г, ғ, д, е, е, ж, з, и әріптерінің бас әрпі мен кіші әрпі өзара сәйкес
келеді, ал а, б әрпінің баспа бас әрпі мен кіші әрпі екі түрлі. А, б,
в, г, ғ, д, һ, р, т әріптерінің бас әрпі мен кіші әрпі жазба түрінде
ұқсамайды. Қазақ тілінің өзіне тән фонемаларын белгілейтін – /
ә/-/е/-нің төңкерілген түрі, /ө/,/қ/, /ң/, /ғ/ орыс графикасындағы
о, к, н, г – әріптеріне қосымша белгі салынған түрі, ал /ү/, /ұ/ у
әрпінің өзгертілген түрі.
Біз зерттеу нысанына әріп қорын түгел алмай, ортақ абс-
тракті бірлік –графема – арқылы әліпбидегі әріптердің мазмұн
межесін және фонеманың дыбыс қорын көрсетеміз (7-кесте).
Қазақ жазба тілінде 9 әріп дауысты фонеманы, 19 әріп дауыс-
сыз фонеманы таңбалайды. э, ь, ъ, в, ц, ч әріптері тек кірме
сөздерде жазылғандықтан талдау нысанына алынбайды. немесе
бұл әріптердің орыс тіліндегі дыбыс қорын бір бөлек және
қазақ тілінің ауызша әдеби тілі мен қарапайым сөйлеу тіліндегі
(игерілгендегі) дыбыс қорын бір бөлек беру керек.
Сонымен, 9 дауысты фонемаға қазақ әліпбиінде 9 әріп
арналған. Олардың ішінде көпмәнді әріпке е (10), ы (7), і (7),
а (6), о (3) жатады. ө (2), ә (і) графемалары бір және екі мәнді.
мұндағы [Ш] белгісі графема сөйлеуде нөлмен алмасады деген-
ді, ал [үШ], [ұШ] белгілері – графема [ұ] [ү] реңкінде редукцияға
ұшырайды дегенді білдіреді. [
у
ө] [
у
о] [
j
е] таңбалары дифтонгтік
сипатты және алдынан қосылған дауыссыз әнтек естіледі де-
генді білдіреді. Келесі бір таңбалар жүйесі жуан-жіңішке, ерін-
езулік варианттың аралығында өтпелі дыбыс реңкі бар дегенді
білдіруге арналған. мысалы, [а] мен [ә] варианттарының ара-
сында [а], не [ә] емес, екі дыбыс аралығындағы [д] вариациясы
бар. Сол сияқты үш буынға дейін еріндік буын езулік буынға
өзгеше реңкпен алмасады. Сондықтан ерін дауыстылар мен езу
дауыстылар аралығында еріндік реңкін де езулік реңкін де алып
отыратын вариациялар ([еє], [о], [ы]) бар. Кестеде қазақ орфог-
рафиясы үшін қиындық тудырып отырған а, е, ы, і әріптерінің
гиперфонеманы беретін позициялары да көрсетілген.
енді қазақ әліпбиіндегі б, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р,
Достарыңызбен бөлісу: |