Н.Төреқұловтың әліпбиінде 28 әріп, бір дәйекше болды: а
<а>, е <е>, і <ы>, <і>, о <о>, <ө>, u <ұ>, <ү>, р <п>, в <б>, m
<м>, f <ф>, w <у>, t <т>, р <ғ>, d <д>, s <с>, z <з>, c <ш>, j
<ж>, n <н>, l <л>, r <р>, у <й>, k <к>, g <г>, q <қ>, х <х>, ћ
<ћ>, ŋ <ң>, ә <ә>, ‘
Әліпбиде <ф>, <х>, <ћ>, <қ>, <ғ>, <к>, <г> дыбыстарының
әрпі бар. ал <ә> фонемасы басқа жұп дауыстылардан бөлек,
латын графикасында жоқ таңбамен белгіленеді, яғни 1926ж.
құрылтай қаулысына сәйкес емес ә, р, ŋ таңбаларын жасайды.
н.төреқұловтан кейін Х.Досмұхамедұлы латын графикасын
қолдамаса да, қызмет бабының ыңғайымен, саналы түрде жаңа
әліпбиге көшуді ұсынып, латын әлпбиінің жобасын құрады.
Бірақ науқан түрінде емес, қазір қолданып отырған әліпби мен
емлені жетілдіріп, жаңа графикаға біртіндеп өтуді ойластырады.
“Қолданбасақ та латын харіфтерін біз де тілімізге үйлестіріп
көру керек. тез арада, әсіресе әкімшілік әдіспен көшіру мәдениет
ісі үшін залалды ћәм саяси тұрғыдан да байыпты емес” дейді.
Х.Досмұхамедұлы әліпбиінде 14 әріп латын алфавитіне
сәйкес алынады да, апостроф (’) пен дәйекше ауыстырылады:
a, b, d, e, g, і, j, k, l, m, n, ө, о, p, r, s, sh (ц), t, u, y, z, к’, h, ch
(щ), tsh (ч), f, k, g’, n’. Әліпбиде <ч>, <ф>, <ц>, <щ> сияқты
орыс тілі дыбыстарына таңба арналған, <к>, <г>, <ң> фоне-
малары к’, g’, n’ арқылы белгіленеді. Бірақ аталған әліпбиде
апостроф жіңішкелікті екінші мәрте көрсететін кезі бар: ’k’өr
– көр, сондай-ақ басқа функцияда да (n’<ң>) жұмсалды. Шет тіл
дыбыстарына қосар таңба алынды да, бұл і түркітанушылардың
құрылтайында қабылданған қаулыға сәйкес келмеді.
Жалпы, латын жазуына көшу Орта азия түркі халықтарын-
да, әсіресе татар халқы мен қазақ даласында бірауыздан қол-
дау тапқан жоқ. Процесс өте баяу, жай өрбіді. Сондықтан 1928
жылы 18-23 желтоқсан аралығында Қазанда жаңа түркі әліпбиі-
нің бүкілодақтық орталық комитетінің ііі пленумы шақыры-
лады. Қазақстаннан асфендияров, О.Жандосов, нұрмақов,
т.Шонанұлы, тоғжанов, т.рысқұлов сынды білімпаздар қатына-
сады. Пленумда көтерілген мәселелер негізінен латын әліпбиіне
көшу баяулығы, әзірбайжан жазуы қабылданған әліпби не-
гізінде өзге түркі халықтарының әліпбиін бірдейлестіру, жазу
тарихындағы сол дәуірді мұрағат ретінде сақтау, бас әріп мәсе-
лесі, емле принципі, фонетикалық пен морфологиялық прин-
ципті қатар ұстау деген мәселелер төңірегінде болды. н.Ф.Яков-
лев унификацияның графикалық, фонетикалық, орфографиялық
түрлері болады. негізгі бірлестіру фонетикалық болып табыла-
ды, ол әр таңбаның ортақ дыбыстық мағынасы бар болу деген
сөз деді. О.Жандосов Қазақстан латын жазуына көшуді кешеу-
ілдетіп отырса да, бірлестіру жағынан Әзірбайжаннан алда тұр,
бірлестіру негізіне бір жазуды алу деген дұрыс емес, өйткенде
әр халық өз жазуының дұрыстығын дәлелдейді. толық унифика-
ция жасау мүмкін емес, дауыссыздарды да бірлестіру керек деді
автор және Қазақстанда ескі арабшылдардың күні таяды деген-
ді былай білдірді: “было время, когда казахский крестьянин по
поводу любого вопроса, имеющего большое общественное зна-
чение, спрашивал, что скажут Букейханов и Байтурсынов. Это
два толпа казахского прошлого, казахского национализма, смесь
патриархальных предрассудков с буржуазно-националистичес-
кими представлениями”.
Сөйтіп, 1929 жылы қазақ жазуының араб әліпбиінен латын
графикасына түпкілікті көшкенін хабарлайтын “Жаңа алфавит
туралы қаулы” шықты. мұндағы әліпбиде 29 әріп болады (3-
кесте).
232
233
Достарыңызбен бөлісу: |