Абсолют қара дене — өзіне түскен сәуле ағынын оның спектрлік құрамы мен температурасына қарамай толық жұтатын дене. Абсолют қара дененің сәуле жұтқыштық коэффициенті 1-ге тең. Ал сәуле шығарғыштық қабілеті, оның температурасы мен толқын жиілігіне байланысты анықталады. Табиғатта өзіне түскен сәуле ағынын түгелдей жұтатын (спектрлік құрамына қарамай) дене кездеспейді. Өзінің оптикалық қасиеті жағынан Абсолют қара денеге тым жақындайтындар қара күйе, қара барқыт және қарайтылған платина болып есептеледі.
Абсолют қара дененің сәулеленуінің спектрлік заңдылықтарын алғаш рет теориялық түрде дұрыс негіздеген Макс Планк. Ол үшін оған кванттық гипотезаны енгізуге тура келді.
Бұл — Стефан-Больцман заңы. Мұнда σ = 5,67 • 10-8Вт/м2К4 – Стефан-Больцман тұрақтысы деп аталады. Өрнегінен абсолют қара дененің интегралдық энергетикалық жарқырауы тек температураға тәуелді екеінін көреміз.
7 жұмыс.
Фотометрия жарық көздерін және жарық интенсивтігін өлшеу мәселелерімен шұғылданатын оптика бөлімі. Фотометрияда энергетикалық шамалар және жарық шамалары қарастырылады.
Фотометриядағы энергетикалық шамалар – оптикалық сәулеленудің энергетикалық параметрлерін сипаттайды. Мұнда сәулеленудің ерекшеліктері мен қабылдағыштарға әсері ескерілмейді.
Жарық күші — белгілі бір бағытта көрінетін сәуле көзінің жарқырауын сипаттайтын жарық шамаларының бірі. Ол — жарық көзінен элементар денелік бұрыштың ішімен тарайтын жарық ағынының сол денелік бұрышқа қатынасына тең.Жарық күшінің бірліктердің халықаралық жүйесіндегі өлшеу бірлігі: кандела (кд). “Жарық күші” ұғымы жарық көзінің қашықтығы оның мөлшерімен салыстырғанда өте үлкен болған жағдайда қолданылады.
Жарық көздері –жарық шығаратын денелер. Оларды екі топқа бөлуге болады. Дербес жарық көздері және шағылған жарық көздері. Дербес жарық көздерін жылулық, люминесценциялық және плазмалық болып 3 топқа бөлінеді. Әлемдік кеңістіктегі жарықты да, жылуды да өздері шығаратын денелердің мысалдарына Күн мен жұлдыздарды алуға болады. Жарықтың люминесценциялық көздеріне мысалдар. Люминесценттік шамдар, теледидар, тамырдың шіріндері, жарық қоңыздары, радиоактивті заттар. Плазмалық жарық көздеріне өздері арқылы электр тогын өткізе алатын газдар жатады.
8 жұмыс.
Лазер лазер, оптикалық кванттық генератор — толтыру (жарық, электр, жылу, химиялық және т.б.) энергиясын когерентті, монохроматты, поляризацияланған және тар бағытталған сәулелену ағынының энергиясына түрлендіруші аспап.
Дифракция (лат. Dіfractus – сындырылған) – механикалық, дыбыс және жарық толқындарының өздерінің толқын ұзындығымен шамалас тосқауылды орап өтуі, сондай-ақ сұйықтық пен газ молекулаларының немесе кристалл, сұйықтық, т.б. микробөлшектерінің электрондар, нейтрондар.
Достарыңызбен бөлісу: |