138
139
болмайды”. “Қазақ
сөзі дыбыс құрамымен ғана емес, үндесім
типімен де ажыратылады”. Сондықтан қазақ тілінде екпін жоқ,
оның қызметін үндесім заңы атқарады, тілде тек ырғақтық екпін
бар деді зерттеуші. Қазақ тіліндегі сингармониялық талдау
тілдің буын тіл екенін көрсетті, ал буын сегменттері төрт түрлі
тембрді құрайды дейді.
Ғалым қазақ тілінде жуан, жіңішке болатын жеке дыбыс емес,
буын деп, Қ.Жұбановтың қазақ тілі буыншыл тіл деген пікірін
жаңғыртты. Бірақ буын үндесімі сөз үндесімін құрайды деді.
Сонымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесіндегі ең кіші бір-
лік,
фонема емес, сингармема, яғни сингармоварианттар бол-
ды. Сөздегі дыбыстар дауысты, дауыссызына қарамай бірыңғай
жуан, не
бірыңғай жіңішке, не бірыңғай жуан еріндік, не
бірыңғай жіңішке еріндік екені анықталды. Бұл тұжырым
өзге ғалымдардың еңбегінде қолдау таба бастады.
Бірақ
м.Жүсіпұлының өз ойымен айтқанда қазақ тілінің дыбыстық
қорын анықтаудың үшінші кезеңі сингармофонологиялық бағыт
(өкілдері а.Байтұрсынұлы, Х.Досмұханбедұлы, м.Жүсіпұлы)
болды да, олар екпіннің қызметін мүлде жоққа шығармады, тек
оны сингармонизмге қарағанда әлсіз сипатта екенін анықтады.
Жуан дауыссыздар дыбыстық құрамның негізін құрайды, өйткені
олар жеке тұрып дыбысталады деді. ал үндесім құбылысын дау-
ысты дыбыс таңбалары арқылы белгілеудің мәні бар. м.Жүсіпов
қазақ сөзінің кіші бірлігін
сингармодыбыстип деп атады.
Ғалымның зерттеуі бойынша, қазақ сөздерінің жуан сингар-
мотембрін 42%, жіңішке тембрін 29%, бейүндес буындарды 5%,
бейүндес буынды кірме сөздерді 1,4 %, кірме лексиканы 16,1 %
құрайды.
а.Байтұрсынұлы қазақ тілі дыбыстарының негізгі үндесім
заңын тіл үндесімі деп таныды. Ғалым зерттеуінде ерін үндестігі
қосалқы, жанама құбылыс қатарында. Проф.Ә.Жүнісбек сингар-
монизмді
үндесім заңы, ассимиляцияны
үйлесім заңы деп атай
отырып, қазақ тілі үшін тіл үндестігінде ерін үндестігі де же-
текші рөл атқарады деді. Проф. м.Жүсіпов лабиалды үндесімді
дербес құбылыс емес, тек сингармонизм екі аспектісінің біреуі,
қазақ тілі консонантизм жүйесінің бір сингармотипінде төрттен
көп сингармодыбыс болады. тек күшті позицияда ғана төрт түрі
міндетті деп анықтады. Сингармонизмнің
өзі сөзайырымдық
қызмет атқармайды деді.
Достарыңызбен бөлісу: