Харли Квинн мен Құртқа «Барсакелмес» аралына кіре беріс есікке келеді. Джокер шығып кетеді. Харли Квинн: «Барсалкелмес» аралына кіретін есікке де келіп жеттік.
Құртқа: Не деген ғажайып есік. Рахмет саған Харли Квинн. Сен нағыз дос екенсің.
Харли Квинн: Құртқа жүрегің таза, нағыз құрбысың ғой. Сені қатты сыйлаймын.. Алайда ойын осымен аяқталды.
Құртқа: Қайдағы ойын?! Не айтып тұрсың?
Харли Квинн: Кешір Құртқа.
Құртқа: Не үшін? Түсінсем бұйырмасын.
Қолына құпия шар салынған қобдишаны ұстаған Джокер мен аблар сахнаға байлаулы Алпамысты, Таусоғарды, Желаяқты, Саққұлақты алып шығады.
Құртқа: Алпамыс.
Алпамыс:Құртқа мына жерге не үшін келдің?
Құртқа:Сендерге көмектескім келді.
Джокер: Құртқа. Құртқа. Міне енді нағыз құтқаратын уақыт келді.
Құртқа /Қынабынан қылышын сурып алып/:Сені өлтіремін.
Джокер: Сенің орныңда болсам, артық қадам жасамас едім.
Харли Квинн Алпамыстың тамағына қылышты тақайды. Джокер: Бір сәтсіз қадам олардың жанын аспанға ұшырып жібереді. Байқа Құртқа байқа.
Құртқа: Харли Квинн сатқын, опасыз екенсің.
Харли Квинн: Кешір. Мен Пудингді жақсы көремін.
Джокер: Құртқа саған қояр ұсынысымыз бар. Сен ғана мына есікті ашатын құпия сөзді білесің. Сол сөзді айтып есікті ашып бересің. Біз мына ақымақтарды саған береміз. Егер орындамасаң бір-бірден өлтіре береміз.
Алпамыс: Құртқа есікті ашушы болма. Біз санаулы ғана жалқы адамбыз. Егер есікті ашар болсаң сан мыңдаған балалардың обалына қаласың.
Бәрі:
Құртқа есікті ашушы болма.
Бізді уайымдама.
Құртқа олай жасаушы болма.
Құртқа: Кешіріңдер мені достарым. Олай жасай алмаймын. Мына есікті ашып берем. Сендердің тірі жүргендерің, амандықтарың керек /Құртқа түсініксіз сөздерді оқи бастайды/.Кура кабери... Сенури тага... Курасана табуки.... Аржани акура... тарасан... табу...
Құртқа оқыған сайын аспаннан найзағай ойнап, есік ақырын ашыла бастайды.