Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет140/202
Дата17.05.2023
өлшемі1.82 Mb.
#473857
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   202
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

тс арқылы беріледі: protse; щ әрпі сөз ішінде және дауысты ды-
быстан соң қос cc әрпімен ал дауыссыз дыбыстан соң және сөз 
басы мен аяғында c-мен беріледі: cedrin
С.аманжолов ұсынған әліпби жобасында 32 әріп болады. 
Олар: а <а>, в <б>, v <в>, g <г>, d <д>, е <е>, з <ж>, z <з>, і <й>, 
j <і>, к <к>, l <л>, m <м>, n <н>, o , р <п>, r <р>, s <с>, t <т>, 
u <у>, f <ф>, х <х>, 
ƣ <ғ>, q <қ>, с <ш>, ә <ә>, һ , ň <ң>, ө 
<ө>, ъ <ұ>, у <ү>, ь <ы>.
Ұсыныс-жобаға байланысты м. Балақаев j <і> таңбасы сөздің 
барлық буынында келгендіктен таңбалап, ә, у, ө әріптері сирек 
жазылатындықтан жіңішкелік белгісін пайдаланайық деді, а. 
Ысқақов бұған жіңішкелік белгі орыс тілінде тек жіңішке дау-
ыссыздарды белгілейді деп қарсылық білдірді.
енді бір ұсыныс С.Жиенбаевтікі. автор қысаң езуліктер-
ді, мысалы, сталин, склад, рғыз, қтын деп жазу керек, себебі 
рығыз, қытын деген сөздерде де редукциялауды оқылатын қауіп 
жоқ екенін айтады. 
Қазақ тілінің жалғамалы сипаты қосымша жалғағанда
қопармалы тілге айналып кетпейді, қрғз (қырғыз) дегенде түсіріп, 
қрғызы дегенде түбір тұрпатын өзгерту дұрыс емес дейді ғалым. 
Сондай-ақ автор дауыстылардың тек жуан түрін алуды а, о, у 
дыбыстарын сөз ішіндегі і, ŭ, е әріптеріне қарап оқуды, ал бір 
буынды жіңішке дауыстылы сөздерге дәйекше қоюды ұсынады. 
Ғалымның есептеуінше, қазақ тілінде ә-мен-23, ө-мен-18, ү-
мен 19 сөз басталады. 
Сөйтіп, қазіргі қазақ жазуының емле негіздерін 1938 жылы 
Қ.Жұбанов, С.аманжолов қалағанын көреміз. 
1938 жылғы әліпби мен графикадағы өзгерістер. 
Ұсынылған бұл жобалар, әсіресе Қ.Жұбановтың дәйекше 
қызметін пайдаланған әліпбиі, 1934 жылы жоғары комитетте 
қолдау тапқандай болса да, 1938 жылы қабылданбай қалады. 
Бірақ uv (ұу) мен yv (үу) қосар әріп орнына бір ғана u жазы-
латын болды да, u (ұ) әрпі ь таңбасымен ауыстырылды: uvagьt- 
uagьt, uvьq- uьq, yvәde- uәde, kelyv-kelu, quvus-quьs. Бұл әріптің 
емлесінде мынадай ескерту болды: у деген сөзді бір әріппен 
(u), түу (tyv), syv (сүу) сияқты сөздерді екі әріппен (tu, su) беру 
ыңғайсыз, әрі сөз мағынасын айыруға кедергі келтіретіндіктен 
(ту мен түу деген одағайды) қосар әріппен беріледі.
Сол сияқты ьj (ый), ij (ій) қосар дыбыстарының орнына бір ғана 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   202




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет