188
Конвенция Контекстегі бұқаралық стандарт пен норма,
сондай-ақ, конвенция өзін ұстау ережесінің қызметін атқарады.
Глоссарий
Конвергенция Сандық коммуникацияны құруға бағытталған ПК-дан ұялы телефонға дейінгі көлемді спектрге қолжетімді, дауыс, дыбыс, бейне және мәтін іспетті ақпараттың әр түрінің жаңалану жүйесі.
Контекст Бұқаралық ақпарат құралдары мәтіні арқылы іске асып, оның түрленуіне жол ашатын фактілер мен жағдаяттар жиынтығы.
Контекстік сараптама Бұқаралық ақпарат құралдары мәтініндегі ситуациялық
контесксті талдауды, сараптауды үйретуге бағытталған педагогикалық әдіс.
Сыни ой Ақпаратты тек қабылдау қабілеті ғана емес, сонымен қатар,
ақпаратты меңгеру, сараптау әдісі.
Мәдениет Ұжымдық, танымдық құндылықтарды айқындайтын нанымдар мен көзқа- растардың символдық жүйесі, қабылдау мен мінез-құлықты қалыптастыру – дерексіз «ақыл-ой» коды. Ол сондай-ақ, адам- ның әлеуметтік ойлау қабілетіне байланысты білім мен наным- дардың, мінез-құлықтың біртұтас үлгісін көрсетеді.
Маркетинг Компаниялардың белгілі бір тауарлар мен қызметтерге байланысты тұты- нушының қызығушылығын тудыратын процесс.
Маркетинг сату, бизнес-коммуникация және бизнесті дамыту стратегияла- рын қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: