Кеңестік қоғамның саяси және әлеуметтік-экономикалық дағдарысы



Дата15.02.2022
өлшемі12.09 Kb.
#455405
Кеңестік қоғамның саяси және әлеуметтік


Кеңестік қоғамның саяси және әлеуметтік-экономикалық дағдарысы

1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды.1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тің пленумында әлеуметтік,экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды.М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету,қайта құру бағыты 1986жылғы КОКП-ның 27 съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңарту бағытына бастауға міндет алды.Қайта құру ешқандай бағдарламасыз,ғылыми айқындамасыз жүргізілді.Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды.Қайта құру бағыты алғашқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады.Бұған Москвада В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайжанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді.Қайта құру бағыты мемлектті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады.Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді.Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы 1987жылы қаңтар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында <<Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы>> мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері:

1. Дағдарыстан нақты себептерін көрсете алмады.

2.Жаппай өзгерістердің символына айналып,сөз жүзінде ғана салтанат құрды.



1987жылы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселелеріне арналды.Пленум әзірлеген құжаттар негізінде <<Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң >> қабылданды.Бұл заңда тауар-ақша қатынастарының рөлі айқындалды.Мемлекеттік кәсіпорындар дербес тауар өндірушілер ретінде қарастырылды.Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет