10-жаттығу. Оң жақтағы бағанда берілген септеулік шылауларды жатыс септікке қой. Оларды пайдаланып, сөйлемдерді толықтыр.
Автобус стадионның ... тоқтады. асты...
Ауылдың ... құс фермасы бар. жаны...
Оқушы тақтаның ... тұр. алды...
Мектептің ... биік ағаштар өседі. сырты...
Шкафтың ... доп жатыр. үсті...
Үйдің ... көп кісі жиналған. іші...
Айжан Саматтың ... отыр. арты...
Үстелдің ... әдемі гүлдер тұр. қасы...
11-жаттығу. Берілген сөздерге сұрақ қойып, төмендегі кестені толтыр.
Мақтадан, таудан, сөздіктен, аспаннан, күзден, үйректен, аспаздан, бүгіннен, түлкіден, мұғалімнен, Ертістен, дүйсенбіден, Әсеттен, қаладан, анадан, сағат бестен.
Кімнен?
|
Неден?
|
Қайдан?
|
Қашаннан?
|
|
|
|
|
12-жаттығу. Оң жақ бағандағы сөздерді пайдаланып берілген сұрақтарға жауап бер.
Ауылға немен баруға болады? балта...
Мұғалім кіммен сөйлесті? пойыз...
Отынды немен жарады? күрек...
Нанды немен кеседі? автобус...
Самат киноға кімдермен барды? ата-аналар...
Айгүл Астанаға немен келді? Ораз...
Жерді немен қазады? пышақ...
Ернар кіммен бір партада отырады? достары...
13-жаттығу. Жақшадағы сөздерді қазақ тіліне аударып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
1. Егіншілер астықты (комбайном) жинайды. 2. Қағазға (ручкой), тақтаға (мелом) жазады. 3. Біз Алматыға (на самолете) бардық. 4. Вокзалға дейін (на троллейбусе) жетуге болады. 5. Ол (с Газизом) бірге сабақ оқып отыр. 6. Сәния кілемді (пылесосом) тазалады. 7. Тамақ ішер алдында қолыңды (с мылом) жу.
Достарыңызбен бөлісу: |