3-дәріс. Жазба тіл және оның ауызша тілден ерекшеліктері
Біз жалпы тілді ауызша тіл және жазба тіл оппозициясында
таптастырамыз. Оның мынадай себебі бар: 1) қазіргі адам сана-
сында ойдың сыртқы тілге кодталуының екі түрі болады: гра-
фема арқылы сөздің графикалық портреті және фонема арқылы
сөздің негізгі дыбыстық реңкі, 2) адам санасында тіл екі түрлі
болып сақталады: ауызша және жазбаша, жазу монополиясының
күшеюі тілдік санада екі түрлі ойлау жүйесін қалыптастырып
отыр.
Кез келген сөзді естіген сауатты адамның санасында сөздің
фонетикалық бейнесімен қатар, графикалық портреті елес бе-
реді. Бұл – әдеби стиль түрін меңгермеген кез келген сауаты бар
адам санасында болатын код түрі.
Б.Куртенэ тек сөйлей ғана білетін адам мен сөйлей де жаза да
білетін адамның санасында айырмашылық барын айтқан. Стиль
түрлерінің ешқайсысымен машықтанбаған, сауатты адамның
санасында, сонымен, екі түрлі елес өмір сүреді. Бұның бірін-
шісін – ауызша тілді адам кішкентай кезінен отбасы, үй ішін-
де, ауыл, аула айналасы, қоғамдық орындарда (көлік, дүкен, ас-
хана т.б.) меңгеріп, ал теледидар, радио, мәдени орындардағы
сөйленістерден бейтарап әдеби сөйлеуді естіп өседі. ал мектеп-
ке барып, сауатын ашқаннан жазба тілді алдымен ауызша тілдің
деңгейінде (сөз тіркесін, сөйлем түрлерін құрап) қабылдайды.
Жазуды пайдаланып, біреуге білдіретін ойын хат, қолхат арқылы
шығарады. немесе іштегі ойын сөйлем, мәтін (шығарма,
әңгіме) құрау арқылы білдіреді. 2-сыныптан басталатын жазба
тілдің жүйесін меңгерудің осындай сатылары адам санасында,
жоғарыда айтылғандай, жазба тілдің елесін қалыптастырады.
7-8 сыныпқа келгенге дейінгі бала белгілі авторлардың
көркем шығармаларын оқып, мазмұндап, ойды көркемдеп жет-
кізетін құралдарды қалай пайдалануды зердесіне тоқып, сана-
сына елес түрінде сіңіргеннен кейін енді өзі осы елесті пайда-
ланып, белгілі бір мотиві бар ойын сыртқа көркемдеп жеткізу
дәрежесіне жетеді (шығарма түрінде). Сондықтан 6-7-8 сы-
ныпта еркін тақырыптағы шығармашылықтың жоғары деңгейі
көрінеді. Оқушылар сезіміне әсер еткен кез келген құбылысты
көркемдеп, әсірелеп жеткізуге төселе бастайды (көркем әдебиет
стилі). Жас кезеңінде балалардың көркемдік сезімін ояту не-
гізгі мақсат саналады. 9-11 сынып бағдарламасы шығарманың
авторы, кейіпкері, оқиғасының өту дәуіріне талдау жасауға ауы-
сады. Бала енді сезіміне әсер еткен мотивті әсірелеп жеткізуді
емес, оның себебін іздеуге шығады. Сөйтіп, шығармасында
салқынқандылық, саналы ой көріне бастайды (публицистикалық
стиль). Бала мектепті осы үрдісте аяқтайды да, кейін ЖОО-нда
дәріс, семинар есебінен өз мамандығының терминологиясы-
мен танысып, жеке салаға маманданады (ғылыми стиль). ал
жұмысқа орналасқанда қызмет бабындағы ресми сөйлеу, ресми
ісқағаздар стилін меңгереді.
Бұл айтылғандардан, біздіңше, тілді таптастырудың мына-
44
45
дай жүйесін табуға болады: тіл ауызша және жазба тіл арқылы
көрінеді. ауызша тіл ауызекі сөйлеу тілі (отбасы, аула т.б.),
Достарыңызбен бөлісу: |