«kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы «16» сәуірдегі №2 хаттамасымен бекітілді



бет1/6
Дата25.02.2016
өлшемі0.66 Mb.
#22397
  1   2   3   4   5   6



«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы «16» сәуірдегі № 2 хаттамасымен бекітілді
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2012 жылғы «28» мамырдағы хаттамасымен өзгертілді

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2013 жылғы «21» мамырдағы № 5 хаттамасымен өзгертілді



МАЗМҰНЫ


I. АҒЫМДАҒЫ ЖАЙ-КҮЙДІ ТАЛДАУЫ 3

Орталық Азияның энергетикалық жүйелерімен су-энергетикалық мәселелер бойынша көпжақты келіссөздер, Кедендік одақ құруға байланысты ықпалдасу үдерістері орын алды. 6

1.4. Күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін талдау 6

Күшті жақтары. Компания соңғы жылдары айтарлықтай табыстарға жетті. Бәрінен бұрын жалпы инвестиция көлемі 100 млрд. теңгеден астам Компанияның жабдығын жаңғырту және жаңа желілік объектілерін салу түрінде іске асырылатын ірі инвестициялық жобаларды атап кету қажет. 6

Әлсіз жақтары. Сонымен қатар Компанияның жағдайы сыртқы ортамен де, ішкі факторлармен де байланысты әлсіз жақтарының болуымен сипатталады. 7

Мүмкіндіктер. ҰЭТ сенімділік деңгейін арттыруға салынған қомақты инвестицияларды есепке ала отырып, «KEGOC» АҚ ұзақ мерзімді перспективада сенімділік пен тиімділік көрсеткіштерін айтарлықтай арттыруға және әлемдік үздік жеткізу компанияларының деңгейімен салыстырылатын деңгейге қол жеткізе алады. Бұл Компанияда озық басқару технологияларын ендіру, жабдықты пайдалану бөлігінде үздік әлемдік тәжірибені қолдану, қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қызметкерлер санын оңтайландыру есебінен мүмкін болады. 8

Қауіптер мен Тәуекелдер. Тарифтер деңгейі жеткіліксіз болған жағдайда ұсынылатын қызметтер сапасының төмендеу және өндірістік қорларды қайта жарақтандыру қарқындарының артта қалу тәуекелі туындауы мүмкін. 8

Электр энергиясын тұтыну қарқынының баяулауы пайданың азаюына әкелуі мүмкін, бұл Компанияның инвестициялық бағдарламалары мен операциялық қызметін қаржыландыру жөніндегі мүмкіндіктердің қысқаруына теріс әсер етуі мүмкін. 8

Теңгенің долларға және еуроға қатысты бағамының өзгеруі де Компанияда бар шетел валютасындағы кредиттер бойынша тәуекелдерді көтереді. 8

Осылайша, жоғарыда санамалап көрсетілген мүмкіндіктер Мемлекеттің және Акционердің қолдауымен іске асырылатын болады. 8


КІРІСПЕ
«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Компания) «Қазақстан Республикасының электр энергетикалық жүйесін басқаруды құрылымдық қайта құру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 қыркүйектегі №1188 қаулысына сәйкес құрылған.

Компания 1997 жылғы 11 шілдеде тіркелді және 2004 жылғы 11 шілдеде қайта тіркелді. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу нөмірі 6801-1901-АО.

«Мемлекеттік экономика секторын басқарудағы мемлекеттің мүдддесін бұдан әрі қамтамасыз ету шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы Жарлығына сәйкес 2006 жылғы 28 сәуірден бастап «KEGOC» АҚ Акционері «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі» акционерлік қоғамы болды. Компанияның орналастырылған акциялардың жалпы санының 100 % мөлшеріндегі мемлекеттік акциялар пакеті Холдингтің орналастырылатын акцияларын төлеуге табыс етілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығына сәйкес «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Акционер) «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы «Қазына» орнықты даму қоры» мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі» акционерлік қоғамдарының бірігуі жолымен құрылды.

Осы құжат өз алдына «KEGOC» АҚ 2015 жылға дейінгі кезеңіне арналған ұзақ мерзімді даму стратегиясын (бұдан әрі – Стратегия) білдіреді және Компанияның ұзақ мерзімді кезеңге арналған стратегиялық даму басымдылықтарын көрсететін негізге алынатын құжат болып табылады.

Стратегия – Компания менеджментінің Қазақстан Республикасының Үкіметі, Акционер қойған міндеттерді орындау жөніндегі, соның ішінде инвестициялық бағдарламалар, акционерлік капитал құнының артуы жөніндегі жауапкершілігін іске асыру.

Стратегия «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына сәйкес әзірленді және Компания менеджментінің перспективалық даму бағыттары болжамына, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына, Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриалды-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламасына, Strategy Partners консультанттарының ұсынымдарына, UMS Group бенчмаркингі нәтижелеріне негізделген.

Стратегияны әзірлеген кезде энергетика саласындағы уәкілетті органның (министрлік), салалық реттеуіштің (Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігі), Акционердің, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің ұсыныстары есепке алынды.


I. АҒЫМДАҒЫ ЖАЙ-КҮЙДІ ТАЛДАУЫ



1.1. Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесі

2009 жылы республикада электр энергиясын тұтыну 77,9 млрд. кВт. сағ. (2008 жылғы деңгейге қатысты 3,3%-ға төмен); өндірісі – 78,4 млрд. кВт. сағ. (2008 жылғы деңгейдің 2,1% төмен).

Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесі (бұдан әрі – Қазақстан БЭЖ) жалпы жұмыс режимімен, біртұтас орталықтан жедел-диспетчерлік және аварияға қарсы басқарумен, дамуды жоспарлаудың біртұтас жүйесімен, техникалық саясатпен, нормативтік-технологиялық және құқықтық реттеумен біріктірілген электр желілері мен электр станциялары кешені болып табылады.

Қазақстан электр энергетикасының өндіруші секторы әр түрлі меншік нысанындағы белгіленген қуаты 19 127 МВт және иелік қуаты 14 821 МВт 64 электр станцияларынан тұрады.

Ұлттық электр торабы дегеніміз (бұдан әрі – ҰЭТ) электр станцияларынан электр энергиясын беретін, кернеуі 220кВ және одан жоғары, жекешелендіруге және оның алдын ала кезеңдеріне жатпайтын қосалқы станциялардың, тарату құрылғыларының, өңіраралық және мемлекетаралық электр жеткізу желілері мен электр жеткізу желілерінің жиынтығын білдіреді.

Электр энергиясын тарату функциясын атқаратын өңірлік деңгейдегі электр желілері өңірлік электр желілік компаниялардың (бұдан әрі – ӨЭК) теңгерімінде және пайдалануында тұр. Барлығы Қазақстанда әр түрлі меншік нысанындағы 20 ӨЭК жұмыс істейді.

Мемлекет «KEGOC» АҚ-ға басқа мемлекеттердің энергетикалық жүйелерімен қатарлас жұмысты қамтамасыз ету, энергетикалық жүйедегі теңгерімді қолдау, жүйелік қызмет көрсету электр энергиясы нарығының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы қызметтерді сатып алу, сонымен қатар ұлттық электр торабы бойынша электр энергиясын жеткізу, оған техникалық қызмет көрсету және пайдалануға дайындығын қолдау жауапкершілігін көздейтін БЭЖ Жүйелік операторы дәрежесі берілді.

Қазақстанда өңірлік кесіндіде 3 энергетикалық аймақ құрылды:



Солтүстік аймақ, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе облыстарын, республиканың елордасы Астана қаласын қамтиды.

Солтүстік аймақ Қазақстан БЭЖ құратын орталық болып табылады. Мұнда өндіргіш қуаттың (72,5%) көп бөлігі шоғырланған және Қазақстан БЭЖ мен Ресей БЭЖ байланыстыратын 220-500-1150 кВ дамыған электр тораптары бар. Аталған аймақта энергия көлемі көп, республиканың оңтүстік өңірінің тапшылықтарын аймақтағы электр станцияларының өндіруі есебінен жауып, Ресейге электр энергиясын жеткізуді қамтамасыз етіледі.



Оңтүстік аймақ Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарын, Алматы қаласы мен Байқоңыр ауданын қамтиды.

Өзінің қолжетімді және жеткілікті бастапқы отын-энергетикалық ресурстарының және сәйкесінше, өндіргіш қуаттардың болмауы салдарынан Оңтүстік аймақтың энергетикалық теңгерімі тапшылықпен құралады. Осылайша, 2009 жылы Оңтүстік аймақ бойынша электр энергиясына қажеттілік кезінде - 5,02 млрд. кВтсағ., тапшылық 6,85 млрд. кВтсағ. құрды. Тапшылықты жабу Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзиті бойынша жеткізу және Орталық Азия БЭЖ-нен импорттау есебінен қамтамасыз етіледі.

Бұл аймақ өткізу қабілеті Орталық Азиядан Қазақстанға және Қазақстаннан Орта Азияға 8-9 млрд. кВтсағ. шегінде электр энергиясын жеткізуді қамтамасыз ететін Қырғызстан және Өзбекстанмен ортақ желімен біріктірілген.

Батыс аймақ, құрамына Атрау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары кіреді. Республиканың аумағы бойынша Қазақстан БЭЖ-мен электрлік байланысы жоқ.

Өңірдің электр энергиясына қажеттілігінің бөлігі Ресейден алынатын импорт есебінен жабылады. Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстары кернеуі 220кВ бір тізбекті ұзын транзитпен (1400км жуық) өзара біріктірілген. Атырау энергия торабы 110 кВ ЭЖЖ бойынша Ресейдің Астрахань энергия торабымен байланысты. Батыс Қазақстан облысы үш 220кВ ӘЖ бойынша Орта Волга (Ресей) БЭЖ-мен байланысты.


1.2 Компанияның ағымдағы жай-күйі

«KEGOC» АҚ ҰЭТ бойынша электр энергиясын электр станцияларынан электр энергиясының көтерме сауда нарығының тұтынушыларына дейін мемлекетаралық және өңіраралық жеткізуді жүзеге асырады.

Компанияның мүліктік кешені мыналарды қамтиды:

- кернеуі 110-1150 кВ, жалпы ұзындығы 24 330,78км электр жеткізу желілері (бұдан әрі – ЭЖЖ);

- белгіленген қуаты 33699,65 МВА 74 электр қосалқы станциялары.

Компанияның құрылымы мынаны қамтиды:

- бүкіл Қазақстан бойынша орналасқан 9 жүйеаралық электр тораптары филиалдары (бұдан әрі – ЖЭТ филиалдары) және Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығы;

- «Энергоинформ» АҚ еншілес ұйымы.

Компания жиырма пайыз қатысу үлесімен «Батыс-транзит» АҚ-ның акционері болып табылады.

Тұтастай алғанда ЭЖЖ жай-күйі барынша тозуымен сипатталады.


Компанияның теңгерімінде тұрған кернеуі 110-1150 кВ 285 ЭЖЖ, пайдалану мерзімі 30 жыл және одан да көп болған желілер 60%-ды құрайды. ӘЖ пайдалану ресурстарының шектеулі болуына байланысты тірек элементтерінің бүлінуіне байланысты технологиялық бұзылыстардың арту проблемасы күрделене түсуде. ЭЖЖ пайдалану мерзімінің нормативтік пайдалану мерзімінен артуы авариялардың туындау қаупін тудырады.

Электр жеткізу желілерінің көп бөлігінің жұмыс істеуге дайындығы 89,6-99,6 % деңгейде қамтамасыз етілген. «КЕGОС» АҚ-да электр жзеткізу желілерінің орташа пайдалану коэфициенті 35-40 %-ды құрайды, ал Қазақстан БЭЖ жүктемелері көп болған сағаттарда 87-100 %-ға жетеді.

ҰЭТ-тің өткізу қабілеті Солтүстік-Оңтүстік және Ақтау-Атырау-Орал бағыттарында шектелген. 500кВ желілер бойынша Шығыс өңірдің және Батыс өңірдің республика аумағы бойынша Қазақстан БЭЖ-мен байланысы еліміздің электрлік қауіпсіздігіне әсер етеді.

Қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылуы ажыратқыштар үшін 24%-ды, айырғыштар үшін 38 %-ды, ток трансформаторлары үшін 26 %-ды, кернеу трансформаторлары үшін, 33 %-ды құрайды, бұл Компания активтерінің құрылымын әлемдік деңгейге сәйкес ретінде сипаттайды.
1.3. Сыртқы ортаны талдау

Қазақстанның электр энергетикалық саласы электр энергиясының бәсекелес нарығы жағдайында жұмыс істейді. Бұл модель өзара байланысты, келісе жұмыс істейтін қатарлас электр энергиясы нарықтарын құруға негізделген:



1) электр энергиясының орталықсыздандырылған сауда-саттығы, онда нарық субъектілері тараптар өз бетімен айқындайтын бағалар, көлем мен мерзімдер бойынша электр энергиясын сатып алу-сату жөнінде екі жақты тікелей мәмілелер жасайды (сатып алу-сату мәмілелерінің 90%-ға жайығы);

2) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы, ол өз алдына сауда-саттық алаңын білдіреді, биржалық қағидаттармен жұмыс істейді. Сауда-саттық қысқа мерзімді кезеңде («күн ілгері» режиміндегі спот-сауда) және орта мерзімді кезеңге (апта, ай) және ұзақ мерзімді кезеңге (тоқсан, жыл) жүзеге асырылады;

3) жүйелік және қосалқы қызметтер нарығы, онда Жүйелік оператордың нарық субъектілеріне электр энергиясы нарығының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жүйелік қызметтер көрсетуі және Жүйелік оператордың бәсекелестік негізінде қосалқы қызметтерді сатып алуы көзделген;

4) теңгерімделген нарық, бұны ұйымдастыру мақсаты көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясын өндіру және тұтыну бойынша нақты және шарттық мәндері арасындағы Қазақстан БЭЖ-де электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімінің тәуліктік кестесінде жүйелік оператор бекіткен электр энергиясының сағаттық теңгерімсіздіктерін физикалық және бұдан әрі қаржылық реттеу болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет