32
33
жазба тілдеңгейлерін, олардың бірліктеріне (графема, аллограф,
графонология, графикалық морфема, лексикология, синтаксис)
тіл деңгейлерінің бірлігі, құрылымы ретінде қарады.
И.А.Бодуэн де Куртенэнің жазу теориясына қатысты
еңбектеріне (Об отношении русского письма к русскому язы-
ку” (1912), “Знаки препинания” (1913), “К теории” “слова как
такового” и “Буквы как таковой” (1914)) көз жүгірте отырып,
ғалымның жазуды психологиялық негізге табан тіреп,
зерттеу
қажеттілігін айтқанын көреміз. Себебі, ғалымның ойынша,
жазу мен тіл екі басқа дүние, бір-біріне сәйкеспейтін жүйелер:
жазу оптика немесе геометрияның пәні болса, дыбыс – жалпы
акустиканың пәні. екі құрылымды осылай байланыссыз алсақ,
олардың арасында ешқандай қиысатын сәйкестіктер болмайды.
Сонда ауызша тіл мен жазудың байланысы адам психикасында
жүзеге асады.
тек адам санасы арқылы ауызша тіл жазу жүйесіне, жазба
тілауызша тілге айнала алады. Бодуэн де Куртене
жазба тілдің
дербестігін алғаш айтқан ғалымның бірі болады. алайда ғалым
жазба тілдің ойлаумен тікелей байланысатынына күмәнмен
қарады: “айтылатын-естілетін
тіл жазылатын-оқылатын тіл-
ден мүлде дербес күйде пайда болса, жазылатын-оқылатын тіл
алдыңғымен байланыста ғана мағыналы болады» деген. Ғалым
әріп пен дыбысты, жазба тілмен ауызша тілді терминологиясы
бойынша қатаң айыруды талап еткен. тілдік ойлаудың бір түрі
мен екіншісін, терминдерін араластырып қолдануға қарсы бол-
ды.
автор үнемі ауызша тіл элементтерінің жазба тілбірліктеріне
айналғандағы көріністерін, сәйкестік, сәйкессіздіктерін сөз етіп
отырған. мысалы, ауызша тілдің морфологиялық бөлінуі жазба
тілде былай көрініс табады дейді: азатжол, нүкте, қос нүкте,
нүктелі үтір, үтір, бас әріп – сөйлемдер мен фразалар; сөздер
арасындағы босаралықтар, сызықша, дефис – сөйлем іші; мор-
фема, түбір, қосымша – сөздің морфологиялық принциппен жа-
зылуы. и.а.Бодуэн де Куртенэ
мектеп грамматикаларындағы
фонетиканы оқытудың әдістерін сынға алған (қысқа, ұзын әріп;
тіл ескерткіштері деген сияқты «терминдерді»).
л.в.Щерба Бодуэн де Куртенэ тіл ескерткіштерінен тірі
адамның тілін зерттеуге шақырғанын, бұл оның ғылымдағы ең
басты, негізгі еңбегі екенін айтқан. “Бодуэн де Куртенэ жазу
теориясына бірнеше рет қайта оралған: ол
көп лингвистерден
өзгеше ауызша тілді зерттейтін әдіс-тәсілдерді механикалық
түрде жазуды зерттеуге қолдана салудан қашқан. Жазудың өзіне
тән заңдылықтарын табуға тырысқан» дейді ғалым ұстазы ту-
ралы.
Сөйтіп, ғалымның жазу саласына қатысты пікірлеріне зер
сала отырып, жазу мен ауыза тілдің шегарасын айыру, екеуінің
даралығы туралы көзқарас Б. де
Куртенэ тұжырымдарынан
басталғанына көз жеткіземіз.
Достарыңызбен бөлісу: