«kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы «16» сәуірдегі №2 хаттамасымен бекітілді


Орталық Азияның энергетикалық жүйелерімен су-энергетикалық мәселелер бойынша көпжақты келіссөздер, Кедендік одақ құруға байланысты ықпалдасу үдерістері орын алды



бет2/6
Дата25.02.2016
өлшемі0.66 Mb.
#22397
1   2   3   4   5   6

Орталық Азияның энергетикалық жүйелерімен су-энергетикалық мәселелер бойынша көпжақты келіссөздер, Кедендік одақ құруға байланысты ықпалдасу үдерістері орын алды.

1.4. Күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін талдау

Күшті жақтары. Компания соңғы жылдары айтарлықтай табыстарға жетті. Бәрінен бұрын жалпы инвестиция көлемі 100 млрд. теңгеден астам Компанияның жабдығын жаңғырту және жаңа желілік объектілерін салу түрінде іске асырылатын ірі инвестициялық жобаларды атап кету қажет.


Компания ірі халықаралық мердігерлермен және қаржы институттарымен (ЕҚДБ, ХҚДБ) жұмыс істеу бойынша бірегей тәжірибе жинақтады және қазіргі уақытта Компания ТМД елдерінің жеткізетін компаниялар арасындағы көшбасшылардың бірі болып табылады.

Қазақстан БЭЖ Жүйелік операторының қызметі Компанияның жоғары дәрежесін және сала мен елімізді дамыту үшін маңызды рөлін анықтайды.

Компания Мемлекеттің және Акционердің басым қолдауын пайдаланады.

Компанияның болашақта әлемдік деңгейдегі компанияны құруға бағытталған үдемелі менеджменті бар. Компания корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарына қол жеткізді, аутсорсинг мүмкіндіктері тиімді іске асырылды, Менеджменттің біріктірілген жүйесі ендірілді, SCADA диспетчерлік бақылау мен басқару жүйесі орнатылды, озық ІТ-шешімдер енгізілуде. Компания мамандары еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие.

Осылайша, 2010 жылғы жай-күй бойынша «KEGOC» АҚ – бірегей тәжірибесі мен жоғары басқарушылық құзыретке ие жүйе құрайтын электр энергетикалық компания.

Әлсіз жақтары. Сонымен қатар Компанияның жағдайы сыртқы ортамен де, ішкі факторлармен де байланысты әлсіз жақтарының болуымен сипатталады.


Мемлекет тарабынан ҰЭТ-тің қажетті сенімділік деңгейі мен Акционердің ұзақ мерзімді перспективаға арналған қаржылық мақсаттарының жеткіліксіз нысандалуы, сондай-ақ олардың айқындалған жан-жақты бағыттылығы Компанияның стратегиялық мақсат қоюын қиындатады және нәтижесінде стратегиялық көрсеткіштерге қол жеткізбеудің маңызды тәуекелі болып табылады.

Компанияның қаржылық жағдайы қарыз қаражаттарының меншік капиталына жоғары ара қатынасымен сипатталады, бұл алдағы жылдары инвестициялардың жетіспеушілігін толықтыратын ауқымды инвестициялық бағдарламаны іске асыруға байланысты. Бұл мемлекет қолдауының маңыздылығын, соның ішінде жарғылық капиталды арттыру, мемлекеттік кепілдіктер беру және т.б. жолмен айқын көрсетеді.

Қазақстанның электр энергетикасында басқару үшін тиімді механизмдері мүлде жоқ жүйелік тәуекелдер айтарлықтай жоғары:


  • Қазақстан БЭЖ жабдықтарының тозу дәрежесі жоғары (әсіресе тарату желілерінде және өндіруде);

  • резервтік өндірудің жеткілікті деңгейін қолдаудың тиімді механизмдері жоқ;

  • білімдер мен құзыреттер жинақтау бойынша қызметтер, сонымен қатар инжиниринг бөлігінде нарық сегменттері дамымаған.

Жалпы ұзындығы 500 км 9 электр жеткізу желілері өз қызмет ету мерзімдерін толығымен атқарды (50 жылдан астам). Жалпы ұзындығы 6349 км 92 электр жеткізу желілерінің қызмет көрсету мерзімі аяқталуға таман.

Компанияның экономикалық құнының орнықты дамуын қамтамасыз ету мақсатында тарифтік әдіснаманы жетілдіру қажеттілігі бар.


Мүмкіндіктер. ҰЭТ сенімділік деңгейін арттыруға салынған қомақты инвестицияларды есепке ала отырып, «KEGOC» АҚ ұзақ мерзімді перспективада сенімділік пен тиімділік көрсеткіштерін айтарлықтай арттыруға және әлемдік үздік жеткізу компанияларының деңгейімен салыстырылатын деңгейге қол жеткізе алады. Бұл Компанияда озық басқару технологияларын ендіру, жабдықты пайдалану бөлігінде үздік әлемдік тәжірибені қолдану, қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қызметкерлер санын оңтайландыру есебінен мүмкін болады.


Компанияның Қазақстан, Кедендік одақ елдері және Орталық Азия елдері (активтерді басқару және үдемелі технологияларды ендіру саласында) үшін Басқарушылық құзыреттер орталығы болуға, электр энергетикасында өзінің жүйе құрайтын ықпалын күшейтуге, соның ішінде негізгі бизнесті дамыту есебінен айтарлықтай әлеуеті бар.

Қауіптер мен Тәуекелдер. Тарифтер деңгейі жеткіліксіз болған жағдайда ұсынылатын қызметтер сапасының төмендеу және өндірістік қорларды қайта жарақтандыру қарқындарының артта қалу тәуекелі туындауы мүмкін.

Электр энергиясын тұтыну қарқынының баяулауы пайданың азаюына әкелуі мүмкін, бұл Компанияның инвестициялық бағдарламалары мен операциялық қызметін қаржыландыру жөніндегі мүмкіндіктердің қысқаруына теріс әсер етуі мүмкін.

Теңгенің долларға және еуроға қатысты бағамының өзгеруі де Компанияда бар шетел валютасындағы кредиттер бойынша тәуекелдерді көтереді.


Сонымен қатар, экономиканың басқа да салаларымен салыстырғанда еңбек ақы жүйесінде шектеулердің болуы салдарынан Компанияның кадрлық әлеуетін жоғалтып алу тәуекелі жоғары екенін атап кеткен дұрыс.

Осылайша, жоғарыда санамалап көрсетілген мүмкіндіктер Мемлекеттің және Акционердің қолдауымен іске асырылатын болады.



II. Миссия. БОЛЖАМ
Компанияның миссиясы – Қазіргі заманғы техникалық, экономикалық, экологиялық талаптарға, кәсіби қауіпсіздік және денсаулық қорғау стандарттарына сәйкес Қазақстан БЭЖ-нің сенімді жұмыс істеуін және тиімді дамуын қамтамасыз ету.

Болжам – 2025 жылы «KEGOC» АҚ әлемдік деңгейдегі компания және өңірлік ауқымда электр энергетика саласындағы құзыреттілік орталығына айналады.

Негізгі стратегиялық мақсаты - «Ғаламдық экономикада бәсекеге қабілетті когмпанияны құру».
III. ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Негізгі стратегиялық мақсатқа жоғары деңгейдегі мақсаттарды іске асыру жолымен қол жеткізіледі:

  1. Мемлекеттің қажеттіліктеріне сәйкес Қазақстан БЭЖ-дің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

  2. Компания бизнесін арттыру мүддесінде және Қазақстан Республикасы экономикасының қажеттіліктеріне сәйкес ҰЭТ-ты дамыту;

  3. Компания қызметінің тиімділігін арттыру;

  4. Компанияның акционерлік құнының артуын қамтамасыз ету;

  5. Қазақстан Республикасндағы электр энергетикалық нарықты жзетілдіру және арттыру;

  6. Корпоративтік басқару тәжірибесін дамыту және орнықты дамуды қамтамасыз ету;

  7. Шектес мемлекеттердің электр энергетикалық компанияларымен орнықты серіктестік қарым-қатынастарға қол жеткізу.


Жоғары деңгейдегі мақсаттарға қол жеткізу мынадай стратегиялық міндеттерді іске асыру есебінен жүзеге асырылады:

    1. Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы функцияларын сапалы орындау;

    2. ҰЭТ жұмыс істеу сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында қолданыстағы активтерді сапалы пайдалану және техникалық қызмет көрсету;

    3. Электр энергиясын жеткізу желілерін жаңғырту;

  1. ҰЭТ талап етілетін өткізу қабілетін қамтамасыз ету мақсатында электр энергиясын жеткізетін желілерді салу;

    1. Электр энергиясын жеткізген кезде ысырап деңгейін оңтайландыру;

    2. Өндірістік қызметтің тиімділігін арттыру;

    3. Әкімшілік-шаруашылық қызметтің тиімділігін арттыру;

    4. Инновацияларды дамыту және ендіру;

  1. Таза табыстың артуы;

  2. Клиенттерге қызмет көрсету деңгейінің артуы;

  3. Электр энергетикасы саласындағы заңнаманы және тариф саясатын жетілдіруге көмектесу;

    1. Қуат нарығын дамыту;

    2. Қазақстан Республикасында электр энергиясының теңгерімделген нарығын дамыту;

    3. Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есептеу огрталығын ұйымдастыру;

  1. Акционерлердің құқықтарын қамтамасыз ету және мүдделі тұлғалармен өзара қарым-қатынасты дамыту;

  2. Қызметкерлердің кәсібилігін дамыту;

  3. Қызметкерлердің адалдығын арттыру;

  4. Кәсіби қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  5. Компания қызметінің экологияға әсерін азайту;

  1. Шектес мемлекеттердің энергетикалық жүйелерімен қатарлас жұмысты қамтамасыз ету;

  2. Шектес мемлекеттермен тиімді электр энергетикалық нарық құруға көмексету.




  1. Мемлекет қажеттіліктеріне сәйкес Қазақстан БЭЖ сенімді жұмысын қамтамасыз ету

    1. Жүйелік оператор функцияларын сапалы орындау

Қазақстан БЭЖ сенімді жұмысын қамтамасыз ету бөлігінде «KEGOC» АҚ Жүйелік оператор функцияларын тиімді орындауы үшін және ҰЭТ-ты дамытуды сапалы жоспарлау мақсатында Компания:

  • Ұлттық электр торабын дамыту жөніндегі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды;

  • салалық нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеуге белсенді қатысуды;

  • өндіргіш қуаттар құрылысын ынталандыратын механизмдерді, сонымен қатар айтарлықтай қуат тапшылығының пайда болуының алдын алу, өндіргіш қуаттарды дамыту саласына инвестициялар тартуды ынталандыру, электр энергиясына баға белгілеудің дұрыс механизмдерін қалыптастыру мақсатында электр қуаты нарығын құруды болдырмай оңтайлы көздерді құруға қатысуды жоспарлайды. «KEGOC» АҚ-ның аталған нарық операторы функцияларын орындау үшін қажетті құзыреттілік деңгейі бар.

1.2 ҰЭТ-тың жұмыс істеу сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында қолданыстағы активтерді сапалы пайдалану және техникалық қызмет көрсету

Қолданыстағы активтерге сапалы техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету бөлігінде Компания қосалқы станция жабдықтарына қызмет көрсету үдерістерін жетілдіруді жалғастыруда.

Тораптың сенімділік деңгейін бағалау үшін қалыпты салалық көрсеткіштерді пайдалану мақсатқа лайық болып табылады:


  • SAIFI (System Average Interruption Frequency Index — жүйеде бұзылыстар пайда болуының орташа жиілігі) — тұтынушыларды электрмен жабдықтау үзілістерінің орташа жиілігін сипаттайды;

  • SAIDI (System Average Interruption Duration Index — ажыратудың орташа ұзақтығы) — орташа алғанда жүйедегі жылына бір рет ажырату ұзақтығын сипаттайды.


1-сурет
Жабдықтың жай-күйін бағалау үшін Компанияда корпоративтік стандарт ендірілуде: бірыңғай тәсілдерге сәйкес жабдықтың жай-күйін бағалау критерилерін бекітетін және Компанияның барлық активтерінің жай-күйін салыстыруға мүмкіндік беретін жай-күй индексі.

Тәуекелдер көлемін бағалау үшін жабдықтың бұзылу салдары мен олардың салмақ көрсеткіштерін бекітетін, жабдықтың маңыздылығын бағалауға жүйелендірілген тәсіл ендіріледі.

Сонымен қатар шығындар мен сенімділік теңгеріміне қол жеткізу негізінде жабдықтарды жөндеу мен ауыстыруды ұзақ мерзімді (кем дегенде 5 жыл) жоспарлау тәжірибесін ендіру көзделіп отыр. 2013 жылы ЖЭТ филиалдарында өндірістік активтерді басқару жүйесін ендіру жоспарлануда.


1.3. Электр энергиясын жеткізу желілерін жаңғырту

«ҰЭТ-ты жаңғырту. ІІ кезең» жобасын іске асыру шеңберінде жаңғыртудың І кезеңінде ауыстырылмаған жабдықтардың қалған көлемдерінен 10% трансформаторларды (автотрансформаторларды), 62% ажыратқыштарды, 43% айырғыштарды, 49% кернеу трансформаторларын, 61% ток трансформаторларын ауыстыру көзделіп отыр.

Тұтастай алғанда жаңа технологияларды қолдана отырып, қосалқы станциялардың жабдықтарын бұдан әрі ауыстыру қосалқы станциялардың жабдықтарын жөндеу мен техникалық қызмет көрсету шығыстарын азайту есебінен қосалқы станциялар жабдықтарын пайдалану шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік береді.

ӘЖ-нің ескіру үрдісін еңсеру мақсатында Компания оларды қайта құру жұмыстарының ауқымын арттыруды жоспарлайды, бұл шығындардың көлемін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Пайдалану мерзімі 40-45 жылдан астам уақытты құрайтын қолданыстағы электр жеткізу желілерін қайта құрған кезде ЭЖЖ тек жекелеген жабдығын (сым, тіректер, іргетастар және т.б.) ауыстыру мүмкіндігін ғана емес, сонымен қатар ескіргендерді бөлшектей отырып, жаңа ЭЖЖ салудың мақсатқа лайықтығын да қарастыру қажет.

«ҰЭТ-ты қалпына келтіру» жобасы шеңберінде сол трасса бойынша бөлшектенетін ӘЖ-ның орнына дәстүрлі орындалған ӘЖ салу (жекелеген учаскелер) және/немесе желі элементтерін ауыстыра отырып, ӘЖ-ны қайта құру көзделеді.
2. Компания бизнесін арттыру мүддесінде және Қазақстан Республикасы экономикасының қажеттіліктеріне сәйкес ҰЭТ-ты дамыту

ҰЭТ-тың талап етілетін өткізу қабілеті мақсатында электр энергиясын жеткізу желілерін салу

Еліміздің экономикасының тұрақты өркендеуін қамтамасыз ету үшін тұтастай алғанда электр энергетикасы саласын ілгерінді дамыту қажет. ҰЭТ дамытудың перспективалық схемасын айқындаған кездегі негізгі фактор қуат пен электр энергиясының болжамдалған теңгерімі болып табылады. Болжамдалған теңгерімге сай 2015 жылға дейін перспективада («Қазақстан Республикасы электр энергетикасы саласын дамытудың 2030 жылға дейінгі мастер-жоспары», «КазНИПИИТЭС «Энергия» АҚ, 2011ж.) 3,9 млрд. кВт*сағ. жуық электр энергиясын артық өндіруге қол жеткізіледі деп болжануда (1, 2-кестелерді қараңыз).




1-кесте – Қазақстан БЭЖ электр энергиясының болжамды теңгерімі

млрд.кВт*сағ.



 

2013

2015

2020

2025

Электр энергиясын тұтыну

93,3

100,9

116,0

129,9

Электр энергиясын өндіру

93,2

102,7

120,5

133,8

Тапшылық(-), артық (+)

-0,08

1,8

4,5

3,9


2-кесте – Қазақстан БЭЖ қуатының болжамды теңгерімі

МВт


 

2013

2015

2020

2025

Ең жоғары жүктеме

14700

15920

18530

20500

Өндіру

14620

16220

18930

21000

Тапшылық(-), артық (+)

-80

300

400

500

Осыған байланысты Компанияның ҰЭТ-ты дамыту бойынша басым жобалары қоржынына мынадай жобалар енгізілді:

1. «Кернеуі 500 кВ, 220 кВ желілері Қазақстан БЭЖ-не жалғанатын 500 кВ Алма ҚС-ны салу» жобасы Алматы қаласы мен Алматы өңірін электрмен жабдықтау сенімділігін, Балқаш АЭТ-тың бірінші кезегінің қуатын (1320 МВт) беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Іске асыру мерзімі – 2009-2014жж. Жоба құны 30 млрд.теңге.

2. «Қазақстанның Ұлттық электр торабын жаңғырту, ІІ кезең» жобасы Қазақстан БЭЖ сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және техникалық деңгейін арттыруға бағытталған. Іске асыру мерзімі - 2010-
2016 жылдар. Жоба құны – 52 млрд.теңге.

3. «Мойнақ ГЭС қуатын беру» жобасы аса жоғары режимдерде 300 МВт дейінгі мөлшерде Мойнақ ГЭС қуатын беруді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Іске асыру мерзімі - 2010-2012 жылдар. Жоба құны – 9,8 млрд.теңге.

4. «Балқаш ГЭС қуатын беру» жобасы Балқаш АЖТ қуатын (2640 МВт) беруді қамтамасыз ету үшін қажет. Іске асыру мерзімі - 2011-2020 жылдар. Жобаның құны – 31,3 млрд.теңге.

5. «220 кВ ОБТҚ-Осакаровка ӘЖ-ны қайта құру» жобасы Астана қаласының тұтынушыларын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға бағытталған. Іске асыру мерзімі - 2010-2014 жылдар. Жобаның құны – 4,0 млрд. теңге.

6. «500 кВ Қазақстан-Қырғызстан мемлекетаралық электр жеткізу желісін салу» жобасы Қырғызстан мен Қазақстан энергетикалық жүйелерін қосымша байланыстырып тұрады. Аталған жобаны іске асыру мәселесін қарау туралы Қырғызстан мен Қазақстанның Үкімет Басшыларының 2009 жылғы 1 желтоқсанда Астана қаласында өткен кездесуінде айтылған болатын. Жобаны іске асырған жағдайда Орталық Азия өңірінде қуат ағындарын бөлудің баламалы мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін жаңа энергетикалық сақина құрылуы мүмкін. Жоба Қазақстан үшін қосымша экспорттық және транзиттік мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді, Қазақстан мүддесінде су-энергетикалық мәселелерді оңтайландыруға мүмкіндік береді. Іске асыру мерзімі - 2013-2018 жылдар. Жобаның құны – 22,5 млрд.теңге.

7. «Павлодар энергетикалық торабының Қазақстан БЭЖ-мен байланысын күшейту» жобасы Павлодар қаласының тұтынушыларын электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету және қаланың электр станцияларынан Қазақстан БЭЖ-іне қуат беруді қамтамасыз ету мақсатында қажет. Іске асыру мерзімі - 2010-2016 жылдар. Жоба құны – 5,5 млрд. теңге.

8. «Батыс Қазақстанның энергетикалық жүйелерін Қазақстан БЭЖ-мен біріктіру» жобасы Қазақстан БЭЖ Батыс аймағының тұтынушыларын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді, жоспарланған Ақтау АЭС-інен қуат беруді қамтамасыз етеді, сонымен қатар Батыс аймақты республиканың аумағы бойынша Қазақстан БЭЖ-мен біріктіреді. Іске асыру мерзімі - 2013-2025жж (Қазақстанның батыс өңірінің жаңа өндіргіш қуаттарын ендіру мерзіміне байланысты). Жоба құны - 100,7 млрд.теңге.

9. «220 кВ Орал-Атырау және Құлсары-Теңіз желілерін салу» жобасы (625 км) Қазақстанның Батыс аймағының облыстары арасындағы электрлік байланыстарды күшейту үшін қажет. Іске асыру мерзімі - 2021-2025 жылдар. Жоба құны – 21,3 млрд.теңге.

10. «500кВ желілері Қазақстан БЭЖ-не жалғанатын 500кВ Алма ҚС-ны салу» жобасы (250 км) Астана қаласы мен Ақмола облысын электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету үшін қажет. Іске асыру мерзімі – 2021-2025 жылдар. Жоба құны – 23,7 млрд.теңге.

11. «500 кВ Нұра-Жезқазған желісін салу» жобасы (550 км) Жезғазған энергия торабын электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету үшін қажет. Іске асыру мерзімі - 2021-2025 жылдар. Жоба құны – 27,0 млрд.теңге.

12. «500кВ Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзитін салу» жобасы Шығыс өңірдің Қазақстан БЭЖ-мен байланысын күшейту, контрреттеуіш Бұлақ ГЭС-ті іске қосқан кезде Шүлбі ГЭС-тен толық қуат беруді қамтамасыз ету, Шығыс аймақты, Алматы өңірін электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру, Солтүстік-Оңтүстік транзитін күшейту үшін қажет. Іске асыру мерзімі - 2011-2018 жылдар. Жоба құны – 123,5 млрд.теңге.

13. «Торғай АЭТ қуатын беру» жобасы салынуы жоспарланып отырған Торғай АЭТ-тің базалық электр станциясынан қуат беруді қамтамасыз ету үшін қажет. Іске асыру мерзімі - 2021-2025 жылдар. Жоба құны – 12,8 млрд.теңге.

14. «ҰЭТ-ты қалпына келтіру» жобасы (2200 километр 220 кВ ӘЖ, 404,3 км 500 кВ ӘЖ) электр жеткізу желілерінің техникалық сипаттамаларын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Іске асыру мерзімі - 2013-2023 жылдар. Жоба құны - 84,8 млрд.теңге.

3. Компания қызметінің тиімділігін арттыру

3.1. Инновацияларды дамыту және ендіру

Инновациялық-технологиялық даму ұзақ мерзімді перспективада кез келген компанияның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі фактогрларының бірі болып табылады, себебі олар көрсеткен қызметтердің тиімділігі мен сенімділігін арттыруды қамтамасыз етеді.

2011 жылы «KEGOC» АҚ Инновациялық-технологиялық стратегиясы әзірленді, соған сәйкес Компанияны инновациялық-технологиялық дамыту үш негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:


  • инновацияларды басқару жүйесін дамыту. Ғаламдық экономикада бәсекеге қабілетті инновациялық Компанияны құру үшін Компания тұрақты жақсару мәдениетін дамытуды, қызметкерлердің құзыреттері мен инновациялық қызметке мүдделілігін тұрақты арттыруды, сонымен қатар идеяларды, білімдер мен құзыреттерді басқару жүйелерін дамытуды мақсат етіп қойып отыр;

  • технологиялық инновацияларды ендіру және R&D дамыту. Компания өз қызметінде сенімділік пен тиімділікті арттыруға блағытталған озық технологиялық шешімдерді қолданатын болады. Сонымен қатар, Компания Қазақстан Республикасында зияткерлік энергетиканы дамытуға, соның ішінде отандық ғылымды қатыстыру басымдылығы есебінен қатысатын болады;

  • басқарушылық инновацияларды ендіру. Компания басқарудың озық әдістерін ендіру есебінен өз қызметінің тиімділігін арттыруды мақсат етіп қойып отыр. Компанияда ендірілетін негізгі басқарушылық инновация дегеніміз бұл әлемдік көшбасшылар деңгейінде өндірістік активтерді басқару жүйесі болып табылады.


3.2. Өндірістік қызметтің тиімділігін арттыру

Өндірістік қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында Компания:



  • өтпелі режимдерді мониторингтеу жүйесін ендіруді;

  • электр жеткізу желілерін мониторингтеу, диагностикалау және пайдалану тиімділігін арттыру жүйесін ендіруді;

  • қолданыстағы SCADA/EMS жүйесін жаңғырту;

  • айнымалы токты жеткізудің икемді жүйесін қолдану (FACTS);

  • МЭК 61850 хаттамаларын қолдана отырып, қазіргі заманғы біріктірілген бағдарламалық-аппараттық кешендері базасында сандық қосалқы станцияларды орнатуды;

  • Желінің жұмыс режимін мониторингтеу, жоспарлау, моделдеу және оңтайландыру үшін бағдарламалық қамтамасыз ету орнатды жоспарлап отыр.

Компанияның мақсаты басқарудың озық тәсілдерін ендіру есебінен өз қызметінің тиімділігін арттыру болып табылады. Компанияда ендірілетін негізгі басқарушылық инновация дегеніміз бұл өндірістік активтерді басқару жүйесі болып табылады, оның негізгі мақсаты жабдықтарды жөндеу мен ауыстыру жөніндегі орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағдарламалар құру арқылы ҰЭТ жұмысының сенімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Аталған жүйенің негізгі қағидаты - жабдықтың нақты жай-күйі мен оның сынып қалу тәукелдерін бағалау негізінде жабдықтарды жөндеу мен ауыстыруды қалыпты жоспарлау. Аталған жобаны іске асыру және ендіру Компанияға сенімділік пен қауіпсіздік жөніндегі талаптарды сақтаған кезде операциялық және инвестициялық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Активтерді басқару үдерісін ендіру Компанияныэлектр желілік когмпаниялар арасында әлемдік көшбасшыларға жақындата түседі.

Сонымен қатар, «KEGOC» АҚ иелігінде қазіргі уақытта ұзындығы шамамен 100 км ВОЛС-желілері бар. Оларды алдағы уақытта, сонымен қатар коммуникациялар мен басқару жүйелерін дамыту үшін одан әрі кеңейту жоспарлануда. Бұл оптикалық талшықты желілерді энергетикалық жүйенің басқа қатысушылары Қазақстан Республикасында зияткерлік энергетикалық жүйені дамыту кезінде олардың арасындағы екі жақты байланысты қамтамасыз ету үшін қолдануы мүмкін. Сонымен қатар, Компания ұялық байланыс операторларына, интернет провайдерлерге және басқа да ұйымдарға деректер беру жөнінде қызмет көрсетуді жоспарлайды. Инновацияларды басқару үшін бағдарламамен қамтамасыз етуді ілгерілету жөніндегі қызметтерді, сонымен қатар ВОЛС-желілерді басқаруды «Энергоинформ» АҚ еншілес бағынысты компаниясы жүзеге асырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет