«Кеден одағы шеңберінде тауарлардың экспорты (импорты) кезінде салық нысандарын қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



Дата08.06.2016
өлшемі238.15 Kb.


Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы «27» сәуірдегі

№ 284 бұйрығына

30-қосымша


«Кеден одағы шеңберінде тауарлардың

экспорты (импорты) кезінде салық нысандарын қабылдау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Кеден одағы шеңберінде тауарлардың экспорты (импорты) кезінде салық нысандарын қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардағы аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Салық нысандарын қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші тарапынан ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары немесе «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы (бұдан әрі – Салық төлеушінің кабинеті), Салық есептілігін өңдеу сервистері (бұдан әрі – СЕӨС) ақпараттық жүйесі арқылы;

2) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) келу тәртібінде қағаз жеткізгіште табыс етілген салық нысандарын қабылдау – оны тапсырған сәттен бастап 20 (жиырма) минут ішінде;

салық нысандарын электрондық түрде қабылдау – ол салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесімен қабылданған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей;

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін уақыты – 20 (жиырма) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін уақыты – 20 (жиырма) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

1) келу тәртібінде қағаз жеткізгіште табыс етілген салық нысандарын қабылдау туралы көрсетілетін қызметті берушінің белгісі;

2) почта немесе өзге байланыс ұйымының салық есептілігінің қабылданғаны туралы уақыт және күн белгісі;

3) салық органының салық есептілігін электрондық түрде қабылдағаны туралы хабарлама/растама;

4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден (салық есептілігі табыс етілмеген деп есептелген жағдайда) бас тарту туралы уәжделген жауабы.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

Портал арқылы жүгінген кезде, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы келу тәртібінде жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз жеткізгіште ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мөрімен және қолымен куәландырылады.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті ескере отырып сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті ескере отырып сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезекпен көрсетіледі, алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген;

2) портал, СЕӨС – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

Кеден одағына мүше мемлекеттерге тауарларды экспорттау немесе алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстарды орындау кезінде қосылған құн салығын төлеуші:

1) қосылған құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) жөніндегі декларация;

2) тауарлар (оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері) импорттаған Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісінен алынған тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз жеткізгіштегі өтініш;

Кеден одағына мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарларды импорттау кезінде салық төлеуші импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі, оның ішінде лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша декларацияны қағаз жеткізгіште және электрондық түрде, орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етуге міндетті:

1) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі, оның ішінде белгіленген нысандағы лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша декларацияны;



2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес қағаз жеткізгіште (төрт данада) және электрондық түрде немесе тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы электрондық түрде өтінішті (өтініштерді);

3) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың нақты төленгенін растайтын банктің үзінді көшірмесін және (немесе) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемесінің орындалғанын растайтын, Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де төлем құжатын немесе төлеушіге салықты төлеу мерзімін өзгерту құқығы берілгенін растайтын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитеті берген өзге құжатты немесе қосылған құн салығынан босатылғанын растайтын құжаттарды табыс етеді.



Бұл ретте аталған құжаттар қосылған құн салығын төлеудің өзге тәртібі кезінде, сондай-ақ салық төлеуші көрсетілген артық төлем сомасын басқа салық және төлем түрлері бойынша есепке жатқызуға немесе есеп шотына қайтаруға өтініш бермеген шартта импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы бойынша алдағы уақыттағы төлемдер есебіне есепке жатқызуға жататын импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығының дербес шоттарында артық төлем болған жағдайда табыс етілмейді;

4) Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың өткізілуін растайтын тауарға ілеспе және (немесе) өзге де құжаттар, егер тауарларды өткізудің жекелеген түрлері үшін, оның ішінде көлік құралдарын пайдаланусыз тауарларды мұндай құжаттарды ресімдеу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген жағдайда табыс етілмейді.

5) егер шот-фактураларды (үзінді көшірме) жазып беру Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайда тауарларды тиеп-жөнелту кезінде Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ресімделген шот-фактураларды;

Егер шот-фактураларды жазып беру (үзінді беру) Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделмесе не тауарларды Кеден одағына мүше мемлекет болып табылмайтын мемлекеттің салық төлеушісінен сатып алынатын болса, онда салық органына шот-фактураның орнына импортталған тауарлардың құнын растайтын, сатушы жазып берген (үзінді берген) өзге құжат (құжаттар) ұсынылады;



6) Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар олардың негізінде сатып алынған шарттар (келісімшарттар), тауарлар лизингі (лизинг нысаналары) жағдайында – лизинг шарттарын (келісімшарттарын), зат түрінде қарыз берілген жағдайда – қарыз шарттарын, тауарларды дайындау туралы шарттарды (келісімшарттарды), алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттарды (келісімшарттарды);

7) Қазақстан Республикасының салық төлеушісіне Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісі, не Кеден одағына мүше үшінші мемлекет аумағынан импортталған тауарларды өткізетін Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттің (басшының (дара кәсіпкердің) қолы қойылған және ұйымның мөрімен куәландырылған) салық төлеушісі берген Кеден одағына мүше үшінші мемлекеттің салық төлеушісі туралы мәліметтер және импортталған тауарды алғаны туралы Кеден одағына мүше осы үшінші мемлекеттің алушысымен жасалған шарт (келісімшарт) туралы ақпараттық хабарламаны, егер мәліметтер осы тармақтың 5) тармақшасының 5 абзацында көрсетілген шартта (келісімшартта) қамтылған жағдайда ақпараттық хабарлама табыс етілмейді.

8) комиссия шарттары (келісімшарттары) немесе тапсырмалар (олар жасалған жағдайда);

9) олардың негізінде комиссия кепілдік шарттары бойынша Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар сатып алынған шарттарды (келісімшарттар) немесе тапсырмаларды табыс етеді.

10) Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша өткізілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын жеке тұлғалардың Кеден одағына мүше басқа мемлекеттердің аумағынан әкелінген көлік құралдарын бағалау туралы есеп.

Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлардың алынғанын (не сатып алынғанын) растайтын құжаттар (оның ішінде бақылау-касса машинасының чектері, тауар чектері, сатып алу актілері) осы тармақтың 3) - 5) тармақшаларында 5 абзацында көрсетілген құжаттар болмаған кезде бөлшек саудада сатып алу-сату жағдайында табыс етіледі.

Осы тармақтың 1) - 8) тармақшаларында 5 абзацында көзделген құжаттар импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша табыс етіледі.

Осы тармақтың 1), 3) - 5) тармақшаларында 5 абзацында көзделген құжаттар егер лизинг шартында (келісімшартында) көзделген тауарлар (лизинг нысандары) құнының бір бөлігін төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды (лизинг нысанасын) әкелгеннен кейін басталған жағдайда импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде табыс етіледі.

Осы тармақтың 1) - 5) тармақшаларында 5 абзацында көзделген құжаттар егер лизинг шарты (келісімшарты) бойынша тауарлар (лизинг нысанасы) құнының бір бөлігін төлеу мерзімінің күні Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды (лизинг нысаналарын) әкелген күнге дейін белгіленген жағдайда импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде табыс етіледі.

Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында 5 абзацында көзделген құжаттар (олардың көшірмелері) – кейіннен импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде табыс етіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда құжаттардың қабылданғаны туралы белгімен, қабылдау күні және уақыты көрсетілген талон беріледі.

Салық нысандары www.е.gov.kz, уәкілетті органның www.kgd.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады. Салықтық өтініш нысандары көрсетілетін қызметті берушімен тегін беріледі;

порталға:

Кеден одағына мүше мемлекеттерге тауарларды экспорттау немесе алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстарды орындау кезінде қосылған құн салығын төлеуші:

қосылған құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) жөніндегі декларация электронды құжат нысанындағы;

тауарлар (оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері) импорттаған Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісінен алынған тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

Кеден одағына мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарларды импорттау кезінде салық төлеуші импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі, оның ішінде лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша декларацияны, орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етуге міндетті:

1) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі, оның ішінде белгіленген нысандағы лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша декларацияны;



2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті (өтініштерді);

импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны және тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті тек электрондық түрде табыс ету кезінде осы тармақтың 2)-9) тармақшаларында 5 абзацында көрсетілген құжаттар тапсырылмайды.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы заңды тұлға ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің қызметшісі тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының электрондық түрде қабылданғаны немесе қабылдамағаны туралы хабарламасы жіберіледі.

10. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш табыс етілмеген жағдайда, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация салық органдарына табыс етілмеді деп есептеледі.

Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация табыс етілмеген жағдайда, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш салық органдарына табыс етілмеді деп есептеледі.

Егер:

1) белгіленген салық нысандарына сәйкес келмесе, немесе



2) салық қызметі органының коды көрсетілмесе, немесе

3) сәйкестендіру нөмірі көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе, немесе

4) салық кезеңі көрсетілмесе, немесе

5) салық есептілігінің түрі көрсетілмесе, немесе



6) қағаз жеткізгіште жасалған салық есептілігіне салық төлеуші (салық агенті) не оның өкілі қол қоймаса, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда оның өзінің атауы жазылған мөрі бар өкілінің мөрімен куәландырылмаса, немесе;

7) уәкілетті орган белгілеген электрондық пішін құрылымы бұзылған болса, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация мен тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш қабылданбады деп есептеледі.



3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар жазбаша түрде:



1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағымда:


  1. жеке тұлғаның - оның аты, тегі, әкесінің аты, почталық мекен-жайы, байланыс деректері;

  2. заңды тұлғаның – оның атауы, почталық мекен-жайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінуге қол қоюы қажет.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық

нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары порталда, көрсетілетін қызметті берушінің: www. kgd.gov.kz, Министрліктің: www.minfin.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал, Салық төлеушінің кабинеті, СЕӨС арқылы алуға мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті», мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 8-800-080-7777, 1414.

Кеден одағы шеңберінде

тауарлардың экспорты (импорты)

кезінде салық нысандарын қабылдау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

қосымша


328.00-нысан

 

Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш


 

Бет

1

-ден

 

Нөмірі

Күні

Айы

Жылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-бөлім

Сатушы

ТЕН немесе CCH/ECK немесе СТН/(БСН|ЖСН)

01 ________________________________________________________

(ұйымның атауы, дара кәсіпкердің Т.А.Ә. көрсетіледі)



03 ________________________________________________________

(елінің коды, орналасқан орны (тұрғылықгы мекенжайы)



Сатып алушы

ТЕН немесе ССН/ЕСК немесе СТН/(БСН|ЖСН)

 

02 _________________________________________________________

(ұйымның атауы, дара кәсіпкердің Т.А.Ә. көрсетіледі)

04 _________________________________________________________

(елінің коды, орналасқан орны (тұрғылықты мекенжайы)


 

05 шарттың (келісімшарттың) №____ шарттың (келісімшарттың) күні _________ 20___ ж. ерекшеліктерінің № _____, _______ ерекшеліктерінің күні __________,

 

06 ____________________________________________________________________________________________________

(ұйымның атауы (дара кәсіпкердің Т.А.Ә.) (елінің коды, орналасқан орны (тұрғылықты мекенжайы)

                        



07 шарттың (келісімшарттың) № ____ шарттың (келісімшарттың) күні ___________ 20___ ж. ерекшеліктерінің № ______, ________ ерекшеліктерінің күні ____, ____

(Лизинг шарты жасалған жағдайда, тиісті торкөзде           «X» белгісі қойылады

алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу шарты жасалған жағдайда, тиісті торкөзде              «X» белгісі қойылады

 


Р/с №

Тауардың атауы

СЭҚ ТН тауар код

Тауардың өлшем бірлігі

Тауар саны

Тауар (жұмыс) құны

Валюта

Көліктік (тауарға ілеспе) құжаттама

Шот-фактура

Тауарды есепке қабылдаған күні

Салық базасы

Салық мөлшерлемелері

Салықтардың сомасы

Коды

бағамы

Акциздер

ҚҚС

Акциздер

ҚҚС

Акциздер

ҚҚС

Сериясы, нөмірі

Күні

Нөмірі

Күні

қатаң (ерекшеліктер)

адвалорлық

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖИЫНЫ:

X

X

X

X

X

X

X

X

X

X

X

 

 

X

X

X

 

 

 

Осы өтініште келтірілген мәліметтердің дұрыстығын және толықтығын растаймыз

 

_________________________________________________    _________________    _________________________



Сатып алушы (сатып алушы дара кәсіпкер)                                                     қолы                                          күні                                                         М.О.

ұйым басшысының (уәкілетті тұлғаның) Т.А.Ә.

________________________________________________    __________________    ________________________

Бас бухгалтердің Т.А.Ә.                                                                                      қолы                                        күні

 


Бет

 

-ден

 

 

Нөмірі

Күні

Айы

Жылы

 

 

 

 

 

2-бөлім

Салық органына табыс етілген кезде өтініштің тіркелгені туралы белгі

 


Нөмірі

Күні

Айы

Жылы

 

 

 

 

 

 


Сатып алушының орналасқан орны бойынша жанама салықтарды төлеу (ҚҚС және (немесе) акциздерден босату) туралы өтініші тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Салық органының белгісі қойылады.

________________ сомада ҚҚС төленді

________________ сомада акциздер төленді

_________________  ______________  ______________  _______________

Инспектордың Т.А.Ә.        лауазымы                   қолы                               күні

________________  ______________  ______________  _______________

 

_______________________  _______________  _____________          М.О.



Салық органының атауы                   қолы                              күні

 

1) Салық органы салық төлеуші толтырған өтініш деректемелерінің Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты кезінде жанама салықтар алу тәртібі мен олардың төленуін бақылау тетігі туралы хаттаманың талаптарына сәйкессіздігін анықтаған жағдайда, салық органы салық төлеуші анықталған сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін жанама салықтардың төленгені туралы белгі қояды.

 


Бет

 

-ден

 

 

 


Нөмірі

Күні

Айы

Жылы

 

 

 

 

 

3-бөлім

 


Сатып алушы, комитент, сенім білдіруші, принципал

(керегінің астын сызу керек)

 

ТЕН немесе ССН/ЕСК немесе СТН/(БСН|ЖСН)

08 __________________________________________________

(ұйымның атауы, дара кәсіпкердің Т.А.Ә. көрсетіледі)



10 _________________________________________________

(елінің коды, орналасқан орны (тұрғылықты мекенжайы)

 


Сатып алушы, комиссионер, сенім білдірілген адам, агент

(керегінің астын сызу керек)

 

ТЕН немесе ССН/ЕСК немесе СТН/(БСН|ЖСН)

09 _______________________________________________________

(ұйымның атауы, дара кәсіпкердің Т.А.Ә. көрсетіледі)



11 _______________________________________________________

(елінің коды, орналасқан орны (тұрғылықты мекенжайы)



12 шарттың (келісімшарттың) № _____ шарттың (келісімшарттың) күні ___________ 20___ ж. ерекшеліктерінің № ___, _______ ерекшеліктерінің күні ______,

 

________________________________________    _________________    ____________________________

Сатып алушы (сатып алушы дара кәсіпкер)                                қолы                                             күні                                                             М.О.

ұйымның басшысының (уәкілетті тұлға) Т.А.Ә.

 

________________________________________    ________________    _____________________________



Бас бухгалтердің Т.А.Ә.                                                              қолы                                                    күні

 

Тауарларды әкелу және



жанама салықтарды төлеу туралы

өтінішке қосымша

 


Нөмірі

Күні

Айы

Жылы

 

 

 

 

 

Сатушы, (комиссионер, сенім білдірілген «дам, агент/

комитент, сенім білдіруші, принципал

(керегінің астын сызу керек)

 

ТЕН немесе ССН/ЕСК немесе СТН/(БСН|ЖСН)

________________________________________________

(ұйымның атауы, дара кәсіпкердің Т.А.Ә. көрсетіледі)

________________________________________________

(елінің коды, орналасқан орны (тұрғылықты мекенжайы)

 


Сатып алушы (комиссионер, сенім білдірілген адам,

агент/комитент, сенім білдіруші, принципал)

(керегінің астын сызу керек)

 

ТЕН немесе ССН/ЕСК немесе СТН/(БСН|ЖСН)

_______________________________________________

(ұйымның атауы, дара кәсіпкердің Т.А.Ә. көрсетіледі)

_______________________________________________

(елінің коды, орналасқан орны (тұрғылықты мекенжайы)

 


(келісімшарттың) № ___ шарттың (келісімшарттың) күні __________ 20___ ж. ерекшеліктерінің № _____, ______ ерекшеліктерінің күні ____, _______

 


Сатушы, (комиссионер, сенім білдірілген адам агент

комитент, сенім білдіруші, принципал

(керегінің астын сызу керек)

 

ТЕН немесе ССН/ЕСК немесе СТН/(БСН|ЖСН)

________________________________________________

(ұйымның атауы, дара кәсіпкердің Т.А.Ә. көрсетіледі)

________________________________________________

(елінің коды, орналасқан орны (тұрғылықты мекенжайы)

 


Сатып алушы (комиссионер, сенім білдірілген адам,

агент /комитент, сенім білдіруші, принципал)

(керегінің астын сызу керек)

 

ТЕН немесе ССН/ЕСК немесе СТН/(БСН|ЖСН)

________________________________________________

(ұйымның атауы, дара кәсіпкердің Т.А.Ә. көрсетіледі)

________________________________________________

(елінің коды, орналасқан орны (тұрғылықты мекенжайы)

 


(келісімшарттың) № ___ шарттың (келісімшарттың) күні __________ 20___ ж. ерекшеліктерінің № _____, ______ ерекшеліктерінің күні ____, _______

 


Сатушы, (комиссионер, сенім білдірілген адам агент

комитент, сенім білдіруші, принципал

(керегінің астын сызу керек)

 

ТЕН немесе ССН/ЕСК немесе СТН/(БСН|ЖСН)

________________________________________________

(ұйымның атауы, дара кәсіпкердің Т.А.Ә. көрсетіледі)

________________________________________________

(елінің коды, орналасқан орны (тұрғылықты мекенжайы)

 


Сатушы, (комиссионер, сенім білдірілген адам,

агент /комитент, сенім білдіруші, принципал)

(керегінің астын сызу керек)

 

ТЕН немесе ССН/ЕСК немесе СТН/(БСН|ЖСН)

________________________________________________

(ұйымның атауы, дара кәсіпкердің Т.А.Ә. көрсетіледі)

________________________________________________

(елінің коды, орналасқан орны (тұрғылықты мекенжайы)

 


(келісімшарттың) № ___ шарттың (келісімшарттың) күні __________ 20___ ж. ерекшеліктерінің № _____, ______ ерекшеліктерінің күні ____, _______

Каталог: sites -> default -> files -> gosuslugi -> standarty
standarty -> «Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
standarty -> «Салық есептілігін кері қайтарып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Салық есептілігін кері қайтарып алу»
standarty -> «Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі»
standarty -> «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (дсн-код) беру»
standarty -> «Дара кәсіпкерді тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Дара кәсіпкерді тіркеу есебі»
standarty -> «Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру»
standarty -> «Алкоголь өнімін өндіруге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Алкоголь өнімін өндіруге лицензия беру»
standarty -> «Салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
standarty -> «Бақылау-касса машиналарын (бкм) есепке қою және есептен шығару» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Бақылау-касса машиналарын (бкм) есепке қою және есептен шығару»
standarty -> «Салық есептілігін қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Салық есептілігін қабылдау»


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет