формаларына 
сәйкеспеді, жазу фонетикалана бастағанда ғана ауызша форма-
сымен сәйкесе бастады. Бұл көзқарасқа қатысты тағы мынадай 
пікір барын білеміз: жазу адамзат тілінің даму сатысымен сәйкес 
жетіліп отырды; суретжазу (пиктография), ұғымжазу (логог-
рафия) адамзат тілінің дыбыстық бірліктерге ажырамай, тұтас 
сөйлемдердің бір морфемамен синкретті бірлігі кезінде пайда 
болса, дыбысжазу (фонография) тілдің дыбыстық бірліктерге 
бөлінген дәуіріне сәйкес келеді: “Кең мағынасында алғандағы 
жазу өзінің даму сатыларында ауызша тілмен бірдей бола ал-
майды, ал жазуды зерттеушінің лингвист болуы шарт емес ” де-
ген и.е.Гельб, сондықтан ойжазу мен дыбысжазу арасындағы 
алшақтыққа назар аудару керек екенін айтады. 
и.е.Гельб оқығанда ғана түсінікті болатын визуалды 
морфемалардың болатыны жазудың ауызша тілден бөлек ком-
муникация құралы екендігін дәлелдейді дейді.
В.А.Истрин сөйлеу тілді жарыққа шығаратын құрал болса, 
жазу сөйлеуді таңбалайтын, есте қалдыратын көмекші құрал 
болады деді. Қазіргі ғылым мен техника жетістіктері ауызша 
тілдің қашықтық пен уақыт жағынан шектеулігін, деректі аргу-
мент бола алмайтын, есте сақталынбайтын кемістіктерінің ор-
нын толтырып келе жатқанын айтады. 
Сонымен, жазудың ауызша тілге қарағанда екіншілігі ту-
ралы пікір л.в.Зиндер, и.е. Гельб, в.а.истрин еңбектерінде 
айтылғанмен, ғалымдардың пайымдауларынан жазуды дербес 
жүйе ретінде танығандарын аңғара аламыз. 
Жазу пәніне қатысты тіл білімі тарихында жазудың 
алғашқылығы туралы пiкiрлер бар. мысалы, н.Я.марр мен 
и.и.мещанинов жазу ауызша тілмен бір мезгілде, тіпті одан 
бұрын шыққан, оның себебі жазудың магиялылығынан, 
жазудың қол қимылы, кинесикалық амал-тәсілдер арқылы пай-
да болғанынан деді. Яғни жазуды адамзаттың тіл арқылы емес, 
ым-ишарат арқылы қарым-қатынас жасаған дәуіріне апарады. 
мұндай көзқарасты Ч.лоукотка, Чжан Чжэн мин, ван Гиннекан 
жақтайды. 
Жазу пәнін анықтаудағы келесі бағыт – жазуды өз алдына 
дербес жүйе деп, маңызын дәрiптеп, мәртебесiн жоғарылатқан 
көзқарас – әсіресе ХіХ ғасырдың ішінде жазба ескерткіштердің 
табылып, оқылуы кезеңінде көтерілді. 
Жазба ескерткіштердегі әріп таңбалар сол тілдің дыбыстық 
құрамын нақты бейнелейді деп қабылданды. Сондықтан 
ондағы графикалық элементтер абстракті әріп-фонема ретінде 
ұғынылды. 
XIXғ. аяғына дейін тіл біліміне қатысты зерттеулердің 
барлығы жазба дүниені негізге алып жүргізді. Жазу ауызша 
тілдің дәл өзі, бейнесі, дәлме-дәл көшірмесі болып қаралды. 
младограмматиктер тіпті жазба ескерткіш арқылы сол 
ұлттың ертедегі дыбыстық құрамын анықтауға болады деген 
түсініктен ажырамады. Якоб Гримм “неміс грамматикасы” 
(1819) кітабының бірінші тарауын “әріптер” туралы (Vоn den 
Buchstaben) деп атаған.
Сондықтан ауызша тіл мен жазудың арақатынасы тура-
лы мәселе кеш көтерілді деуге болады. тіл біліміне қатысты 
алғашқы еңбектерде тіл мен жазу оппозициясы болмады. 
Жазуды дербес тіл ретінде қарастыру а.макинтош, 
Дж.маклохлина, Ф.Хаусхальдер сияқты ағылшын лингвистерінің 
(40-60 ж. бермен қарай) еңбектерінде басталды. Олар ауызша 
тіл ауызекі стиль, жазба тіл– әдеби стиль, белгілі бір тілдің жа-
зуы басқа әліпбимен жазылса, екі мәтінді бір тілдің материалы 
деуге болмайды, ауызша тіл мен жазба тілдің өзіне тән мазмұн 


3
37
және тұрпат межесі болатын болып шығады деді. Ф.Хаусхальдер 
әрбір әдеби тілдің дамуына жазба тіл негіз болады, көптеген 
сөз жазылған қалпында айтылады, кейбір сөздер мәтін арқылы 
танылады, жазба тіл алғашқы, ол ауызша тілге әсер ететін “ата-
жазба” тіл деді. 
Осындай көзқарастардың негізінде ХХғ. 30-40жж. жазу 
зерттеу нысанына айнала бастайды. Дыбысжазу туралы ғылым 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   202




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет