Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы


-бап. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттiк органдардың негiзгi мiндеттерi



бет3/28
Дата05.06.2022
өлшемі76.08 Kb.
#458978
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
4-бап. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттiк органдардың негiзгi мiндеттерi
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттiк органдардың негiзгi мiндеттерi:
1) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат iс-әрекеттердiң алдын алып, олардың жасалуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтау және жою;
2) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету;
3) өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандарды әлеуметтiк оңалту;
4) кәмелетке толмағандардың заңға мойынсұнушылық мiнез-құлқын қалыптастыру;
5) кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат iс-әрекеттер жасауға тарту фактiлерiн анықтап, жолын кесу;
6) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу жөнiндегi заңды тұлғалардың қызметiн үйлестiру болып табылады.
Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.10 № 176-IV Заңымен.


5-бап. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттiк реттеу
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттiк реттеудi Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкiметi, орталық атқарушы органдар, сондай-ақ жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар жүзеге асырады.
Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


6-бап. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалу профилактикасының жүйесi
1. Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу жүйесiне iшкi iстер, білім беру, денсаулық сақтау органдары, халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды үйлестiретiн мемлекеттік орган, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, кәмелетке толмағандардың iстерi және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар және өз құзыретi шегiнде өзге де мемлекеттік органдар кiредi.
2. Iшкi iстер, білім беру, денсаулық сақтау органдарында және жергiлiктi атқарушы органдарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жөніндегі жекелеген функцияларды жүзеге асыратын мекемелер құрылуы мүмкiн.
3. Өзге ұйымдар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар, қадағалаусыз және панасыз қалу жағдайының профилактикасына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қатысады.
Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілдi - ҚР 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

2-тарау. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттік органдар мен мекемелердің функциялары және өкілеттіктері




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет