2
217
ендеше
у-дың алдына
ұ, ү әріптерін салудың еш қисыны жоқ”.
Сонда ғалымның ойынша, дүдәмал естілген ы мен ұ дыбысы
ы болып таңбалануы тиіс.
Бірақ
сөз басында уақыт сөзін
ұуақыт, уақ сөзін
ұуақ деп
айтылатынын ескерткен.
“ы” әрпі жазылу-жазылмауы естілуінше: естілсе жазылады,
естілмесе жазылмайды. мәселен:
лыпа, леп, лепес, лап қойды,
лаулап жанды, лоқы, лықылдап, Ленін, Лепсі деген сөздердің ал-
дында келген “л” тап-таза “ы”-сыз естіліп тұр. Оған “ы” жазудың
керегі жоқ.
“Ылай, ылайық, ылаж, ылау, ілім, ілік, ылғи” деген
сөздерде “л” алдында “ы” анық естіліп тұр». ал күмәнданатын
жердің тексеру әдісі өлең өлшеуі болады деген.
Ғалым
һ әрпін қазақ тілінде бар дыбыстың таңбасы деген:
«Шаршағанда
– уһ, жақтырмағанда
түһ, өкінгенде –
аһ және
әһ,
үһлеу, үһлеген, аһламақ дейміз». Қолданылатын реті аз болса да,
тілде
бар дыбыс болған соң, жоқтығы сезіледі дейді.
ал
х дыбысын қ-ның реңкі деп табады.
Өйткені ғалым
х-ның мағына айыратын қызметі шамалы дегенге саяды.
мысалы:
халық – қалық, құрметті – хұрметті, хажы – қажы
деген сөздердің қайсысын қолдансақ та түсінікті дейді. автор
көрсеткен
бұл сөздердің ішінде тек халық сөзі ғана бүгінде
х әрпімен таңбаланады. ал
құрметті, қажы сөздері
негіз-
гі реңкке көшкен. Бұл қатарды
дастархан –
дастарқан, дихан
– диқан, рахмет – рақмет деген сияқты, екінші сыңары жазуда
кодификацияланып кеткен сөздермен толықтыра беруге болады.
ендеше, әліпби құрамын өзгертудің қазіргі қарсаңында
һ әрпін
алып тастау туралы ойлану керек.
Сонымен, а.Байтұрсынұлы қазақ грамматикасы мен әліпбиін,
емле ұстанымы мен орфограммалау әдістерін саралаған алғашқы
лингвистердің бірі.
Достарыңызбен бөлісу: