Педагогикалық іс- әрекеттің мәні және құрылымы



Дата14.12.2023
өлшемі21.08 Kb.
#486543
4 лекция

Педагогикалық іс- әрекеттің мәні және құрылымы



Психологиялық тұрғыдан іс-әрекет - адамның қоршаған дүниемен белсенді қарым- қатынаста болуы арқылы өзін субъектілік позицияға қоюы ретінде қарастырылады. Педагогикалық көзқарастар бойынша іс-әрекет - қоғамдық және жеке тұлғалық маңызды нәтиже беретін бір мақсатқа бағытталған белсенділік. Өзіндік жеке іс-әрекеттері арқылы адам басқа әлеуметтік іс-әрекеттерге араласады. Іс-әрекеттің осындай сипаты оның нақты бір құрылымы бар екенін анықтайды. Іс-әрекеттің құрылымына мотив, мақсат, құрал, іс- қимылдар, нәтиже, бағалау сияқты компоненттер кіретіні белгілі.
Мазмұны жағынан іс-әрекеттерді:

    • танымдық (қоршаған әлем туралы білімдермен қарулану, дүниені танып білу);

    • зерттеушілік (белгісіз құбылыстарды зерттеу үдерісі);

    • коммуникативтік (қарым-қатынас орната алу, тіл табыса алу үдерістері);

    • білім берушілік (басқаларға білім беру үдерісі);

Әр-түрлі белгілеріне қарап педагогика-психология ғылымдарында іс-әрекеттердің негізгі түрлері ретінде: ойын, қарым-қатынас, еңбек, оқу қарастырылады.
Педагогикалык іс-әрекеттің негізгі ерекшеліктері:

  1. Мақсаты қоғам мақсатымен анықталады.

  2. Басқа іс-әрекеттерді басқаруға бағытталған іс-әрекет (мета іс-әрекет).

  3. Іс-әрекет субъект-субъектілік және субьект-объектілік сипатта болады.

  4. Тұлғаның дамуы мен қалыптасуы бойынша жүргізілген педагогикалық қарым- қатынастың нәтижелері болашақта ғана айқындалады.

Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесінің табысты болуы оқытушының тұлғалық қасиеттерімен де тығыз байланысты болып келеді. Оқытушылардың кәсіби маңызды қасиеттерін зерттеумен айналысқан педагогтар: А.К.Маркова, Л.М.Митина,Н.В.Кузьмина, В.П.Сименов, К.С.Успанов, А.А.Молдажанова т.б. Оқытушының қызметі өте күрделі, әрі көп салалы. Оқытушы оқушының жеке басының дамуын, қалыптасуын, оған тәрбие беру және оқыту процесін басқарады. Осындай маңызды іске жауапты болғандықтан оқытушыдан жан-жақты терең ғылыми білім, жоғары педагогикалық шеберлік, саяси моральдық қасиет, табанды ерік-жігер, парасатты мінез-кұлық талап етіледі.
Оқытушылардың кәсіби маңызды қасиеттеріне кіргізуге болады:

  • оқушыларға деген сүйіспеншілігі;

  • педагогикалық үдерісті жүйелі жүргізе алуы;

  • бақылағыштығы;

  • педагогикалық құбылыстарға талдау жасай алуы;

  • педагогикалық ойлаудың қалыптасуы;

  • қарым-қатынас жасай алуы;

  • ұжымшылдық;

  • шығармашылығы және т.б.

Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз - мұғалімнің оқу-тәрбие істерін нәтижеге жеткізетін әрекеттер құрылымы. Мұғалімнің шеберлігі педагогикалық мамандық негізінде басқара білу. Педагогикалық іс-әрекеттер мынандай құрылымдардан тұрады: іс-әрекет
мақсаты, іс-әрекет объектісі, іс-әрекет субъектісі, іс-әрекет құралы. Аталған іс-әрекет құрылымдары бір-бірімен байланысты комплексті жүзеге асырылып, іс-әрекеттің компоненттері де болады. Осы аталған іс-әрекеттер компоненттері де болып табылатын іс- әрекеттер мақсаты, объектісі, субъектісі және іс-әрекет құралдарын жеке-жеке алып қарайтын болсақ: іс-әрекет мақсаты – жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуді көздейді. Жан- жақты тәрбиелеу тәрбие жұмысын комплекс жүзеге асыруы қажет етеді. Комплесті жүргізу адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене, экономикалық, экология, ақыл-ой тәрбиелерін тұтас бір-бірімен ұштастыра жүргізу болып табылады. Тәрбие жұмысын комплексті жүргізу тәрбиеленушінің санасына да, мінез-құлқына да, олардың тіршілік қызметіне де бір мерзімде ықпал жасауға мүмкіндік береді. Жеке адамды жан-жақты дамыту жас ұрпақтың тіршілік қызметінің алуан түрлі:өндірістік, қоғамдық саяси, рухани адамгершілік салаларында барлық қабілет дарындарын дамытуды қарастырады.
Іс-әрекет объектісі – адамдардың қалыптасуының объективтік негізін – қоғамның материалдық-техникалық базасы, қоғамдық қатынастар, тұрмыс салалары, табиғи орта және адамның туа біткен қасиет-нышандары сияқты адамдардың еркі мен санасына тәуелді емес факторлар құрайды. Адам жанасқан нәрселердің бәрі-адамдар, заттар, табиғаттың және айнала қоршаған қоғамдық өмірдің құбылыстары осының барлығы оның санасы мен мінез-құлқына, оның рухани әлпетіне ізін қалдырады. Адам қоғамның белсенді мүшесі ретінде қалыптасады. Сөйтіп, адам әрқайсысы қайталанбайтын дара ерекшеліктерімен көзге түседі. Сондықтан адамға педагогикалық іс-әрекетті шығармашылық негізінде ұйымдастыра білуді қажет етеді. Баланың тәрбиесіне педагогикалық іс-әрекеттің объективтік жағдайлары, қоршаған өмір де әсер етеді. Сондықтан тәрбие жұмысында өзін-өзі тәрбиелеу жұмыстарын айналадағы объективті өмірімен байланысты үлестіре жүргізген жөн. Іс-әрекет субъектісі - тәрбиеленуші және жас жеткіншектерге тәрбие жөнінен тәрбие жөнінен әсер етушілер: педагогтар, жанұя, педагогикалық коллектив және жұртшылықтар болып табылады. Мектеп ішінде балаларға тәрбие беру оқу жұмысын ұйымдастыратын негізгі тұлға мұғалімдер. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеттері, оның білімі, білгірлігі, оқыту және тәрбие әдіс-тәсілдері үлкен әсер етеді. Нағыз балаларға лайықты, ұтымды, нәтижелі тәрбие беретін педагогтарды өзін-өзі жетілдірумен шұғылданатын, адамгершілік қасиеттері мол тәжірибелі шебер педагогтар деп айта аламыз. Педагогикалық іс-әрекет құралдарына: оқу, еңбек, ойын, қарым-қатынастар жатады. Әрбір педагогтар өзінің қалауынша осы аталған құралдарды тәрбие жұмысына басшылыққа алады. Мысалы, А.С.Макаренко өзінің іс- әрекетіне тәрбие құралы етіп «еңбекті» қолданған. Қазақстанда Макаренконың тәжірибесін басшылыққа алушы, өзінің қиын балаларымен жұмыс ұйымдастыруда Архимед Мынбаев тәрбие жұмысының құралы етіп еңбек процесін алды. Әр оқушының ерекшеліктерін біле отырып, еңбекке баулудың нәтижесін олардың жүрегінен жол тауып,
«Қиын» оқушыларды дұрыс жолға сала білді. Еңбекке деген олардың сүйіспеншілігін арттыра біледі. Кейбір педагогтар іс-әрекет құралдары ретінде бірлескен коллективтік оқуды, басқа да бірлескен іс-әрекеттерді ұйымдастыруды құрал ретінде пайдалана білді. Мысалы, Москвалық мұғалім В.А.Караковский, Ленинградтың мұғалімі В.Н.Сорока- Россинский тәрбие жұмыстарының құралы етіп коллективтік оқуды ұйымдастырудан алған. Мұндай таңдау олардың шеберлік және мүмкіндік ыңғайына байланысты жүргізіледі. Педагогикалық кәсіптік әрекетке өзін-өзі бағыттап, ұйымдастыратын педагогикалық білгірлік қасиеттер педагогикалық білгірлік қасиеттер педагогикалық шеберліктер жүйесіне жатады. Педагогикалық шеберлік мынандай жүйелерге бөлінеді: педагогтық іс-әрекетіндегі гуманистік бағыттылық кәсіптік білгірлік, педагогтық іс- әрекетіне бейімдік, педагогтық техника. Бұл аталған педагогтық шеберлік жүйелі бір- бірімен байланысты жүзеге асырылады.
а) Педагогтық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық.
Педагогтық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық тәрбиешілердің, мұғалімдердің балаларға адамгершілік-ізгілік қарым-қатынас орнату жағынан жетіле түсуін қажет етеді.
Гуманистік бағыттылық жүйесі –педагогтардың балалармен ынтымақтастық, демократтық бағыттағы ізгілік-адамгершілік, сүйіспеншілік қатынас орнату стратегиясы мен тактикасының болуын қажет етеді. Л.Н.Толстой былай деген болатын: «Егер мұғалім өзінің балаларға деген сүйіспеншілігін, педагогикалық іс-әрекетпен жалғастыра білсе, ол жетілген мұғалім». Педагогтық іс-әрекетіндегі гуманистік бағыттылық әр жақты бағалы бағдарлар құрады. Олар мыналар:

    1. өзін шебер педагог ретінде білу.

    2. педагогикалық әсер ете білу ықпалының болуы.

    3. балаларға, балалар коллективіне деген сүйіспеншілік,

    4. ынтымақтастық бейімділігінің болуы.

    5. педагогикалық іс-әрекет мақсатының, гуманистік, стратегиясының, тактикасының болуы.

ә) Педагогикалық іс-әрекетке бейімділік.
Педагогикалық шеберлік жүйелерінің тағы бір маңызды түрі – педагогикалық іс-әрекетке бейімділік. Психологиялық жағынан танып, білуімізге байланысты бейімділік дегеніміз өзі белгілі бір затқа, объектіге, іс-әрекетке адамның сезімдік талғамының арта түсуі соған деген құлшынысының арта түсуі деп білеміз. Сол педагогикалық іс-әрекетке бейімділікті танытатын төмендегідей түрлі сезім құлшынысын, жетекші бейімділікті атауға болады,

  • адамдармен ыңғайласа білуге құлшыныс көрсету, тіл табыса білу, адамдармен коммуникативтік қатынастар болуға бейімділік көрсету.

  • Кәсіптік көргендік, бейімділік, байқағыштық.

  • Жеке бас динамизмі – эмоциялық тұрақтылықты байқата білу, ішкі әсер ету сезімін, ерікке әсер ету сезімін байқату, логикалық көз жеткізу.

  • Эмоциялық тұрақтылық өзін-өзі меңгеру, өз бейімділігін реттеп басқара білу.

  • Ситуациялардыбағдарлай біліп дұрыс шешім қабылдай білу.

  • Оптимистік болжай білушілік алған үмітпен қорғау, оқушыларды келешекке үміт, сенімге бағдарлап тәрбиелеу.

б) Педагог іс-әрекетінің техникасы.
Педагогикалық шеберлік жүйелерінің тағы бір түрі - педагогикалық техника. Педагогикалық техника дегеніміз - педагогтық іс-әрекетті ұйымдастыра білу іскерлігі. Педагогикалық техникалық іскерлік – осы салада білудің екі түрін құрады. Біріншісі, педагогтың өзін-өзі басқара білуі, екіншісі, педагогтық міндетті жүзеге асыру үшін өзара әсер ете білуді меңгеру. Біріншісі бойынша – педагог өз денесін, эмоциялық сезім дүниесін, сөйлеу техникасын меңгеріп басқара білу.
Екіншісі бойынша - педагогтың дидактикалық өзін-өзі ұйымдастыра білу, өзара үйлесімділік жүзеге асыру. Біз жоғарыда атап көрсеткендей педагогикалық шеберлік жүйелері оның функцияларының атап көрсете отырып, мынандай қорытындыға келеміз: Педагогикалық шеберлік - жүйелі процесс. Педагогикалық іс-әрекетте нәтижелі табысқа жеткізеді. Жұмысқа жаңа сапалық мазмұн береді. Педагогтық кәсіптік позицияны қалыптастырады. Педагогикалық шеберлік жүйелері педагогикалық бағыттылықты, бейімділікті, білімділікті, іскерлікті білдіретін процесс.

  • Педагогикалық шеберлік өлшемі.

  • Педагогикалық мақсаттылық, бағыттылық.

  • Тәрбие беру, білім беру ісінің нәтижелігі.

  • Іс-әрекет мазмұнының шығармашылық сипат алуы.

Педагогикалық кәсіптік шеберлікті дамыту міндеттері – педагогикалық білім білгірлігі, педагогикалық кәсіпке бейімдігі, ситуацияларды меңгеру, балалардың психологиялық жағдайын меңгеру болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет