Дәрілік препарттармен улану
Ең қауіпті улануларды кардиотоксикалық (антиаритмиялық препараттар, жүрек гликозидтері) және психотроптық улар (ұйықтататын заттар, нейролептиктер, транквилизаторлар, наркотиктер) шақырады.
Клиникалық белгілері:
Кадиотоксикалық улар жүрек ырғағының әртүрлі бұзылыстарын және жүрек жұмысын бұзады. Тез жедел жүрек жетіспеушілігіне алып келеді, аритмогендік шок немесе кенеттен жүректің тоқтауы болады. Психотроптық улар орталық нерв жүйесінің тежелуін тудырады. Ұйықтататын заттармен уланғанда клиникасында: ес-түсінің бұзылуы, тыныстық және қан айналымының бұзылуы және трофикалық өзгерістер, бүйрек функциясы бұзылады.
Наркотикалық заттармен уланғанда бас-ми қабығының қозғалысы тежеледі, тыныс алу және жөтелдік, қусу орталықтары бұзылады, қыдырма нерв талшықтарының қозуы байқалады. Бронхтардың тегіс бұлшық еті және қуықтың сфинктерінің тонустары жоғарлайды.
Жедел жәрдем:
Уланған уақытына қарамастан асқазанды жуу.
Іш айдайтын тұзды ерітінділер (магний сульфаты, натрий сульфаты, карловар тұзы, немесе ас тұзы; 10 гр тұз -100 гр суға ).
Оксигенотерапия жүргізу, керек болса жасанды өкпе вентиляциясы.
Жүрек ырғағының бұзылыстарын түзеу.
Антидоттар қолдану.
Симптоматикалық терапия жүргізу.
Көмір қышқыл газымен улану
Көмір қышқыл газымен улану көбінесе гаражда болады, пешлі дұрыс қолданбағанда, газдың кетуі, пәтерлерде авариялық немесе өртте газопроводтың зақымдануынан. Көмір қышқыл газдың иісі, түсі болмайды, шырышты қабаттарды тітіркендірмейді.
Ағзада көмір қышқыл газы тұрақты қосынды жасайды, екі валентті темір гемоглобинмен – карбоксигемоглобин, ал бұл оттегін тасымалдай алмайды, кейін гемикалық гипоксияға алып келеді.
Клиникалық белгілері:
Жеңіл улануда науқаста бас айналу, жүрек айну, құсу, құлақта шу, бас ауру, төс артында ауырсыну болады. Елес болуы мүмкін, кейін есі кіреді-шығады, жоғалуы да мүмкін, тахикария, артериялық гипертензия, тырысулар байқалады. Көзге көрінетін шырышты қабаттардың ашық-қызғылт түске боялуы көрінеді.
Ауыр түрде улануда науқас ес-түссіз, тырысулар болады, менингеальды симптомдар, орталық генездің қалтырауы, тахикардия, жүрек ритмінің бұзылысы, тихипноэ, Чейн-Сток тынысы.
Дереу уланғанда (жиі өрт кезінде) науқас кенеттен ес түсін жоғалтып, құлап, тырысулар басталады. Клиникасы субарахноидалды қан құйылуға ұқсайды. Тынысы тез тоқтап, 35 минуттан кейін жүрегі тоқтайды, терісі қызғылт түсті болады, өрт кезінде жиі жоғары тыныс алу жолдарының күйігі байқалады, зардап шегушіде механикалық асфексия болуы мүмкін.
Жедел жәрдем:
Ауруханаға көрсеткіш гипербариялық оксигенация бөлімшесіне. Оған дейін:
Зардап шегушіні қауіпті ошақтан шығару.
Оттегі инголяциясын жүргізу.
5-10 мл -5% унитиол ерітіндісін 3060 мл – 30% тиосульфат ерітіндісін енгізу.
5 – 10% глюкоза ерітіндісін, В,Стобындағы витаминдер глюкокортикоидтар (90- 120 мг преднизолон), 10 мл – 2,4% эуфиллин ерітіндісін көк тамырға инфуздф терапия жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |