Саңырауқұлақтармен улану
Улану – жеуге жарамсыз және жеуге жарамды, бірақ дұрыс кулинарлық өңдеуден өтпеген, қауіпті экологиялық жерден жиналған саңырауқұлақтарды қолданғанда кездеседі.
Клиникалық белгілері:
Саңырауқұлақтың түріне байланысты ауру жедел гастроэнтеритпен басталады, кейін психикалық бұзылыстар қосылады – делирий, сандырақ, мүшелердің және жүйелердің зақымдану белгілері байқалады.
Поганкамен және дурыс өнделмеген сыроежка, шампиньонмен улануда аса ауыр интоксикация мен полиоргандық жетіспеушілік болады. Асқазан-ішек трактісін зақымдайды, орталық нерв жүйесін, бауыр, бүйрек, жүрек ДВС синдромы дамиды. Улану белгілері: жүрек айну, тоқтаусыз құсу, бүкіл ішке таралған ауырсыну, холера тәрізді қан аралас нәжіс, делирий, естудің төмендеуі, кейін токсикалық гепатопатияның белгілері байқалады (бауырдың ұлғаюы, сарғаюы), нефропатия (олигурия), ДВС – синдромы (геморрагиялық диатез, қанаққыштық), бауыр, сусыздану болады, қанның электролиттік құрамы бұзылады, бұлар анурия, коллапс, сол жақ жүректе жетіспеушілігімен жалғасады.
Мухомормен уланғанда нерв жүйесі зақымданады: мастық жағдай, сандырақ, елес, тырысулар, тыныс алудың бұзылуы.
Жедел жәрдем: Саңырауқұлақтармен уланған науқастарды дереу аурухананың токсикологиялық немесе реанимациялық бөлімшесіне жеткізу керек.
Ауруханада:
Асқазанды жуу, тұзды іш айдайтын ерітінділер, белсендірілген көмір.
к/к 5% глюкоза ерітіндісі, реополиглюкин, полиглюкин.
Естен тануда инфузия ретінде 4% натрий гидрокарбонат ерітіндісін қолдану.
Мухомормен улануда көк тамырға антидот енгізу: 1-2 мл – 0,1% атропин сульфат ерітіндісін.
Бұлшық етке 10 мл -5% унитиол ерітіндісін, 2 мл – 0,5% липой қышқыл ерітіндісін, 90 -180 мг преднизолон ерітіндісін енгізу, тері астына 1 мл- 30% витамин «Е» ерітіндісін енгізу.
Достарыңызбен бөлісу: |