Мазмұндама жазу оқушылардың жазба мәдениетінің свуаттылығының кілті



бет1/18
Дата15.11.2023
өлшемі197.5 Kb.
#483347
түріМазмұндама
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Мазмұндамалар жинағы




Алғы сөз

Өсіп келе жатқан баланың бойындағы жалпы азаматтық қасиет ортасымен тікелей қарым-қатынас нәтижесінде жүзеге асады. Қарым-қатынастың негізгі құралы сөйлеу. Айтылған ойды ауызша жеткізу әсерлі болғанымен, қысқа мағынада қалып қояды. Ендеше адамның ішкі ойын жеткізудің ең тиімді жолы жазбаша сөйлеу.Бастауыш мектепте оқытудың мазмұнын жетілдірудің басты шарты оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту болып табылады.Егер оқушының жазу стилін бастауыш сатыдан бастап қалыптастыратын болса, онда ойы ұшқырланып, жазуға икемділігі арта түседі. Сондықтан оқушының жазба тілін дамытуда бағыт-бағдар бере отырып, олардың жеке ерекшеліктеріне қарай ойлау тілін дамытуға тікелей ықпал ететін әдіс-тәсілдерді жан-жақты ойластыру қажет. Бастауыш сынып оқушыларының жазба жазба сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мұғалімнен үлкен жауапкершілік пен шығармашылық ізденісті талап етеді. Мәтін мазмұнын ауызша және жазбаша баяндау арқылы оқушының өзіндік сөйлеу тілі қалыптасады.


Мазмұндама жазу оқушылардың жазба мәдениетінің свуаттылығының кілті.
Мазмұндамалар жинағында білім мазмұнын ақпараттандыру жағдайында компьютерлік технологияны пайдалана отырып, әр түрлі бағытта берілетін мазмұндамалар жинақталған.
Көп жылғы тәжірибенің нәтижесінде іріктелген, ұлтымыздың тарихынан, салт-дәстүрінен хабардар ететін, тәрбиелік мән бар материалдар, шығармашылық тапсырмалар арқылы 1-4 сынып оқушыларының тілін, ойын және жүйелі сөйлеуін қалыптастыратын, міндетті мүмкіндік жағдайлар ескеріліп, дамыта оқытуды көздейтін жұмыстар берілген. Байланыстырып сөйлеуге қойылатын талаптарды ескере отырып, тіл дамытудың жолдары мен әдіс-тәсілдерін толық қамтып, тілдік материалдар арқылы оқу, жазу және тәрбие мәселелерін бірлікте қарастырған құрал. Мұндағы басты міндеттер мыналар:

  • оқушының ойын дамыту арқылы жазбаша сөйлеу тілін дамыту;

  • көрген-білгенін қысқаша баяндауға бағыт беру;

  • қоршаған ортасына зерттеу жүргізе отырып, ойтұжырымдарын қағаз бетіне түсіруге дағдыландыру;

  • берілген мәтіндер негізінде өз бетімен әңгіме құрай білуге үйрету;

  • мәтіндердің мазмұнын өз ойымен кеңейтіп жазуға баулу;

  • мәтін мазмұны бойынша ойын бейнелеуге, суреттеуге бағыт беру;






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет