Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет173/202
Дата17.05.2023
өлшемі1.82 Mb.
#473857
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   202
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

ymphony, any, ready, lady), сөз басында [ j ] дыбысын беретін 
(you, youth, yes) – әріп қазақ сөздеріндегі дауыссыз, үнді <й> фо-
немасын береді. 
ал [ый], [ій] дыбыс тіркесін таңбалайтын «ұзын и», «дау-
ысты и» деп әріп-фонема қатынасынан қате түсініліп жүрген и 
таңбасы жаңа графика бойынша қазақ сөздерінде жазылмай-
ды. ал халықаралық терминдер мен ел аттары і әрпімен жазы-
лады. мысалы, kino, institut, himie, tehnike, kibernetike, fizike, film. 
Бұл фонология тұрғысынан жүйелі. Яғни сый, тый сөздерінде 
ғана жазылып келген орфограмма енді барлық и таңбаланатын 
тұстарда жазылатын болады. мысалы: сыйлық – sэylэq, сиыр 
– sэyэr, ми – mэy, инелік –  іynelіk,қияр – qэyar, тиын – tэyэn. 
алайда бұл арада тағы да нақты ойлану керек. 1929 жылы мен 
1940 жылы алдыңғысы латын, кейінгісі орыс жазуын қабылдаған 
тұста қосып арқалаған жұмыс осы болғанын тарих ескертіп 
отыр. Жазу үнемділігі, қағаз үнемділігі, уақыт үнемділігі деген-
дер қай ғасырда да қажетті мәселелер. 
Жарты дауысты дыбыс (а. Байтұрсынұлы, тіл тағылымы, 
179б.), шала дауысты (Қ.Жұбанов, Қазақ тілі жөніндегі зертте-
улер, а., 2010. 59б.) деп ХХғ. басында анықталған <у> фонема-
сы а.Байтұрсынұлының «Сауат ашқышында» (1926ж.) бір ғана 
таңбамен беріледі: тану, салу
Қазақ тілші ғалымдары және әліпби жобасын ұсынушы өзге 
де тұлғалар жаңа графикаға көшуде у, и әріптеріне қатысты 
1929 жылғы графиканы қабылдағанда қазақ жазуын тілдің 
дыбысталуына жақындатамыз деп шешеді. Бірақ қазақ жазуы 
– фонологиялық жазу. Осы сипатын көпшілік фонетикалық жазу 
деп қабылдайды. 
Сондықтан қалай жазылса, солай оқылу нормаға айналған 
бүгінгі қазақ жазба тілі мен ауызша тілінің арасындағы 
ажырағысыздықты жазба тіл арқылы реттемесе, енді бір 20 
жылда қазақ тілі өзінің ұлттық орфоэпиялық ерекшелігінен 
айырылады дейді. расында да солай. Қазіргі қазақ жастарының 
орфоэпиясында ерін үндестігі мүлде жоғалды деуге болады. Сөз 
тіркесіндегі ырғақтық топтарда, екі сөз жігіндегі ықпал да бірте-
бірте көмескі тартуда. Сонда күту – кьtьw, miy – ми, jiyǔw- жию 
делініп, дыбыс тіркесі ажыратыла таңбаланса, қалай жазылса, 
солай оқып дағдалынған түйсік біртіндеп сөздің дұрыс айту 
нормасын меңгере бастайды дейді көпшілік пікір айтушылар. 
алайда жазба тілмен ауызша тілді жақындату мұнымен ғана 
шектелмейтінін ойласақ, шешілуі қиын мәселеге тап болаты-
нымызды көруге болады. мысалы, ырақымет, ылақ, ырас деп 
жазу сияқты. 
Сондай-ақ тағы бір мынадай сұрақ туады. У дыбысы ұу, үу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   202




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет