52
53
дауын, тұжырымын бөгде біреудің қатысынсыз-ақ бейтарап
түрде сыртқа шығарудан туды. Ойдың көзге көрінетін денотат-
таңбаларға айналуы, оны жөндеуге,
жазылған сөйлемге қайта
оралуға, ойды басқаша жазуға мүмкіндік берді. Сөйтіп, адам өз
ойын жазу арқылы көркемдеп, жүйелеп, нақтылап, жеткізудің
тәсілін тапты. Жазу арқылы адам өз ойына өзі билік жүргізе
алатын болды. Сондықтан жазу көбіне монологтік сипатта бола-
ды. монологтің бүгінгі таңда түрлері көп. Олар ауызша сөйлеу
түрінде көрінсе де, негізі мәтін арқылы құрастырылады. Бірнеше
стильдік
өңдеуден өтеді, стандарт құрылымдарға салынады.
Сонда әдеби тілдің негізінде жазба тіл жататын болып
шығады. Әрине, барлық жазба тіл әдеби тіл болады, алайда
барлық әдеби тіл жазба тіл бола бермейді. Кез келген адамның
қолынан
монолог құру, ойын жүйелі, әсерлі етіп баяндау
келе бермейді. Өйткені ол жазу арқылы ойын сыртқа шығару
қабілетінің жоқтығына тіреледі. Жазба тіл әлеуметтік жағынан
әртүрлі, психологиялық жағынан өзара сәйкеспейтін бөтен тіл-
дік ортаға бағытталады. Сондықтан жазба тіл барынша дәстүрлі
сөйлеу нормаларына, бәріне түсінікті әдеби тілге құрылады.
Достарыңызбен бөлісу: